Қаржы рыногы және қор биржасы




Презентация қосу
Қаржы рыногы және қор биржасы

Орындағандар: Сыдық Алия
Бірмағанбет ақтолқын
Дүзелбай Нұршат
Қуанышова Зарина
Сұлтанбек Айбол
Тексерген: Омар С.А
Қаржы рыногы
Қаржы рыногы – бұл, ең алдымен дербес
экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату
мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмаларлың, банктердің,
жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық
институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша
бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді
қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы.
Қаржы рыногының құрылымы
Ақша рыногы - қолма-қол ақша ғана емес,
қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын
төлем қаражаттарының нарығы.
Несие рыногы - несие бойынша банктердің
кредит операцияларымен байланысты.
Капитал рыногы - қоғамдық өндіріс
қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді
қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығының міндеттері
Қаржы нарығы әр жерден келген уақытша
пайдаланбайтын капиталды жұмылдырады;
Уақытша пайдаланбайтын жинақталған
капиталды көптеген түпкі тұтынушылар
арасында нәтижелі таратады;
Инвестиция аясында капиталды пайдаланудың
нәтижелі бағыттарын анықтайды;
Қаржы тәуекелін азайтуға мүмкіндік жасайды;
Капитал айналымын шапшаңдатады.
Қаржы рыногының жұмыс істеу шарттары
Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі
және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным
мен ұсынымның теңгерімдігі;
Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру:
бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға
бақылау жатады;
Несие нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы,
яғни кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие
русурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік
мөлшерлемесін, коммерцилық банктердің міндетті резервтерінің
нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу
арқылы реттелінеді.
Қаржы рыногы келесі себептер бойынша
экономикада басты рөл атқарады

Оның арқасында ақша
қаражаттарын өндіріске салып,
елдің өндіріс қуатын нығайту, Оның көмегімен инвесторларға
қор әлеуетін жинақтау ең көп пайда әкелетін
кәсіпорындар мен салалардың
дамуы жеңілдетіледі

Қаржы рыногында іске асырылатын
капиталдардың құйылуы ғылыми-
техникалық прогрестің
жылдамдауына жағдай жасайды
Қор биржасы
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының
сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы
сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз
етуді жүзеге асыратын заңды тұлға және АҚ нысанындағы өзін-өзі
реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-
өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен
кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға
пайдаланылады.
Қор биржасы бұл:
1) сауда жүйелерін қолдау және пайдалану;
2) қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге
жорамалданып отырған немесе енгізілген
эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа
жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы
құралдарына талап қою;
3) өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық
және өзге де қызметтер көрсету;
4) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары
мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу.
Қор биржасының мақсаты
Бағалы қағаздардан сауда жасау үшін көпшілікке
қолайлы жағдай жасау, бағалы қағаздарға ұзақ
мерзімге ақша қаражаттарын салушы жеке және
институционалдық инвесторларды тарту,
инвесторлардың, клиенттердің және биржа
мүшелерінің мүддесін қорғау.
Биржадан тыс бағалы қағаздар
рыногының баға белгілеу ұйымы –
акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысанында құрылған, осы сауда-саттықты
ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға
белгілеу арқылы айырбастау жүйесін
пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты
ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Қазақстан қор биржасы
Қазақстан қор биржасы — Қазақстан, Алматы қаласындағы қор
биржа. Биржаның негізі 1993 жылы қаланған. 1993 жылдың 15
қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы
уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында –
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық
коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны
ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен
Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық
Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына
қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық
нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға
ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық
Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы
жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
Назарыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
АҚШ - тың сыртқы қарыздары
Әлемдік нарықтағы қор биржасы
Қаржы нарығы
Түрі Еншілес компания
ЖАПОНИЯ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Жапония мемлекетінің бағалы қағаз нарығының мәні мен құрылымы
Қор биржасының инфрақұрылымы
Қазақстан қор биржасы
Репо операциялары
Үндістан Ұлттық Қор биржасы
Пәндер