Тарихы тұнған туған өлкем


Slide 1

“Тарихы тұнған туған өлкем”

Орындаған: География пәні мұғалімі Жанұзақ Ф. Қ

Slide 2

Жұмыстың өзектілігі:

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»., - деп атап көрсеткен болатын. Мен өз туған өлкем Қазалы ауданындағы осындай тарихи-мәдени ескерткіш туралы шағын зерттеу жүргізген болатынмын.

Slide 3

Жобаның негізгі мақсаты:

Оқушылардың тарих туралы білімдерін көтеру.

- Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Жобаның міндеттері:

Ауыл тарихын зерттеу

Өз жерінің тарихын жетік білу

Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қоу

Мәселе: ауылының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.

Зерттелетін объект: аулымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің шығу тарихын анықтап, зерттеп зерделеу.

Slide 4

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Кәукей ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан жергілікті жұрт Сараман-Қоса деп атайтын саз кесектен соғылып, сырты күйдірілген сарғыш түсті кірпішпен қапталған мұнара бар. Оған көне дәуірдің көрнекті тарихи-мәдени сәулет ескерткіші ретінде республикалық дәрежеде қорғауға алынып, мемлекет тарапынан жаңғырту-сақтау шаралары жасалып келеді.

Slide 5

Сараман-Қос мұнарасы XI ғасырда салынған.

Мұнара құрылысы жоғарыға қарай сүйірлене соғылған. Шикі кірпішпен өріліп, күйдірілген кірпішпен қапталған, төменгі жағының диаметрі 12 м, биіктігі 15 м, іргетасының қалыңдығы 1, 6 м. Мұнара 3 қабатты. 1, 2-қабаттары күмбезделіп бітеді. 1-қабатында төртбұрышты терезесі, 3-қабатында солт. және оңт. жағында 2 терезесі бар.

1982 ж. Сараман-Қос мұнарасы Қазақ КСР-нің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.

1984 ж. қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Slide 6

Ескертікш республикалық дәрежеде қорғауға алынып, мемлекет тарапынан қорғауға алынған десек те, оның атауының қандай мағына беретіндігі, тарихи-деректік желісі жөнінде нақты тұжырымдар көбіне-көп айтылмайды.

Зерттеушілер тек жергілікті кісілердің «солай болуы мүмкін» деген болжамдарына ғана жүгінуде. Оның да бірнеше нұсқасы бар, «Сараман-Қоса» - Сараман атты жігіт пен Қоса деген қызға, яғни ғашықтарға соғылған белгі мұнара; «Сары-Аман-Қоса» есімді ағайынды үш жігіттің тұрғызған мұнарасы; «Сарман қожа» «Сарман Көсе» т. б. осылай кете береді.

Жалпы, мұнара тұрғызудағы мақсат барынша алысқа мәлімет беру немесе мәлімет алу (мешіттегі мұнараларда халыққа намаз уақыты кіргенінен белгі беріп - азан айту; күзет мұнараларында тұтқиылдан жау шапқанда от жағып, түтіндетіп белгі беру; жаугершілік кезеңдерде қарауыл қарау, теңіз жағалауларында шам арқылы кемелерге бағыт-бағдар нұсқау сияқты) .

Бұл тарихи мұнараның жоғарыда аталып жүрген болжам-атаулары қате болуы ықтимал.

Slide 7

Тарихи-әдеби сөздердің ауыздан-ауызға айтыла келе өзгерістерге түсіп отыруы уақыт ықпалы.

Алаштың анасы атанған Сыр еліндегі: Сараман-Қоса (Сары мен Қосай), Бегім-Ана, Орақ батыр, Ұзынтам секілді мұнаралар, Сырлытам (Бәміш-Байрақ кесенесі), Көккесене (Гүлбаршын бейіті), Бұланды (Қобыланды яки Оғыланды), Бәбіш-Мола (Бәміш-Мола), Асанас кесенелері сияқты сәулет ескерткіштерінің қазақ елінің тіпті, Орта Азия халықтарының тарихынан ойып тұрып алар орны бар. Дамудың даңғыл жолына түссек-дағы өнегелі өткенімізге мән беретін, келелі келешегіміз үшін қажет кезде жан беретін арда туған азамат болу міндет.

Slide 8

ҚОРЫТЫНДЫ: Осындай шежірелі ескерткіштерімізді зерделеп, көз қарашығындай сақтау - шыбын жанын шүберекке түйіп, қараниет жауларына қасқая ұмтылған, атақоныс жері мен ұрпағы үшін қанын төккен ата-бабалар алдындағы бүгінгі буын мен келер ұрпақтың парасатты парызы.


Ұқсас жұмыстар
Ақыл сөзі санамда
Атамекен - алтын бесік
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум
Менің туған өлкем – сүйікті Ташкентім
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
"О, Маңғыстау, киелі өлкем, маң далам!"
Туған жеріңе сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе алмайсын
Менің отаным - Қазақстан (эссе)
Менің туған өлкем
ҰЛЫТАУ ҰЛАҒАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz