АРАЛ АПАТЫНА СЕБЕП БОЛҒАН ФАКТОРЛАР




Презентация қосу
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАСЫ
АРАЛ ТЕҢІЗІ ТАРИХЫ
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21
млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған
теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе
тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір
сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың,киттің омыртқа
сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел
болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын
көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі
табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий
ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал
бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен
тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік
дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су
айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің
көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние
әдебиеттерінде де кездеседі
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ
КАРТАСЫ
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ
БҰРЫНҒЫСЫ
Аралтеңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл
белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.
Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³,
тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған.
Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы
қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына
50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір
мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің
тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген
тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17
балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2
балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІСІ

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар
нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның
фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырықтың
тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру
шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға
алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы
төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың
мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды
шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына
жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.
Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-
70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын
тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің
табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз
антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
АРАЛ АПАТЫНА СЕБЕП
БОЛҒАН ФАКТОРЛАР
жергіліктіжердің тарихи-табиғи
ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау,
судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта
дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын
сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген
қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми
тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
АРАЛДЫҢ БҰРЫНҒЫСЫ МЕН
ҚАЗІРГІСІ
АЛАЛДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ДАҒДАРЫСЫ
Аралэкологиялық дағдарысы — адам қарекетінің
әсерімен болған экологиялық дағдарыстың
неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық
жүйесінің құлдырауы.Соңғы ондаған жылдар
бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер
аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су
тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты
түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария
мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960
жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7
км3-ге дейін) сарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53
метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін және 1992 ж.
37,2 метрге дейін төмендеді.
Арал жері қоқыска
толды
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ
ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШУ
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім –
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия
елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент
қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26
наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері
жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі
және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды,
аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз
етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп
аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев,
Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш.
Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.
Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды
Арал теңізі

Аралтеңізін сақтап қалуда немесе
құртып жіберуде өз қолымызда
СОНДЫҚТАН ойланайық!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экологиялық қолайcыз аймақтарындағы тұрғындардың денсаулығы
Арал проблемасы
Қазақстанның экологиялық апаты
Семей ядролық полигоны ауданында
Қазақстанның экологиялық қолайыз аймақтрындағы тұрғындарының денсаулығы
Интуиция жайлы
Кеңестік қоғамның саяси әлеуметтік экономикалық дағдарысы
Қайта құру бағытының қарама - қайшылығы
Арал теңізі жайлы
Құятын өзендер
Пәндер