Заттарды шығару табалдырығы


Slide 1

«Бүйрек физиологиясы. Несеп түзілуінің механизмі» Орындаған:Пірмет О. Қ Топ: ЖМ16-014-1 Қабылдаған:Артықбаева Ұ. С 2017 жыл

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Slide 2

Жоспар:

1. Ағза үшін бөліну үрдісінің маңызы

2. Несеп түзілу мен несеп шығарудың қызметтік жүйесі

3. Бүйректердің атқаратын қызметтері

4. Несеп түзілу теориясы

5. Клиренс және бүйректердің қызметін зерттеудің сандық әдістері туралы түсінік:

түтікшелердегі сұйықтықтың сүзілу мөлшерін анықтау

адамда қайта сорылудың мөлшерін анықтау

адамда секрецияның мөлшерін анықтау

бүйректегі қан ағымының мөлшерін анықтау

Slide 3

Сыртқа шығару (экскреция)

- бұл ағзаның зат алмасу барысында түзілген, қолданысқа қажет емес соңғы өнімдердің, сонымен қатар ағзадан артық суды, тұздарды, органикалық заттарды, бөгде және уытты заттарды сыртқа шығару үрдісі

Slide 4

Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы

Сыртқа шығару үрдістері ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап тұрады.

Негізгі қоректік заттардың - ақуыз, май және көмірсудің ыдырау нәтижесінде ағзада несепнәр, несеп қышқылы, креатинин, аммиак, карбонат, сульфат, фосфат, индикан, уробилин және т. б. заттар түзіліп, зат алмасуға белгілі бір мөлшерде қатысады.

Алайда, аталған заттардың мөлшерінің шамадан тыс артуы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін метаболизм үрдісі үшін қауіпті болуы мүмкін.

Slide 5

Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы

Ағзаның қалыпты тіршілігі аталған заттардың ағзадан шығарылған соң ғана жүзеге асады. Метаболизм үшін қауіпті қажетсіз өнімдерді ағзадан шығару - сыртқа шығару ҚЖ қызметі.

Сыртқа шығару ҚЖ өзара бір-бірімен байланысты бірнеше жүйелерден тұрады.

Олардың барлығы ортақ соңғы нәтижеге - тіршілік әрекетінің зиянды өнімдерінің метаболизм үшін тиімді деңгейін ұстауға негізделеді.

Slide 6

Сыртқа шығарудың негізгі мүшесі - бүйректер

Несепті түзуші, жинақтаушы және шығарушы мүшелердің жүйесі.

Адамда және жоғары сатыдағы жануарларда несеп шығару жүйесі тұрады:

екі бүйректерден

екі несепағардан

қуықтан

несеп жолынан

Slide 7

Бүйректің қызметтері

Экскрециялық (зәр түзу және зәр шығару) ;

Судың және мин. тұздардың тепе-теңдігін сақтау;

Қанның артериялық қысымын реттеу (қан тамырларын тарылтатын фермент - ренин және қан тамырларын кеңейтетін простогландин бөлу) ;

Қан жасау (эритропоэтин гормонын бөлу) ;

Қандағы түрлі ақуыздардың мөлшерін қалыпта ұстау - қанның онкотикалық қысымын реттеу;

Қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті ұстау;

Қанның осмостық қысымын реттеу (изоосмия)

Slide 8

Бүйректің құрылысы:

Slide 9

Бүйректің құрылысы:

Бүйрек қыртысты (бүйректің беткей қабатына жақын орналасқан) және милық (ішкі қабат) заттан тұрады.

Қыртысты заты милық қабатқа Бертини бағандары түрінде енеді, ал милық заты қыртысты затқа Феррейн сәулелері түрінде көтеріледі.

Бүйректе бүйрек ұлпасы (несепті түзу үшін қажетті қанның сүзілуіне жауапты) мен тостағанша-түбекше жүйесін (түзілген несепті жинақтау және шығаруға жауапты) ажыратады.

Slide 10

Бүйректердің қанмен қамтамасыз ету ерекшеліктері

Шумақ капиллярларындағы жоғары қысымы - 70 мм Hg

Жоғары көлемдің қан ағысы - 1/4 ҚМК - 1800 л/тәул

Капиллярлардың екі қабаты

Қыртыстық және юкстамедуллярлық нефрондардың милық затының капиллярларының ерекшеліктері (тура ұзын ілмектер)

Қыртыстық қан айналымының өзін өзі реттеу механизмі

Slide 11 Slide 12

Несеп түзілу теориясы

Фильтрациялық-реабсорбциялық-секрециялық теория

Несеп түзілуінің негізінде 3 үрдіс жатады:

шумақтағы сүзілу

түтікшелердегі қайта сорылу

түтікшелердегі секреция

Slide 13

Несеп түзілу механизмі

Несептің түзілуі бір-бірімен тығыз байланысты бір іздік үрдістерден тұрады:

1) шумақтық сүзілу (ультрафильтрация) - қан плазмасынан су мен төменгі молекулалық компоненттердің бүйрек шумағының капсуласына біріншілік несептің түзілуімен жүретін үрдіс;

2) түтікшелік қайта сорылу - сүзгіден өткен заттар мен судың біріншілік несептен қанға кері сорылуы;

3) түтікшелік секреция - иондар мен органикалық заттардың қаннан түтікше саңылауына тасымалдануы.

Slide 14

Сүзілу үрдісі

Сүзілу (фильтрация) Шумлянский-Боумен капсуласында өтеді, сонда шумақтық капиллярлар арқылы ағатын қан плазмасынан су және плазмада еріген заттар (ірі мол. ақуыздан басқа) сүзіледі.

Slide 15

Сүзілу үрдісі

Сүзілу бүйрек шумақтарында жүзеге асады. Фильтрат шумақты түзетін капиллярлар эндотелийінен, базальды мембранадан және шумақ капсуласының эпителийі арқылы барьерден өтеді.

Базальды мембраналардың саңылауының диаметрі 2-4 нм; саңылаулардың жалпы ауданы жалпы сүзілу беткейінің 4-10 % құрайды.

Осы сүзгі арқылы қан плазмасынан алғашқы зәр түзіледі. Ол арқылы су, тұздар, глюкоза, төмен мол. ақуыздар өтеді.

Slide 16

Сүзілу үрдісі

Бүйректер жоғары мол. заттарды ұстап, салмағы кішігірім және орташа молекулаларды ғана өткізетін күшті ультрафильтрат ретінде жұмыс атқарады.

Фильтраттың құрамында қан плазмасының базальды мембрана саңылауынан өтетін көлемі кіші барлық бөліктер бар. Молекулалық салмағы 15000 астам молекулалар үшін сүзгіден өту қиынға соғады. Қан плазмасының протеиндері (және олармен байланысқан төменгі молекулалық заттар) сүзгіден өтпейді. Бүйректің шумақтық аппаратынан өту үшін заттардың суда және майда ерігіштігі анықтаушы факторға жатпайды.

Slide 17

Шумақтағы сүзілу келесі факторларға тәуелді

Шумақтық капиллярлардағы гидростатикалық қысым = 70 мм с. б. (орташа артериялық қысымы = 100 мм с. б. )

Қан плазмасының онкотикалық қысымы = 30 мм с. б.

Шумақ капсуласындағы ультрафильтраттың гидростатикалық қысымы (бүйрек ішіндегі қысымы) = 20 мм с. б.

Фильтрациялық қысым:

70 - (30 + 20) = 20 мм с. б.

Slide 18

Шумақтағы сүзілу

Slide 19

Шумақтағы сүзілудің жылдамдығы

Сүзілу үрдісінің негізгі сандық көрсеткіші - шумақтық сүзілудің жылдамдығы (ШСЖ) .

ШСЖ - бұл уақыт бірлігінде (минутте) бүйректе пайда болатын ультрафильтраттың (алғашқы несептің) мөлшері.

Slide 20

Шумақтық сүзілудің жылдамдығы

Қалыпты ШСЖ еркектерде шамамен 125 мл/мин, әйелдерде - 110 мл/мин.

Бір тәулікте шамамен 180 л біріншілік несеп түзіледі, 25 мин ішінде 3 л қан плазмасы сүзгіден өтеді.

Бір тәуліктің ішінде қан плазмасы шамамен 60 рет сүзіледі, яғни тазартылады.

Соңғы несептің мөлшері тәулігіне шамамен 1, 5 л тең болады, демек алғашқы несептің көлемінен осы уақытта шамамен 178, 5 л сұйық түтікшелерде қайтадан қанға сорылады.

Slide 21

Түтікшелердегі қайта сорылу

Шумақтық фильтрат құрамында еріген заттармен бірге нефрон капсуласынан (Боумен капсуласы) шығып, иірімделген түтікшелер арқылы, Генле ілмегі арқылы, дистальды түтікшелер арқылы жинақтаушы түтікшелерге тасымалданады.

2 млн түтікшелердің әрқайсысының ұзындығы 3-5 см.

Түтікшелердің жалпы ауданы 7-8 м² тең.

Slide 22

Түтікшелердегі қайта сорылу

Slide 23

Қайта сорылу

Глюкоза мен амин қышқылдары белсенді тасымал жолымен (концентрациялық градиентке қарсы) сіңіріледі.

Натрий иондары электр-химиялық градиентке қарсы жолмен қайта сорылады. Na+, K+, АТФ-аза ферменттерінің қатысуымен және АТФ энергиясының шығындалуымен жүзеге асады.

Хлор иондары натрийдің белсенді тасымалынан түзілетін электрохимиялық градиент бойынша қайта сорылады, яғни (+) зарядталған Na иондары электростатикалық өзара әрекеттесуымен өзімен бірге (-) зарядталған CІ иондарын тартады.

Slide 24

Қайта сорылу

Су қайта сорылу пассивті транспорт, диффузия және осмос заңдары бойынша қайта сіңіріледі.

Глюкоза, натрий, калий, кальций проксимальды түтікшелерде біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығы мен қанға сіңіп, ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын жоғарылатып, түтікшелердегі несептің осмостық қысымын төмендетеді. Сөйтіп су осмостық қысымның айырмашылығынан біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығына және қанға өтеді.

Аталған үрдіс органикалық және бейорганикалық қосылыстардың белсенді тасымалымен қатар жүреді.

Slide 25

Заттарды шығару табалдырығы

Түрлі заттардың шығару табалдырығы әр түрлі және ол ағзаның қызметтік жағдайы өзгергенде өзгеріске ұшырайды.

Табалдырықты заттарға амин қышқылдары, ұсақ молекулалық ақуыздар, дәрумендер, натрий, калий, кальций, хлор иондары жатады.

Табалдырықты емес заттардың (креатинин, инулин, сульфаттар) қан плазмасындағы концентрациясы өте төмен болғанымен, бүйрек түтікшелерінде қайта сорылмайды.

Кері сіңірілу механизмі түрлі заттарда бірдей болмайды. Түтікше жасушалары арқылы тасымалдың 2 түрін ажыратады: пассивті және активті.

Slide 26

Заттардың пассивті тасымалы түтікшелер саңылауы мен бүйректің интерстициялық ортасы арасындағы жоғары электр химиялық градиентке негізделеді.

Активті тасымал жасушалық метаболизм бақылайтын арнайы эндотермиялық үрдіс және заттардың электр химиялық (біріншілік белсенді тасымал) және концентрациялық (екіншілік белсенді тасымал) градиентке қарсы жүретін үрдіс.

Slide 27

Бүйректің айналдыра-кері ағызу жүйесі

Судың тасымалы проксимальды түтікшелердегі зәрдің осмостық қысымын ұлпа сұйықтығы мен қанның осмостық қысымымен теңестіреді. Сөйтіп, біршама мөлшерде тұз сіңірілгенімен, проксимальды түтікшелердегі зәр қандікіндей изотониялық болады.

Генле ілмегінде қайта сорылуының ерекше механизмі - бұрылысты-ағысқа қарсы жүйе болады (соның нәтижесінде зәрдің изотониялығы өзгереді) .

Бұл жүйенің мәні - Генле ілмегінің проксимальды және дистальды түтікшелер бір-біріне жанаса орналасып, өзара байланысты тұтас бір механизм ретінде қызмет атқарады.

Slide 28

Айналдыра-кері ағызу жүйенің қызметі

Генле ілмегінің проксимальды бөлімінің эпителийі суды өткізеді, ал Na+ иондарын өткізбейді. Сондықтан осы бөлім арқылы өткенде несеп қоюланады және ілмегінің соңында концентрациясы жоғары болады.


Ұқсас жұмыстар
Заттар және энергия алмасу
ӨНДІРІСТІК ШУДАН ҚОРҒАНУ
Бүйрек физиологиясы
Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері
Қозу үрдісі
Қозғыштық кезеңдері
Әрекет потенциалының пайда болу механизмі
Сипап сезу Иіс сезу
ТАЛДАҒЫШТАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Тілдің ұшы тәттіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz