Көліктердің жуылуы мен дезинфекциялану сапасын анықтау
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы
№15 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық қызметтің жүктер
тасымалданған көліктер мен басқа да
қадағаланатын нысандардың жуылуы мен
дезинфекциялау сапасын анықтау.
• Сабақтың мақсаты: Бақылаудағы жүктерді
тасымалдаған көліктердің ветеринариялық-
санитариялық өңделу дәрежелерін анықтауды
үйрету, оларды өңдеу әдістерін меңгеру және
өңделген көліктерге куәлік берумен таныстыру.
• Керекті құрал-жабдықтар: индикатор
қағаздар, пульверизатор, сүзгіш қағаз,
пробиркалар, стерильденген физиологиялық
ерітіндлер, пипеткалар, дистенделген
су,трафарет,тампон, Петри табақшасы, қатты
коректік орта.
• Көліктердің жуылуы мен дезинфекциялану сапасын
анықтау.Залалсыздандырылған көліктердегі дезинфекциялаушы
заттардың қалдық мөлшерін анықтау. Дезинфекциялаушы
заттардың қалдық мөлшерінің сапалық бақылауын жетісіне 1-2 рет
ішінара өткізеді.
• Дезинфекция жүргізілгеннен кейінгі жуылу сапасын анықтау үшін
ылғанданған тексерілетін беткейге әмбебаб индикатор қағазының
жолағын төсейді.
• Анықталған pH 1-11 дейін, оны 5 % натрий тиосульфитінің судағы
ерітіндісімен ылғалдандырып алып бірден этанолды түрлі-түсті
шкаламен салыстырады. Дайын тексеру ретунде жууға
қолданылған судың рН-ын анықтайды, индикатор қағаздар
болмаған жағдайда алдын-ала дайындалған индикатор
сұйықтығын пайдаланады. Тексерілетін объект беткейіне
индикатор сұйықтығын пульверизатор көмегімен немесе осы
сұйықпен ылғалдандырылған сүзгіш қағаз жолағын салу арқылы
тигізеді. Индикатор қағазы немесе сұйықтығы рН мөлшеріне қарай
түсін төмендегідей түрде өзгертеді: -pH-2 болса - қызыл-күлгін
(красно-розовый); -рН-3 - ақшыл-қызыл (красно-оранжевый) рН-8 -
жасыл; -pH-9 көкшіл-жасыл; -рН-10 - күлгін (фиолетовый); -рН-11 -
көкөіл-күлгін (сине-фиолетовый).
• Тексеріліп отырған беткейде дезинфекциялаушы заттың ізі
болмаған жағдайда индикатор түсі бейтарап сарғыш-жасыл (рН-
7 мелшерінде), жууға қолданылған су рН-ына түзетуді
есептегенде.
• Жуылған көліктің тазалық сапасына микробиологиялық тексеру
жүргізу. Көлік жууға қолданылған су температурасы 60°С кем
емес, қысымы 2 атм. Төмен болмау керек. Бұл критерийлер
дұрыс болған жағдайда беткей тазалығын бағалайды: беткей
ағаш болса структурасы, түсі көрініп тұады, беткейден аққан су
тұнық, лайсыз болуы керек.
• Микробиологиялық тексеру негізінен I-категориялы жүктер
тасымалданган көліктердің тазалану және жуылу сапасын
анықтауға арналған.
• Әдістің принципі, ветеринариялық-санитариялық өңдеу
жүргізілгеннен кейін беткейдегі жалпы бактериологиялық
былғанудың дәрежесін қоректік орталарға себу жүргізу арқылы
анықтауға негізделген.
• Зерттеу жүргізуге дайындық. Әрбір зерттелетін сынамаға
(беткей жуындысы) стерильденген физиологиялық ерітіндіден 6-
8 пробиркаға 1 мл. -ден құйып дайындайды.
• 1-Тапсырма. Зерттеу реті. Вагоннан, кеме
трюмінен, ұшақтың жүк бөлімінен,механикалық
тазалаудан кейін, жуар алдында әр түрлі (төбе,
қабығы. еден) беткейлерден 5 сынама-жуынды
алынады. Сынама-жуындылар аумағы 10 х 10 см.
трафарет ішінен ылғалданған мақта-дәке тампонмен
мұқият сүртіліп алынады. Тампонды 10 минут бойына
10 мл стерильді физиологиялық ерітіндіде жуады.
Одан кейін, дайын болған жуындыдан стерильді
пипеткамен 1 мл алып 9 мл стерильді физиологиялық
ерітінді құйылған пробиркаға құяды. Мұқият,
араластырып, келесі пробиркаға (8, 7, 6 мл
физиологиялық ерітінді құйылған) сериялық
араластырулар жасайды, әрбір араластыру жеке
стерильді пипеткамен жүргізіледі.
• Суспензияны қоректік оталарға беткейлік немесе қалы
қабаттық әдіспен себу жүргізіледі.
• 2-Тапсырма. Беткейлік әдіс
(поверхностный способ). Қатты қоректік
орталардың беткейіне соңғы екі
араластырудан стерильді пипеткамен
0,5 мл суспензия алып бір қалыпты
жаймалайды, әр араластырудан
параллельді етіп екіден себу
жүргізіледі. Сеуіп болған соң, Петри
табақшаларын қақпағын төмен қаратып
термостатқа 37 °С 24 сағатқа
орналастырады.
• 3-Тапсырма. Қалың қабаттық әдіс (глубинный
способ). Петри табақшасына әр езіндіден 1 мл-ден
алып құйып, үстіне 10-15 мл балқытылған және 45°С-
ге дейін салқындатылған қоректік агар құйып,
мұқият араластырады. Себу инкубациясын
жоғарғыдай жүргізеді. Бақылау ретінде бір мезгілде
жууға қолданылған судан себу жүргізеді, ол суды
тікелей су шашыратқыштың ұшынан алады.
• Беткейлерді жуып болғаннан кейін жоғарыда
көрсетілгендей сынақ-жуында алып, экологиялы
түрде зерттеу жүргізеді.
• Инкубация мерзімі біткеннен кейін себулердегі
өнген колонияларды Петри табақшасын ашпай
санайды. Бұл үшін микроорганизмдердін
колонияларын санауға арналған арнайы есептегіш
қолданады.
• Микроорганизм колонияларының саны 300-ден
аспайтын табақшалардагы нәтижелер ғана есепке
алынады. Параллельді себулер жүргізілген бір
араластырудағы қосындысын есептеп орташа санын
шығарады. Тексерілетін көліктін 1 см2 беткейіндегі
микроорганизмдер санын тәмендегі формула
бойынша шығарады:
•
• Мұндағы: М - 1 см2 беткейдегі микроорганизмдер саны; А -
бір араластырудағы себілген колониялардың орташа саны; 10
- араластыру коэффициенті; N араластырудың реттік номері;
Y - себуге қолданылған суспензия көлемі, мл; 100 - жуынды-
сынама алынған беткейдің аумағы.
• Жуудың сапасын бағалау. Көлікті мұқият
жуу нәтижесінде оның беткейлеріндегі жалпы
• бактериялық ластануды 85 % және одан
жогары төмендетуге қол жеткізген жағдайда
жуылу қанағаттанарлық деп есептеледі. Егер
бұл көрсеткіш 85% кем болған кезде жуу
қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.
• Бақылау ретінде жүргізілген себулердегі (су
шашыратқыш ұшынан алынған су), жалпы
• бактериялық ластану белгіленген
тандарттардан аспауы керек (1 мл суға 100
микроб денесі).
• Дезинфекциялау сапасын туралы
қорытынды жасау.
• Бақылау сұрақтары:
• 1. Көліктердің жуылу сапасын анықтау қалай
жүргізіледі?
• 2. Көліктерге қолданылған дезинфекциялаушы
заттардың қалдық мөлшерін қалай
• анықтайды?
• 3. Жуылған көліктің тазалық сапасына
микробиологиялық қандай әдістермен
жүргізіледі?
• 4. Беткейлік әдіс қалай жүргізіледі?
• 5. Қалың қабаттың әдісі қалай жүргізіледі?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz