Акушерлік операциялар


Slide 1

Акушерлік операциялар: акушерлік қысқаштар, вакуум-экстракция, кесар тілігі.

Орындаған: Ерік Анель

Мылтықбаев. Азат

Қабылдаған:Бименова. Ж

Тобы: ВМ 302

Slide 2

Акушерлік операциялар

Акушерлік қысқаштар

Ұрықтың вакуум-экстракциясы

Кесар тілігі

Жоспар:

Slide 3

Акушерлік операциялар

Акушерлік операциялар жүктілік, босану және ерте босанудан кейінгі кезеңде жасалуы мүмкін:

Истмико-цервикальды жетіспеушілікте;

;

Жүктілікті үзу үшін;

Төлдің дұрыс емес орналасуында, оның жатырдағы орналасуын түзеу үшін;

Босану жолдарын босануға дайындау үшін-қағанақ көпіршігін ашу;

Жатыр мойнының ашылуын жылдамдату қажеттілігінде;

Буаз мал мен төлдің денсаулығына қауіп төнгенде ұрықтың туылуын тездету;

Төл шуы түсуі және ерте босанудан кейінгі кезеңдердің патологиялық ағымдарында;

Өлі ұрықта.

Акушерлік операцияларды жасау кезінде қынаптық, сондай-ақ абдоминальды жолды қолданады.

Slide 4

Акушерлік қысқаштар

Акушерлік қысқаштар - туудың екінші кезеңін жедел түрде аяқтау қажеттілігіндекүні жеткен немесе күні жетуге жақын төлді басынан шығаруға арналған.

Акушерлік қысқаштар тармақтар деп аталатын екі жарты бөліктен тұрады. Жамбастың сол жақ бөлііне енгізетін, сол қолмен ұстайтын бір тармағы сол тармақ деп, екінші тармақ оң тармақ деп аталады. Әрбір тармақта қасығын, құлпын, тұтқасын ажыратады. Қысқаштардың ұзындығы 35см, салмағы 500граммға жуық.

Сол тармақты оң тармақтан ажырату өте маңызды, себебі сол тармақ бірінші енгізіледі және қысқаштарды жабу кезінде сол тармақ оң тармақтың астында жатуы тиіс, олай болмаса қысқаштар жабылмайды. Қасықтарды анықтау үшін қысқаштарды горизонтальды беткейге қояды, бұл кезде жамбастық қисықтық төмен қарауы тиіс. Содан соң қасықтарды ашады және сол қасық сол олда қалуы тиіс.

Slide 5

Қысқаштардың мақсаты - дәрігердің күші есебінен жатыр мен іштің алдыңғы қабырғасының айдаушы күшін ауыстыру. Қысқаштар тек тартушы қызмет атқарады, ротациялық та, компрессиялық та құрал емес. Шығару процессінде бастың қандай да бір қысылуын болдырмау мүмкін емес. Бұл қысқаштардың кемшілігі болып табылады.

Қазіргі уақытта акушерлік қысқаштарды ұрық басы үлкен сегментімен кіші жамбас қуысының тар бөлігінде тұрғанда, яғни жебе тәрізді жік жамбастың тура өлшеміне жақындағанда немесе тура өлшемде тұрғанында ғана салу ұсынылады. Төл басы одан жоғары тұрса - кіші жамбас қуысының кең және жоғары бөлігінде кесар тілігін жасау дұрыс болады.

Slide 6

Төл басының жамбас жазықтықтарына қатысты тұру жоғарылығына байланысты:

Шығаберіс

Қуыстық

Жамбас шығаберісінде үлкен сегментімен тұрған, жамбас шығаберісінің тура өлшемінде жебе тәрізді жігімен тұрған басқа салынатын қысқаш.

Бұл кезде төл басы жыныс саңылауынан көрініп тұрады.

Кіші жамбас қуысының тар бөлігінде үлкен сегментімен тұрған, жебе тәрізді жігі тура немесе тура өлшемге жақын тұрған, сирек көлденең өлщемдегі төл басына салынады.

Қысқаштар

Slide 7

Қысқаштарды салуға шарттар:

Тірі төл;

Жатыр ернеуінің толық ашылуы;

Қағанақ көпіршігінің болмауы;

Айқын жетілмегендік болмауы керек;

Басы кіші жамбас қуысының тар бөлігінде жебе тәрізді жік пен жамбастың немесе тураға жақын өлшемінде болуы керек;

Қуық бос болуы керек;

Slide 8

Операция техникасы

Қысқаштарды салудағы үштік ереже:

Бірінші ереже: бірінші сол қасықты сол қолмен мал жамбасының сол жақ жартысына оң қол баылауымен енгізеді; оң қасықты оң қолмен оң жақ жартысына сол қол бақылауымен енгізеді.

Екінші ереже: Қасықтар ұштары жамбастың өткізгіш осі жағына қарауы тиіс; ұрық басының өткізгіш нүктесі қысқаш қасықтарының ортасында болатындай, үлкен қиғаш өлшемі жанында және бипариетальды алуы керек.

Акушерлік қысқаштарды салу 4 кезеңнен тұрады:

Қасықтарды енгізу және орналастыру

Қысқаштарды жабу және сынамалы тракция

Тракциялар немесе басты тарту

Қысқаштарды босату.

Slide 9

Акушерлік қысқаштарды салу кезіндегі асқынулар

Ұрық басы кіші жамбас қуысының кең бөлігінде болғанда қысқаштарды салу кезінде жиі сәтсіздіктер болады. Егер төл өлсе, онда ұрықты бұзатын операция жасайды.

Қысқаштардың сырғып шығуы. Ол қысқаштарды басқа дұрыс орналастырмағанда, ұрық басының өте кіші немесе үлкен болуында болады. Егер тракция кезінде төл басы қысқаштармен біре жылжымаса, онда операцияны тоқтатып, кесар тілігіне немесе басы кіші жамбас қуысының кең бөлігінде болса, вакуум-экстракцияға көшу керек. Қысқаштардың сырғып шығуы Төл басының және Енесінің босану жолдарының күрделі жарақаттарына әкелуі мүмкін.

Slide 10

Акушерлік қысқаштарды салу кезіндегі асқынулар

Төл басының және ананың босану жолдарының жарақаттық зақымдалуы. Қысқаштар дұрыс салынғанның өзінде де, енесінің жұмса тіндерінің және ұрық басының жарақаттары болуы мүмкін. Мал тіндерінің жарақаттары қынаптың тарлығында немесе оныі қабынулық өзгерістерінде болады. Төл басының кіші жамбас қуысының кең бөлігінде болуында қысқыштар салынса, кейде бет жүйкесінің парезі, кафелогематома байқалады.

Slide 11 Slide 12

Вакуум-экстракция

Ұрықтың вакуум-экстракцясы - вакуум-экстрактор көмегімен босану кезінде тірі төлді шығару, оның тостағаншасы вакуум түзу арқылы ұрықтың келіп тұрған бөлігіне жабысады.

Вакуум-экстракция барлық босанулардың 0. 12-0. 20% қолданылады.

Вакуум-экстрактор жұмсақ шлангамен және вакуумдық насоспен қосылған тостағаншадан тұрады.

Slide 13

Ұрықтың вакуум-экстракциясына көрсеткіштер:

Емге көнбейтін босану қызметінің әлсіздігі;

Жебе тәрізді жіктің төмен көлденең тұруы;

Ұрықтың басталған жедел гипоксиясы.

Жүктіліктің екінші кезеңінде экстрагенитальды патология салдарынан жүктілікті үзу кезінде;

Ұрық басының асинклитикалық орналасуы;

Кесар тілігі кезінде;

Slide 14

Вакуум-экстракторды салуға қарсы көрсеткіштер

Өлі төл

Жатыр ернеуінің толық ашылмауы;

Гидроцефалия, анэнцефалия;

Төл басының шалқайып келуі;

Терең жетілмеген ұрық;

Бастың жоғары орналасуы (бекіген, кіші немесе үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде) ;

Күшенуді болдырмауды талап ететін анасының аурулары (гестоз, преэклампсия, эклампсия, гипептониялық ауру, жүрек ақаулары декомпенсация белгілерімен, т. б. )

Slide 15

Операцияға дайындау

Қуық босатылады. Ингаляциялық және көктамырлық жансыздандыру қолдануға болмайды, өйткені босанушы ұрықтың экстракциясы кезінде күшенуі тиіс. Жыныс жүйкелерінің екі жақты новокаиндық анестезиясы көрсетіледі, ол аралық бұлшықеттерінің босаңсуына әсер етеді. Операция алдында акушерлік жағдайды анықтау мақсатында қынаптық тексеру жүргізіледі.

Slide 16

Вакуум-экстракциясының техникасы

Сол қолмен кіші жыныс еріндерін ашады, оң қолымен тостағаншаны бүйір бетімен немесе жиналған күйде алдымен қынапқа енгізеді;

Тостағаншаны ұрықтың басына, жетекші нүктеге қояды.

Электронасосты қосады да, күшенуге сәйкес келетін тракцияларға қосады. Үзіліс кезінде тракциялар жасалмайды.

Егер ұрық басы кіші жамбас қуысының кең бөлігінде болса, онда тракцялар алдымен қиғаш артқа, содан соң артқа және шүйде асты ойығы қасаға астына келгенде алға бағытталады.

Ұрық басы жарып шыққанда теріс қысым, тоқтатылады, тостағаншаларды алып тастайды, басы жыныс саңылауынан шығарылады, туылады.

Slide 17

Кесар тілігі

Кеспр тілігі (Sectio caesarea), босану мүмкін болмаған кезде құрсақ қуысы мен жатырды кесу арқылы ұрықты алып тастау. Енесі мен төлдің өмірін сақтауға тырысыңыз. Босану басталғаннан бастап (6-12 сағат) C. Беті басталса, нәтиже соғұрлым қолайлы болады. Ірі жануарларды тіке (қаламда) және жатқан күйінде басқаруға болады. Екінші жағдайда сиырлар, биелер, қойлар мен ешкілер оң жақта, шошқалар - сол жақта, жыртқыштар - доральді қалыпта бекітілген. Потенциалды жергілікті анестезия қолданылады (анестезия ұрықтың асфиксиясын тудыруы мүмкін) : ірі жануарларда - паралумбарлы өткізгіш, бел эпидуралы (сиырда) ; кішігірімінде - инфильтрация.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Жатыр жарақаты
Косметикалық операциялардың түрі
Лабораториялық тексеру
Акушерлік құрал-саймандар
Ота техникасы
Жатыр жыртылулары
Септикалық шок
Ерте акушерлік диспансерлеу
Бедеуліктен келетін экономикалық шығынды анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz