Азимут бойынша қоз ғалыс



Азимут бойынша қозғалыс
Орындаған:Айып Аружан
Тобы: 102 БҚ
Пән: Алғашқы әскери дайындық

Бағдарлау дегеніміз - көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Бұрыннан жақсы таныс жерде компас пен картаның көмегінсіз-ақ, ойланбастан, үйреншікті дағды бойынша жүре бересің? Ал бейтаныс жерде өзіңе қажетті бағытты тауып жүру оңай емес. Ол үшін алдымен түрлі әдістерді қолданып немесе картаны пайдалану арқылы бағдарлап алуға тура келеді.
Бейтаныс жерде бағдарлау үшін ең алдымен көкжиек тұстарын табу керек, содан кейін барып өзіңнің тұрған жеріңді анықтайсың. Көкжиектің түстарын күнге, Темірқазық жұлдызына және жергілікті белгілерге қарап анықтау тәсілдері сендерге белгілі (қалай анықтайтынын естеріңе түсіріңдер) . Дәл бағдарлау үшін компасты қалай пайдалануға болатынын білесіңдер. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал компастың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін компаспен азимутты өлшейді.

Азимут (арабша ас-сумут - жол) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0°-тан З60°-қа дейін есептелінеді.
Толық шеңбер 360°-тан тұрады. Соған сәйкес компастың циферблаты 360°-қа бөлінген (11-сурет) : 0° - сол-түстік, 90° - шығыс, 180° - оңтүстік, 270° - батыс бағытқа сәйкес келеді.
Карта бойынша немесе жер бетіндегі азимутты табу үшін компасты дәлдеп қойғаннан кейін алынған нүктеге қарай жүргізілген бағыт циферблаттың қай градусына тура келетінін байқаймыз. 12-суреттегі азимуттар: ағашқа қарай - 45°, төбеге қарай -135°, оқшау тұрған үйге қарай - 225°, электр бағанасына қарай - 315°.
Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылады. Мысалы, А=30°.

Азимут бойынша жол тауып жүру. Кдраңғы түнде, қалың түман, ақ түтек боранда, сондай-ақ орман ішінде немесе тұлдыры жоқ жазық жерде жол тауып жүру қашан да қиын. Мұндай жағдайда алдын ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды компаспен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Бұлай жол тауып жүруді азимут бойынша жүру дейді.
Азимут бойынша жүру үшін қажетті деректер (азимут пен қашық-тық) картадан алынады. Мұндағы алға қойылатын шарт - жергілікті жерде қажетті бағытты таба білу, компастың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтижесінде белгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісте жол жүруші бір бағдардан екінші бағдарға дейін жетіп отырады. Қажетті деректер қолдан сызып алынған жол сызба нұсқасына белгіленеді (13-сурет) . Есептеп жатпау үшін бағдарлардың метр есебімен көрсетілген ара қашықтығын қос қадам есебіне айналдырып алған жөн.
Жер бетін планға түсіру үшін тек қана заттардың бір-бірінен қай бағытта орналасқанын анықтау жеткіліксіз. Сонымен бірге олардың мөлшерін, бір-бірінен ара қашықтығын да білу керек.
Жер бетіндегі қашықтық таспамен, өлшеуіш ашамен және басқа түрлі құралдармен өлшенеді. Онша үлкен дәлдік қажет болмаған жағдайда қашықтықты қадаммен де анықтауға болады.
Жасына және бойына қарай адамдардың қадамының ұзындығы біркелкі болмайды. Сондықтан әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтап алуы керек. Ол үшін тегіс жерден 100 м қашықтық өлшеп алынады. Бұл қашықтықты қадамдап 3 рет жүріп өтіп, оның орташа мөлшері шығарылады.
Мысалға, 100 м жерді жүргенде бірінші рет 154, екінші рет 153, үшінші рет 155 қадам шықты дейік. 154+153+155=462 : 3=154 қадам. Бір қадамның орташа мөлшері 100 м : 154=0, 65 м.
Топсеруен кезінде, алыс жол жүргенде сан көбейіп кетпеу үшін қашықтықты қос қадаммен санау қолайлы. Қадамдау сол аяқтан басталады да, есеп оң аяққа келіп отырады. Біраз жаттыққанға дейін сол аяққа «және» деген сөз сәйкес келіп отырады. Мысалы, «және бір, және екі, және үш, т. с. с».
Кейде қашықтықты барып жатпай-ақ көз мөлшермен анықтау қажеттігі туып қалады. Ол үшін мына кестедегі белгілерді пайдалануға болады:
Жер бетіндегі затКөрінетін қашықтық
Жеке үй5 км
Үйдің терезесі4 км
Шатырдағы мұржа3 км
Жеке ағаш және жеке адам2 км
Терезе рамасының ағаштары500 м
Шатырдың тақтайлары200 м
Адамның көзі, мұрны,
саусақтары60-70 м
Көздің аласы20 м
Жер бетінде өлшенген кез келген қашықтық қағазға әлденеше есе кішірейтілген түрде түсірілетіндігі сендерге белгілі.
Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб (немісше мас -өлшеу, штаб - таяқ) деп аталады/ Масштабтың алымы әрқашанда 1-ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Мәселен, 1:10 000 десек, бұл - жер бетіндегі қашықтық 10 000 есе кішірейтіліп алынды деген сөз.
Бөлшек санмен көрсетілген масштаб сан масштаб деп аталады. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене береді. Мәселен, 1:10 000 масшта-бы 1:50 000 масштабқа қарағанда ірі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz