Биотикалық факторлар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК Қазақстан мемлекеттік
университеті
“Химиялық инженерия және биотехнология”жоғарғы мектебі

Тақырыбы:Экологиялық факторлар

Қабылдаған: Дуйсенова Сағыныш Сабитовна
Орындаған: Қалдашова Қазына
Тобы: ХТ-19-10К
Жоспар

1. Экологиялық факторлар жалпы сипаттама
2. Экологиялық факторлардың түрлері
3. Биотикалық факторлар
3.1. Биотикалық қарым-қатынас түрлері
4. Абиотикалық факторлар
5. Экологиялық факторлардың тірі организмге
әсері
Экологиялық факторлар жалпы
сипаттама

Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына
тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара
алуы. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың
жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе
жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай
бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи
жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына
ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы
болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық
фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және
популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.
Экологиялық факторлардың түрлері:

Экологиялық факторлар-
Биотикалық
Абиотикалық
Антропогендік
Биотикалық фактор

Биотикалық факторлар- ағзалардың тіршілік әрекетіне
байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.
Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы,
мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы
ортаға әсерін тигізеді.
Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші
бір ағзаны қорекетеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын
өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара
бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады.
Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ
бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы,
т.б.
Биотикалық фактор:
Түрішілік және түраралық болып ажыратылады:
Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер
және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті
(демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-
құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады.
Түраралық Биотикалық
факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм
(бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру),
жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты
жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне
әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік
бұзылады. [1]
Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі
типтері

бәсекелестік,
жыртқыштық, комменсализм, мутуализм,
симбиоз, паразитизм .
Биотикалық қарым-қатынас түрлері

Организмдер арасьндагы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан түрлі.
Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп бөлуге болады. Тікелей байланыс
қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны кейбір
жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз
кезегінде олармен басқа азғалар қоректенеді. Жыртқыш-қорек немесе иесі-
паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және
бейімделуші қасиеттердің сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция
санының динамикасын анықтайды.
Жанамалық қарым-қатынаста бір азғалар екінші бір ағзаларға орта түзушілік,
субстрат ролін атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және Әлемдік орта
түзуші қызметі тән. Олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар
ормандарда ағаштардың сыртқы құрылысына байланысты пайда болатын ерекше
микроклимат орман жануарларының, өсімдіктерінің өсіп-дамуына жағдай
туғызып отырады. Су қоймаларында өсетін өсімдіктер ондағы тіршілік ететін
ағзаларға өте қажетті оттегінің көзі болып саналады. Өсімдіктер басқа
ағзалардың тіршілік ортасы болып та табылады. Мысалы, ағаш қабықтарында,
тамырларында, жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінде көптеген құрт-
құмырсқалардың түрлері мен омыртқасыздар тіршілік етеді, ал ағаш қуыстары
көптеген құстар мен сүт қоректі жануарлардың мекендейтін жері болып
табылады.
Абиотикалық фактор

Абиотикалық факторлар – бейорганикалық ортаның
тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің
жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және
химиялық жағдайлары. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа,
суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай
бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б.
Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың
химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі
организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал
теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне
байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге
үлкен әсерін тигізді.
Тірі организмдерге абиотикалық факторлардың әсер
етуінің белгілі бір шегі болады, ол күнделікті қалыпты
жағдай есебінде жүреді. Кейбір организмдерде ортаның
өзгеруі үлкен ауқымды қамтиды. Осындай ортаның
өзгеруіне төзе алатын оганизмдерді эвриобиотты (грек
сөзі eurys — ауқымды) организмдер деп атайды. Кейбір
организмдер абиотикалық факторлардың әсері шағын
аумақта ғана байқалады. Оларды стенобионтты (грек
сөзі stenos — шағын) организмдер дейді. Эвробионтты
және стенобионтты организмдер өсімдіктер арасында да
және жануарлар арасында да кездеседі.
Абиотикалық факторлардың түрлері:

ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор
(температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның
қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле
шығару т.б.),
х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су,
қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы
қоспалар т.б.),
к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы,
атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.)
болып бөлінеді.
Химиялық факторлар
Химиялық факторлардың маңызы физикалық факторлардан кем емес. Мысалы,
атмосфералық ауаның газдық және сулы ортаның қүрамының маңызы зор.
Көптеген организмдер үшін оттек қажет болса, кейбір организмдер үшін азот,
метан және күкіртті сутегі қажет.
Сулы ортада тіршілік ететін организмдерге судағы газдың құрамы өте қажет.
Мысалы, Қара теңізде көмірсутек өте көп, сондықтан ол көптеген организмдер
үшін өте қолайсыз. Атмосфералық ауадағы газдың құрамы түрақты болғандықтан
құрлық омыртқалылары олардың өзгеруін сезбейді. Сулы ортаның тұздылығы да
өте маңызды. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігі тұзды суда
(теңіз мен мұхиттарда), кейбір түрлері — тұщы суда, аздаған түрлері — тұздылау
суда кездеседі. Ішкі ортаның тұздың құрамын бірқалыпты сақтау қабілеті су
жануарларының таралуына әсер етеді.
Тірі организмдер үшін рН өзгеруі, әсіресе, өсімдіктер үшін өте маңызды. Бір
өсімдіктер қышқылды ортада тіршілік етсе, екіншілері — сілтілі ортада, ал сутегі
ионның қоюлануы оларға өте қауіпті. Егер ортада рН мөлшері 0 болса, ол жерде
тіршілік тіпті, болмауы мүмкін. Ондай рН ортада тек кейбір микроскопиялық
саңырауқұлақтар мен балдырлар ғана өседі.
Қорытынды

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның
байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді.
Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін.Табиғи ортаны
адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың
(ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның
табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі
экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың
нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның
тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Р.С. Оразбаева, А.О.Дәрібай «Экология», Астана,
20102.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы.
Алматы, 2000.3.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат
қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.4.Ақбасова А.Ж.,
Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

Қосымша әдебиеттер:
1.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.2.Шилов И.
А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлардың топтары
БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОР
Микроорганизмдердің биотикалық қарым - қатынас түрлері
Жеке түр экологиясы - аутоэкология
ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ ФИТОЦЕНОЗДАРҒА ӘСЕРІ
Табиғатта микроағзалардың әсері
Популяциялар экологиясы. Популяциялар гомеостазы, оның жалпы қағидалары және динамикасы
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Микроағзалар. Табиғатта микроағзалардың әсері
Өсімдіктің қоректенуі
Пәндер