Парамиксовирустар: таксономиясы, эпидемиологиясы, иммунитеті және лабораториялық диагностикасы


Slide 1

Парамиксовирустардың әсерінен туындайтын аурулардың диагностикасы

Тексерген:Сарыбаева Д.

Орындаған:Ерік Анель

Сатыбалдыев Дас

Мылтықпаев Азат

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

Парамиксовирустардың таксономиялық жағдайы. Парамиксовирустардың жіктелуі

Вирустық антигендері. Вирус репродукциясы

Вирустар экологиясы мен эпидемиологиясы

Иммунитеті

Парамиксовирустармен қоздырылатын аурулардың лабораторлық диагностикасы

Эпидемиялық паротиттің, қызылшаның арнаулы алдын алу

Slide 3

ПАРАМИКСОВИРУСТАР /PARAMYXOVІRІDAE/

Бұлар өте күрделі вирустар. Үлкендігі 150-500 нм, пішіні сфералық, нуклеокапсид спиральдік симметриясымен орналасады. Геномы “теріс”-жіпті РНҚ-мен құралады және РНҚ-полимераза ферменті бар. Нуклеокапсид матриксты белогымен қоршалған. Сыртқы қабықшасы екі липидтік қабатынан тұрады және 3 белоктардан - гемагглютинин, нейраминидаза, F-белок.

Slide 4

Парамиксовирустардың 3 туыстастығы бар:

Paramyxovіrus - парагрипп вирустары 1, 2, 3, 4, 5 және эпидемиялық паротит /мысқыл/ вирусы,

Morbіllіvіrus - қызылша аурруының вирусы,

Pneumovіrus - респираторлық-синцитиалық вирусы /РС/.

Slide 5

Антигендер.

1/ ішкі S-Аг /нуклеопротеин/,

2/ сыртқы V-Аг /тікенек тәрізді рецепторлардың гликопотеидтері - Н, N.

Репродукциясы. Гликопротеидтік рецепторларымен вирус жасушаға жабысады, эндоцитоз немесе мембраналар қосылуы арқылы ішіне енеді. РНҚ-лы цитоплазма ішінде репликацияланады. Жасуша мембранасы сыртқы жағынан гликопротеидтерімен, ішкі жағынан матриксты белогымен жабылады. Болашақ вирустардың нуклеокапсидтері мембранаға жақындап, сонымен қоршалады да бүршіктену арқылы жасушадан бір-бірден шығады. Инфекция нәтижесінде жасуша ішінде ацидофильдік қосындылар пайда болады.

Slide 6

Экологиясы мен эпидемиологиясы

Физикалық, химиялық факторлардың әсеріне сезімтал. Инфекция көзі - науқастарымен вирустасымалдаушылар. Жұғу жолдары - аэрозольды және қатынастар арқылы. Эпидемиялық паротитпен, қызылшамен ауырғандар аурудың жасырың кезеңінен инфекция көзі есебінде қауіпті болады.

Slide 7

Инфекцияның кіру қақпасы-жоғарғы тыныс жолдары.

Парагрипп вирустары мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатының эпителиалдық жасушаларында репродукцияланады.

Содан кейін олар қанға түсіп вирусемия тудырады.

Бұзылысқа ұшыраған ыдырау өнімдері және вирустар организмді интоксикациялануға әкеледі.

Slide 8

Иммунитеті

Иммунитет бейспецификалық қорғаныс факторларымен байланысты - интерферонмен және киллер-клеткаларымен /ЕКК - естественные клетки-киллеры/. Анасынан иммунды глобулиндерімен берілген А-вирусқа қарсы иммиммунитетунитет жас балаларда өмірінің алғашқы 6-8 айларында сақталады.

Спецификалық иммунитет жасушалық және гуморальдық факторларымен байланысқан. Жасушалық - макрофагтар және Т-киллерлер арқылы. Гуморальдық - және вирусты бейтараптандырушы антиденелер арқылы.

Ауру басталғаннан антиденелер 3-4-ші тәулікте пайда бола бастайды да 2-3 аптада шегіне жетеді. Гемагглютининмен нейраминидазаға қарсы түзелген антиденелер вирусты бейтараптайды. Инфекциялық иммунитет спецификалық және берік болады.

Slide 9

Лабораторлық диагностикасы

Вирусоскопия - зерттеу затынан жасалған жағындысында вирустық антигендерің ИФ әдісімен анықтау

Вирусологиялық - зерттеу затты жасуша дақылына жұқтырып вирусты бөліп алады. Идентификациясын ЦПӘ /цитопатикалық әсері/ бойынша және серологиялық реакция көмегімен жүргізеді: КБР, бейтараптау, ГАТР.

Серологиялық - КБР, бейтараптау, ГАТР-лары жұп /парные/ қан сарысуларымен қойылады, титрдің өзгеруін аурудың даму динамикасында бағалайды.

Slide 10

Алдын алу.

Паротитке және қызылшаға қарсы вакцинопрофилактикасы жасалынады. Пайдаланатын вакциналары:

1/ паротитке қарсы тірі вакцина,

2/ қызылшаға қарсы тірі вакцина,

3/ паротитке-қызылшаға қарсы тірі дивакцина.

Жедел профилактикасын иммуноглобулин енгізу арқылы жүргізеді

Slide 11

Тақырыпты пысықтау ойыны:

Парамиксовирустардың туыстарын атаңыз?

Көлемін(диаметрінің өлшемі

Нуклеокапсидтары неше ақуыздан тұрады?


Ұқсас жұмыстар
Листериялар: морфологиясы, физиологиясы, антигендері, эпидемиологиясы, балалар патологиясындағы рөлі, иммунитеті, зертханалық диагностикасы және профилактикасы мен емі
Дифтерия (Corynebacterium diphtheriae): эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, иммунитеті және емдеу мен алдын алу шаралары
Gardnerella vaginalis: таксономиясы, морфологиясы, экологиясы, патогенділігі, диагностикасы және емдеу
Листериялар: морфологиясы, физиологиясы, антигендері, лабораториялық диагностикасы, алдын алу және емі
Протей туысының экологиясы, лабораториялық диагностикасы, профилактикасы және емі
Филяриатоздар: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және профилактикасы
Даун синдромы: тарихы, эпидемиологиясы, патофизиологиясы және диагностикасы
Ірі қара обасы (Pestis bovum): тарихы, эпидемиологиясы, клинико-патологиялық бейнесі және диагностикасы
Өкпе рагы: эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Ботулизм: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын-алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz