Заманауи ЦСК



11-дәріс Заманауи ЦСК
1. Si-2000 ЦСК
2. Si-2000. V5 ЦСК негізгі құрылымы
3. EWSD ЦСК негізгі құрылымы
4. АХЕ-10 ЦСК

Si-2000 ЦСК
Si-2000 коммутациялық IskraTEL (Словения) фирмасы жасаған. Si-2000 барлық негізгі телефон қызсметтерін (жергілікті, шығыс, кірс және транзиттік байланыс), сонымен қатар қосалқы қызметтердің көп мөлшерін қамтамасыз етеді. Si-2000 жүйесінің негізінде ауылдық станциядан сыйымдылығы орташа АМТС дейін, сонымен қатар мекемелік және тізімдемелік желілерде (сеть) барлық деңгейде сенімді байланысты ұйымдастыруға болады. Қазіргі кезде ТФОП эксплуатацияда жүйенің бірнеше нұсқасы бар. Si 2000 төртіншіге дейінгі нұсқалары ОКС қызметін орындай алмайды және ЦСИО қызметтерін енгізе алмайды. Si 2000(Si 2000. V5) бесінші нұсқасы - бұл аналогты абоненттер және ЦСИО аюоненттері үшін телекоммуникациялық қызметтерді ұсынатын, сонымен қатар басқару және техникалық қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асыратын №7ОКС және ЦСИО қызметтерімен коммутацияның цифрлық жүйесі. Жүйеде EDSS1 абоненттік дабыл берудің барлық хаттамалары және ТфОП және тізімдемелік желілердің (сеть) станцияаралық дабыл берудің барлық түрлері қолданылады.

Жүйенің негізгі техникалық сипаттамалары:
максимум сыйымдылығы - 4 дейін абоненттік желілер (линия) ;
аналогты және цифрлықтың саны - 7200 дейін;
жүйе қабілеті - 5000 Эрл дейін;
өнімділігі - ЧНН 3 шақыру;
тұтынатын қуаты - абоненттік желіге (линия) 0, 5-0, 7 Вт;
цифрлық желі (сеть) абоненттерін қызмет көрсету интеграциясымен қосу мүмкіндігі (цифровая сеть с интеграцией обслуживания (ЦСИО) ) ;
№7 ОЕС сигналдық каналдардың саны - 120 дейін;
электрқоректендіру: тұрақты токтың -48 В.
Si-2000. V5 ЦСК қызметі жағынан AN (AccessNode) қол жетімділік түйініне және коммутацииSN (SwitchNode) коммутация түйініне бөлінген. 15. 1 суретте ЦСК Si-2000. V5 негізгі құрылымы көрсетілген. Қол жетімділік түйіндері және коммутация түйіндері тәуелсіз бөліктер болып табылады және басқа өндірушілердің жабдықтарымен (мысалы, EWSD ЦСК) бірге де, бөлек те қойылады.

Қол жетімділік түйіндері - коммутациялық жүйеге аналогты және цифрлық шеткі құрылғыларды қамтамасыз етуге арналған. Қол жетімділік түйінін коммутация түйініне қосу V5 интерфейсінің көмегімен жүргізіледі.
Қол жетімділік түйіндері аппарат бойынша модульдермен жүзеге асырылған:
- абоненттік құрылғыларды, УПАТС негізгі және бірінші ретті қол жетімділік және байланыстырушы желілердің (линия) көмегімен қосуға арналған MLB и MLC (LineModuleversion B или C) . Бір модульге 640 аналогты немесе 320 дейін ISDN- абоненттер, немесе олардың әр түрлі құрамдары қосылуы мүмкін. MLB(С) ерекшелігі оны дабыл беру ағынының конверторы (түрлендіргіші) ретінде қолдану (негізгі қызметтерін орындаумен қатар) мүмкіндігі болып табылады.
- RMLB (Remote Line Module version B) - қол жетімділіктің шеткі модулі.
- 239 аналогты АЛ қосуға арналған АХМ аналогты абоненттік концентратор.
- RАХМ - шеткі абоненттік концентратор.

Коммутация түйіні аппараты бойынша МСА (ModuleCentralversion A) модулімен көрсетілген және топтық ізденіс сатысы ретінде қолдану үшін арналған. Аналогты және ISDN-абоненттер коммутация түйініне құрамына Е1 (2048 кбит/с) 1-ден 12-ге дейін ағыны кіретін V5. 2 интерфейсін қолданып қана қосылуы мүмкін. Ағындардың қажетті саны АЛ негізгі және бірінші ретті қол жетімділік және орташа жүктемелі қосылған желілердің (линия) санына байланысты таңдалынады. Аналогты концентраттарды қосу үшін ASMI деп аталатын V5. 2 интерфейсінің қарапайымдандырылған нұсқасы жасалған. ASMI аналогты абоненттердің байланысын басқарудың бір ғана хаттамасына жарамды және Е1 бір ағыннан тұрады.
ТфОП қосу үшін коммутация түйінінде келесідей интерфейстер болуы қажет:
ОКС№7 желілік (сетевой) интерфейс;
нөмірді автоматты түрде анықтау (НАА) процедурасымен, 1ВСК және 2ВСК дабыл беруімен, импульсті қайықша (челнок) және импульсті пакетпен желілік (сетевой) интерфейстер.
Коммутация түйінінің қосымша интерфейстері болады:
басқару түйінін жергілікті қосу үшін Internet типті интерфейс;
шеткі басқару түйіндерін қосу үшін интерфейс;
басқару тетігін қосу үшін интерфейстер;
компьютерлік телефония құралдарын қосу үшін интерфейс.



EWSD ЦСК аппарты құралдарының 4 типі бар:
Қол жетімділік жабдықтары:
DLU (DigitalLineUnit) - станцияда абоненттік жабдық ретінде, сонымен қатар шеткі концентратор ретінде қолданылуы ммүкін цифрлық абоненттік блок. Блокқа: кірістерге 952 ААЛ немесе 475 ЦАЛ; шығысында 2 немесе 4 ИКМ-тракт қосылуы мүмкін. Блок келесі негізгі қызметтерді орындайды: BORSCHT (абоненттік жинақ), АЛ сканирден өткізу, топтық процессорға АЛ күйінің өзгерісі туралы ақпаратты беру (LTG блогында GР), нөмірді теру импульстерін цифрлық түрге түрлендіру. Сенімділік үшін әр блок LTG екі желілік (линейный) тобына қосылады.
LTG (LineTrunkGroup) - SN коммутациялық өріске интерфейс. Мультиплекстеу қызметтерін атқарады. LTG - SN аумағында ақпараттарды жіберу жылдамдығы 8190 кбит/с (64 кбит/с жылдамдықпен 128 канал) . Әрбір желілік (линейный) топ көшірмеленген коммутациялы өрістің екі жазықтығына да қосылады. LTG қол жетімділігі 2В+D аналогты АЛ және цифрлық; тікелей цифрлық СЛ және қол жетімділігі 30В+D желілер (линия) ; мультиплексорлар (SC-MUX - ) арқылы аналогты СЛ қосылуы мүмкін.

Топтық жабдықтар:
- SN (SwitchingNetwork) - цифрлық коммутациялық өріс. Модульдік құрылымы бар және сыйымдылығына байланысты екі түрлі нұсқада қосылуы мүмкін: T - S - T (уақыт - кеңістік - уақыт) немесе T - S - S - S - T (уақыт - кеңістік - кеңістік - кеңістік - уақыт) . Коммутациялық кіріс әр түрлі LTG арасында, сонымен қатар LTG және СР координациялық процессорларының арасында (мәліметтермен алмасу үшін) коммутацияны жүзеге асырады. Өрістің екі жазықтығы болады, әрқайсысы бір уақытта екі жазықтық арқылы орнатылады, бірақ ақпарат тек біреуімен қолданылады. Байланысты орнатуды СР координациялық процессордан пәрмен алатын SGC (SwitchGroupControl) процессор басқарады.
Орталық басқарушы құрылғысы:
- келесі қызметтерді орындайтын CP (CoordinationProcessor) координациялық процессор:
мәліметтер базасын басқару;
барлық бағдарламаларды, станциялық және абоненттік мәліметтерді басқару;
алынған ақпаратты бағдарлау үшін, жолды таңдау үшін, шақыру құнын есептеу үшін өңдеу;
техникалық эксплуатация орталықтарымен ТЭО байланыс;
«адам-машина» интерфейсін басқару;
барлық жүйешелерді тестілеу, апаттық дабыл беруді қңдеу.

Орталық басқару құрылғысының құрамына координациялық процессормен қатар төмендегілер кіреді:
МВ (MessageBuffer) - координациялық проццессорлармен, коммутациялық өріспен, желілік (линейный) топтармен және жалпы канал бойынша дабыл беру желісін (сеть) басқару арасында хабарламалармен ішкі алмасуды үйлестіру үшін қолданылатын хабарламалар буфері;
CCG () - жүйенің жеке элементерінің, және қажет болғанда желінің (сеть) ырғақты импульстарының генераторларын синхрондау үшін қолданылатын ырғақты және синхроимпульстардың орталық геенраторы;
SYP (SystemPanel) - жүйеішілік апаттық дабылдарды және жүйенің күйін үздіксіз бақылау дабылдарын шығару үшін арналған жүйелік панель;
EM (ExternalMemory) - координациялық процессорда үнемі болмайтын бағдарламаларды және мәліметтерді сақтау үшін, сонымен қатар шақырудың құны және жүктеменің өзгеруі бойынша мәліметтерді сақтау үшін қолданылатын сыртқы сақтау құрылғысы;
OMT () - эксплуатация және техникалық қызмет көрсету үшін терминал.
EWSD. V10 және EWSD. V15 жүйелерінің жалпыланған техникалық мәліметтері 15. 1 кестеде келтірілген.


АХЕ-10 ЦСК
АХЕ-10 коммутациялық жүйесін Ericsson (Швеция) фирмасы жасаған. АХЕ-10 ЦСК халықаралық, қалааралық, қалалық (шеткі және транзиттік), сонымен қатар ұялы желінің (сеть) орталық станциясы ретінде қолдануға болады. АТс барлық типтерімен және жүйелерімен қатар қолдануға болады, байланыстырушы және абоненттік желілер (линия) бойынша дабыл беру жүйесінің барлық стандарттары қолданылады.
Жүйенің негізгі техникалық сипаттамалары 6:
- басқару жүйесі иерархиялық;
абоненттік желінің (линия) саны - до 2 дейін;
байланыстырушу желілердің (линия) саны - 6 дейін;
өткізу қабілеті 3 Эрл;
ЧНН шақыру саны - 2 дейін;
шығарылатын концентраторлардың сыйымдылығы - 2048 АЛ дейін және 480 СЛ дейін;
электрқоректендіру тұрақты токтың -48В-ден -51В-ге дейін.
АХЕ-10 екі негізгі бөліктен (15. 3 сурет) басқару жүйесінен (APZ) және коммутациялық жабдықтан (АРТ) тұрады.


SSS () жүйешесі - абонентік ізденіс (АІ) жүйешесі, станцияға қосылған абоненттердің жүктемесін басқарады. BORSCHT жеке қызметтерін, сонымен қатар топтық қызметтерді орындау үшін арналған. Ол топтық қызметтерге мыналар жатқызылады:
GSS жағына жүктемені концентрациялау;
мекен-жай ақпаратын нөмір тергіштен декадты кодпен және көпжиілікті кодпен қабылдау.
АІ жүйешесі LSM абоненттік модульдерден жинақталады, олардың әр қайсына төмендегілерді қосуға болады:
128 аналогты абоненттік желілерді (линия) ;
базалық қол жетімділігі 2В+D 64 желіні (линия) ;
бірінші ретті қол жетімділігі 30В+D 4 желіні (линия) .
16 LSM максимум сыйымдылығы 2048 абонент болатын SSS блогына біріктіріледі. SSS жүйешесі жергілікті (SSS) және алыстағы (RSS) болуы мүмкін.
GSS () жүйешесі - топтық ізденіс (ТІ) жүйешесі. ТІ сатысы арқылы байланысты орнаталы, бақылайды және ажыратады. Осы саты арқылы жолды таңдау бағдарламалық құралдармен анықталады.

GSS тұрғызудың төрт түрлі нұсқасы бар:
1) сыйымдылығы 512 тракт;
2) сыйымдылығы 1024 тракт;
3) сыйымдылығы 1536 тракт;
4) сыйымдылығы 2048 тракт.
Сенімділік үшін GSS сатысында 2 жазықтық бар (А жазықтығы және В жазықтығы) . Ақпарат екі жазықтық арқылы жіберіледі, бірақ тек А жазықтығынан ғана қолданылады. Егер жазықтықтағы қандай да бір құрал істен шықса, онда ол бұғатталып қалады. Жүктемеге қызмет көрсетуді басқа жазықтықтың сәйкес құралы өзіне алады.
TSS () жүйешесі - байланыстырушы желілердің (линия) және дабыл берудің жүйешесі. Дабыл беруді және басқа станциялардың байланысын бақылауды басқарады. TSS қызметтері:
1) жүйенің дабыл берудің әр түрлі жүйелеріне бейімделуі:
белгіленген сигналдық канал;
дабыл берудің жалпы каналы;
2) байланыстырушы желілерді (линия) бақылау және тестілеу;
3) сыртқы және ішкі бағдарламалық қамтамасыз етудің арасында сигналдарды жіберу.


RPS () жүйешесі - аймақтық процессорлардың жүйешесі. Аймақтық процессорлар (орталық процессор) жиі жүргізілетін тапсырмаларды орындаған кезде жүйеде болып жатқан маңызды жағдайлар туралы орталық процессорға ақпарат жібереді. Орталық және аймақтық процесорлардың арасындағы өзара әрекеттесу RPB аймақтық процессордың шинасы арқылы жүзеге асырылады. Аймақтық процессор пәрмендерді қабылдайды, жұптылыққа тексереді, бірақ жетекші жақтың пәрменін орындайды (жетекші процессордың) . Сенімділік үшін барлық аймақтық процессорлар екі еселенген және жүктемені бөлу принципі бойынша жұмыс істейді.
Подсистема I/O жүйешесі - кіріс/шығыс жүйешесі, келесі төмендегі қызметтерді орындайды:
- абоненттерді қосу;
- абоненттердің категориясын өзгерту;
- тарификация туралы мәліметтерді шығару;
- өлшеу;
- резервтік ПО сақтау;
- апат және ақау туралы хабарламаларды басып шығару;
- орталықтармен және техникалық эксплуатациямен байланыс.

ЦСК S-12 (12 жүйе)
S-12 коммутациялық жүйесін Alcatel (Германия) фирмасы жасаған. S-12 ЦСК шеткі, транзиттік, қалааралық және халықаралық ретінде телефон желілерінің (сеть) иерархиясының барлық деңгейлерінде қолданылуы мүмкін. Жүйе стационар, мобильді және ISDN-абоненттердің негізгі және қосалқы қызметтерінің кең ауқымын қамтамасыз етеді, мекемелік АТС әр түрлі типтерін қосуға мүмкіндік береді. S-12 инттелектуалды желінің (сеть) (SSP - ServiceSwitchingPoint) қызметінің түйін коммутациясының қызметін орындай алады. S-12 белгіленген сигналдық каналдар бойынша және №7 ОКС бойынша жүйелерді қолдануға болады. Станцияаралық байланыс стандартты ИКМ-тракттар бойынша жүзеге асырылады. S-12 жабдықтары желіде техникалық эксплуатация орталығын ТЭО және тарификация орталығын (биллинг-орталық) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Негізгі техникалық сипаттамалары:
абоненттік желілердің (линия) саны - 2 артық;
байланыстырушы желілердің (линия) саны -85000 астам;
қол жетімділіктің шығарылатын концентраторы 1024 желіге (линия) дейін;
өткізу қабілеті - 35000 Эрл;
ЧНН шақыру саны - 2;
электрқоректендіру -48В және -60В тұрақты ток.

Жүйе конфигурациясының келесідей негізгі түрлерін көрсетуге болады:
1) Жергілікті станциялар, төмендегілерден тұрады:
Орташа/ Үлкен станциялар: 512-ден 200-мың желіге (линия) дейін
Кішкентай: 256-ден 6 мың желіге (линия) дейін
2) Алыстағы концентраторлар, төмендегілерден тұрады:
Шығарылатын абоненттік блок 488 желіге (линия) дейін
Қолжетімділіктің шығарылатын коммутаторы 1024 желіге (линия) дейін.
3) Радиоға қол жетімді станции: 250-ден 320 абонентке дейін
4) Ұялы желінің (сеть) жылжымалы байланыс жабдығы.
5) Қалааралық/халықаралық станциялар: 60 мың байланыстыруша желіге (линия) (тракт) дейін.
S-12 көпмодульді, бағдарламамен басқарылатын, басқару жүйесі таратылған болып табылады. Аппараттық құралдар әр түрлі типтегі модульдерге орналастырылған (15. 6 сурет) .
Әр модуль өзінің процессорының басқаруымен белгілі бір қызметті атқарады. Процессор модульді алдын ала жазылған бағдарлама бойынша басқарады. Модульдер топтық ажыратқышта (коммутациялық өрісте) орталықтандырылған модульаралық тракттардың көмегімен өзара байланысқан.


S-12 конфигурациясының барлық типтері негізгі құрылымды қолданады. 15. 7 суретте S-12 ЦСК негізгі құрылымы көрсетілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz