Калий дихроматы негізіндегі хроматометриялық әдістер және темірді анықтау


Slide 1

Хроматометрия

Орындаған: ХКО-212 тобының студенті Байдолла Л. А

Тексерген: оқытушы Досанова Б. Б

Slide 2

Хроматометрия - редоксиметриялық әдістердің ішіндегі калий дихроматын K2Cr2O7 тотықтырғыш ретінде қолдануға негізделген әдіс. әсер еткенде дихромат-ион Cr2O7 2- алты электрон қосып алып екі катионға Cr 3+ айналады:

Slide 3

Калий дихроматының K2Cr2O7 2 грамм-эквиваленті грамм-молекуасының 1/6 тең. Cr2O7 2- ионының Cr 3+ катионына дейін тотықсыздануы Н+ иондар қатысында жүреді. Сондықтан дихроматпен титрлеу қышқылдық ортада жүргізіледі. Калий дихроматы күшті тотықтырғыш болып саналады.

Slide 4

Калий дихроматын химиялық таза күйде ерітіндісін қайта кристалдану арқылы алу оңай, сондықтан оның стандартты ерітіндісін дәл өлшенді алу арқылы дайындауға болады. Калий дихроматының ерітінділері өте ұзақ уақыт сақтауға ыңғайлы.

Slide 5

Калий дихроматы органикалық заттармен перманганаттанда қиын тотықсызданады. Сондықтан ол кездейсоқ органикалық қоспаларды тотықтырмайтындықтан ерітіндісінің титрі ұзақ уақыт өзгермей сақталады. Калий дихроматы хлорид иондарын тотықтырмайды. Сондықтан тұз қышқылы ортасында титрлеуге мүмкіндік береді.

Slide 6

Хроматометриялық талдауда индикатор ретінде дифениламин қолданылады, ол дихроматтың аздаған ғана артық мөлшерінде түсін көк түске бояйды. Дифениламин редокс-индикаторларға жатады, тотыққан формасының түсі көк, ал тотықсызданғаны - түссіз болып келеді.

Slide 7

Хроматометриялық әдіспен Fe2+ ионын тұз қышқылдық немесе күкірт қышқылдық ерітінділерді де анықтауға болады. Хлорид иондардың концентрациясы 1 г-экв. /л артық болмаса анықтауға кедергі жасамайды. Fe2+ тұздарын дихроматпен титрлеу кезінде Fe3+ иондары жиналып Fe3+/ Fe2+жүйенің тотығу - тотықсыздану әлеуетінің шамасын арттырып дифениламинді тотықтыра бастайды. Сөйтіп эквиваленттік нүктеге жетпей көк түс пайда болады.

Slide 8

Хроматометрияның қолданылуы

Калий дихроматының жұмысшы ерітіндісін таза тұздың дәл өлшендісін алып өлшеуіш құтыда ерітеді. Калий дихроматы алдын-ала сулы ерітіндісінен қайта кристалданып 150 С та кептірілген болуы керек.

0, 5 г калий дихроматын анализдік таразыда өлшеп алып воронканың көмегімен 100 мл өлшеуіш құтыға салып, құтының белгісіне дейін дистильденген суда ерітеді.

Хроматометриялық әдіспен темірді кендердің құрамының, құйма және металл қалдықтар құрамынан анықтау үшін қолданылады. Кенді немесе құйманы талдауға өте көп уақыт жұмсалады.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Калий тұздарының өндірісі: политермиялық және флотациялық әдістер, сильвиниттен калий хлоридін алу және негізгі аппараттар
Дәрілік препараттардың мөлшерін титриметриялық әдістермен анықтау: әдістер мен есептеулер
Еттің балаусалығын сезімдік әдістер арқылы анықтау
Кинематикалық жұптардағы реакция күштерін анықтау: графикалық және аналитикалық әдістер
Ашытқыларды бөліп алу және идентификациялау: микробиологиялық әдістер мен анықтау белгілері
Жоғарғы сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейін анықтау: мақсаттар, әдістер және бағалау
Ет шикізаты мен мал өнімдерінің түрін ПТР және лабораториялық әдістер арқылы анықтау
Фосфор, азот және калий тыңайтқыштарының өндірісі мен технологиялары
Қандағы билирубин, глюкоза және жалпы белокты анықтау: зертханалық әдістер мен клиникалық маңызы
Калий тыңайтқыштары: түрлері, Қазақстандағы қолданылуы, табиғи минералдар мен өндіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz