Берке хан Өзбек хан




Презентация қосу
Алтын Орда дәуіріндегі
ислам дінінің таралуы
№ 10 С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы орта мектеп оқушысы
Исақұл Аружан Қайратқызы
Ислам дінінің қабылдануының
алғышарттары

Алтын Орданың негізін салушы
Бату хан(1242-1256) өз билігі
кезінде, Жошы Ұлысын Шыңғыс
ханның Яса заңдарына сәйкес
басқарды. Сондықтан, ол өз
ұлысындағы барлық діндерге
ерік беріп, олардың кеңінен
таралуына мүмкіндік жасады.
Жошы Ұлысында Ислам діні бұл әлемдік және жергілікті сенімдердің
арасынан суырылып шығып, үстемдікке ие болды және мемлекеттік
деңгейге дейін көтеріле алды. Бұл дінінің аз уақыттың мұндай ықпалды
күшке айналуына бірнеше факторлар әсер етті.
• Бірінші фактор – Алтын Орда пайда болған аумақта, Ислам діні бұрыннан қалыптасқан екі
өңір – Хорезм мен Бұлғария болды. Бірі Жошы Ұлысының қиыр түстігінде, ал бірі қиыр
теріскейінде орналасқан бұл аймақтар, өздерінің айналасындағы көшпелі тайпаларға діни
және мәдени тұрғыдан қуатты түрде ықпал ете бастайды.
• Екінші фактор – сопылық пен ханафи мәзһабы. Қаншама ғасыр бойы Исламды
қабылдамай келген Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпалары, сопылардың еңбегінің
нәтижесінде, айналдырған жарты ғасыр ішінде, мұсылмандықты қабылдап шыға келді.
• Үшінші фактор- Мұсылман дінбасылары мен саудагерлері әрқашан, қай ханның тұсында
болмасын, олардың орталықтандыру саясатын қолдап отырды.
• Төртінші фактор-Сол кезде сыртқы саясатта болып жатқан оқиғалар да, Алтын Орданың
Ислам елдерімен достасып, Христиандықты ұстанатын елдермен соғысуға итермеледі. Бұл
да өз кезегінде Жошы Ұлысын мекендейтін халықтардың Исламға деген жылы ойдың
қалыптасуына себеп болғанын және Ислам елдерімен мәдени және рухани қарым-
қатынастың жандануына негіз болғаны анық.
Алтын Орда дәуіріндегі ислам дінінің
таралуына негіз болған хандар

Берке хан Өзбек хан
Алтын Орданың айбарлы билеушісі
Берке хан тұсындағы ислам діні
Берке ханның мұсылмандық саясаты тез арада өз нәтижесін көрсете
бастады. Жошы Ұлысындағы қалаларда мешіттер мен медреселер салынып,
олардың бейнесі Ортаазиялық стильдегі мұсылмандық қалаларға айнала
бастады. Беркенің жақын туыстары мен оны қолдаушы ақсүйектер және
жеке әскері түгелдей дерлік мұсылмандыққа өтті. Өзінің ұстазы сопы
Бохарзиге және басқа да сопыларға, бүкіл Жошы Ұлысының аумағында, дін
уағыздауға еркіндік беріп, олардың қауіпсіздігін өз мойнына алды. Сөйтіп,
Берке ханның хан тағына отыруы, Алтын Ордадағы Исламның тез арада
таралуына ықпал еткен негізгі факторлардың біріне айналды.
Берке хан тұсындағы ислам дінінің
сыртқы саясатқа әсері
Исламдық бағытты ұстанған ол, 1260-61 жылдары Хулагу мен соғысып
жатқан Мәмлүк сұлтаны Бейбарысқа елші жіберіп, онымен Хулагидтерге
және олардың одақтасы Византияға қарсы әскери одақ құрды. Сол жылы
үлкен әскермен Кавказға басып кіріп, Кура өзенінің маңында Хулагилердің
армиясын толықтай дерлік жойып жіберді. Бұл әрекет өз кезегінде
Хулагудың бүкіл күшін Египетке жұмылдыруына мүмкіндік бермей, оның
екі майданда соғысуына алып келді. Осылайша ол өзін халықаралық аренада
Ислам әлемін қорғаушы ретінде көрсете бастады.
Алтын Орданың билеушісі Өзбек хан
кезіндегі ислам діні
Хан тағына ие болған Өзбек хан Алтын Орданы түбірімен өзгерте бастады.
Бұл өзгерісті ол алдымен мемлекеттік басқару мен сот ісінде енгізді.
Мемлекетті ұлыстарға бөліп, оны мұрагерлікпен қалдыруға рұқсат берді.
Мемлекеттік мәселелерді алдыңғы хандар сияқты бүкіл әулеттік
құрылтайларда емес, өзі тағайындаған адамдардан тұратын Диван да қарай
бастайды. Сот істерінде де Яса заңдарымен емес, шариғат үкімдерімен
жүргізуге бұйрық берді. Шариғат заңдары бойынша елдегі сот ісі
жүргізілгендіктен, оның маңыздылығының артқаны сонша, Өзбек хан тіпті
Египет сұлтанына арнайы елші жіберіп, одан фикһ жайлы кітаптар жіберіуін
сұрайды. Осылайша Өзбек ханның тұсында Алтын Орда бюрократиялық
басқару жүйесі бар, нағыз мұсылман мемлекетіне айналды.
Өзбек хан тұсындағы ислам дінінің
сыртқы саясатқа әсері
Бұл кезде Исламның ықпалды дінге айналғаны соншалық, Өзбек хан ашық
түрде тәңіршілдік және шаманизм қалдықтарымен күресе бастады. Бұл
әрекетке себеп бір жағынан әлі мұсылмандықты мойындамайтын көшпелі
тайпаларға Ислам дінін қабылдату болса, екіншіден үнемі сепаратизмге
ұмтылыс жасайтын дала феодалдарының иек артар күшін жою болды.
Әрине, бұл әрекетке қарсы Ұлыстың түкпір-түкпірінде қуатты көтеріліс
басталғанымен, Өзбек хан оларды оңай әрі қысқа уақытта басып тастады.

Ұқсас жұмыстар
Жошы ханның баласы
Алтын Орда. 7 сынып
Жошы хан Берке хан Жәнібек хан
Ұлыстардың құрылуы
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Шығай хан
БИЛІК ЕТКЕН ЖЫЛДАР ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
Әбілхайыр ханның немересі
Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер
Хақназар хан
Пәндер