Төленбеген капитал шоты
Презентация қосу
Жарғылық капитал
есебі.
Тексерген:Оқытушы PhD доктор М.А.Алтынбеков
Орындаған : ЕжА-205 Худайберген Гулайым
Капитал туралы түсінік
• Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір
мөлшерде мүлікгерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің
ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті
капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның
капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем
болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының,
акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан
үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның
қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін
түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
• Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
• Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдагы
активтер» деп екіге бөледі.
• Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдарынан, материалдық емес
активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы
•
• айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техника лық базасын
жасауға және дамытуға арналады.
• Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысьшда пайда
табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа
мерзімдік қаржылық салым- дар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық
борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
• Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы
қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының
көздері болып мыналар саналады:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
бөлінбеген пайда.
• Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа
қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа жэне ұзақ мерзімді
несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
|
•
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті Қаржыларынан басқа
қарыз қаражатт пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді
несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
• Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін
қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
• Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры
мынадай түрлерге бөлінеді:
• Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық ащионерлік
қогам) жарғылық капиталы.
• Өндірістік кооператив мүшелерініц мүлік жарналары (үлестері').
•
•
• Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның
мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана
өзгеруі мүмкін.
• Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларының олардың
атаулы (номиналдық) кұнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда
болған құн айырмашылығынан туындайды.
• Қосымыша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі
негізгі құралдары мен инвестнцияларын қайта бағалаған уақыттағы
олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан
туындайды.
• Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекге (алдағы уақыттарда)
болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын
толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан)
бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық,
сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан
Республикасының зандары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында
қаралады (көрсетіледі).
• Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен
(пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген
салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған
сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Жарғылық капиталдың есебі
• Мекеменің меншікті капиталында негізгі орынды жарғылық капитал
алады.
• Жарғылық капитал- бұл акционерлік қоғамда құрылтайшылардың
акцияларды нақтылы құны бойынша және инвесторларға оларды
орналастыру бағасы бойынша сатылатын барлық шығаруға жаряланған
акциялардың жиынтық құндары есебінен немесе жаңадан құрылған
мекеменің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін шаруашылық
серіктестіктердің басқа да түрлерінде құрылтайшылардың ақшалай
қаражаттары немесе басқа да мүліктер (негізгі құралдар, материялдық
емес активтер, тауарлық материялдық қорлар, бағалы қағаздар, мүлікті
құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және интеллектуалдық
қызметтің нәтижелеріне және өзге мүлікке құқығы) түріндегі
салымдардан қалыптасып, құрылтайшы құжаттарда(мекеменің
жарғысында) тіркелген меншікті капиталдың бастапқы сомасы.
Жарғылық капиталдың есебі
• Жарғылық капиталдың нақты міндеті, орындайтын функциялары мен
қалыптасу тәртібі ең алдымен мекеменің ұйымдастыру құқықтық нысанына
байланысты және Азаматтық Кодекс пен «Акционерлік қоғам туралы»,
«Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы»
Заңдармен реттелінеді.
• Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің капиталы үш
негізгі функциялар атқарады:
• -ол бастапқы капитал, яғни қоғамның қызметі үшін мүліктік негіз болады;
• -ол қоғамдағы әрбір құрылтайшының (акционердің, қатысушының)
салымының үлесі (пайызын) анықтауға мүмкіндік береді, өйткені оған
жиналысқа қатынасушының дауытарының саны және оның табысының
(дивидендінің) мөлшері сәйкес болады;
• -жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғаның адындағы
міндеттемелерді орындауға кепілдік беру мүмкіндігін береді, сондықтан
оның ең төменгі мөлшері заңдармен белгіленеді.
Жарғылық капиталдың есебі
• Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте
жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібі мен мәлшері әртүрлі.
• Акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанда құрылған
мекеменің жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды
олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың
Қазақыстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы»
Заңында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалатын
орналастыру бағалары бойынша төлеу арқылы қалыптастырылады
және ұлттық валютамен көрсетіледі.
• Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшері тиісті қаржылық жылына арналған Республикалық
бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады.
Жарғылық капиталдың есебі
• Акция- бұл акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша
дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай ақ
Қазақыстан Республикасының «акционерлік қоғамдар туралы» Заңда және өзге де заң кесімдерінде
көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
• Дивиденд- бұл акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі.
• Акцияның нақтылы құны- бұл барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және
акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын
біріңғай баға, осы баға бойынша құрылтайшылар арасында орналастырылады.
• Орналастыру бағасы- бұл акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналыстырған кезде
акцияның белгіленетін бағасы.
• Акционерлік қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда
шығарылады.
• Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығы
мен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда
дивидендтер, сондай ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақыстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
• Артықшылықты акциялардың меншік иелеріне – акционерлердің жай акциялардың меншік иелері-
акционерлеріне қарағанда акционерлік қоғамның жарғысында белгіленіп, алдынала айқындалып
кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және акционерлік қоғам тартылған кезде заңмен
белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Жарғылық капиталдың есебі
• Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған
акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, соңдай-ақ
бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның,
серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы
кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі)
тіркеудеда жүргізілуі тиіс. Қандайда болмасьн қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі
ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
• деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
• Жарғылық капиталдың нақты барын және қозғаласы туралы ақпараттарды жалпы
қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5000
“Жарғылық капитал” кіші бөлімінің мынандай пассивтік шоттары арналған
• 5010 “Артықшылықты акциялар”
• 5020 “Қарапайым акциялар”
• 5030 “Салымдармен пайлар”
Бұл шоттар жарғылыұ капиталдың қалыптасуы, көбеюі немесе азаюы негізінде
жүргізледі
Жарғылық капиталдың есебі
• Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ
қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе
акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен сомасына:
• Д-т: «Төленбеген капитал» шоты;
• К-т: «Жай акциялар» немесе
• «Артықшьшығы бар акциялар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
• Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған
жағдайда:
• Д-т: «Ақшалар» шоты;
• К-т: «Төленбеген капитал» шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
• Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:
• «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар»;
• «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар»;
• «Есеп айырысу шотындағы ақшалар»;
• «Кассадағы үлттық валюта түріндегі ақшалар»;
• «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар»
• деп аталатын шоттарының тиістілері дебиттелінеді.
Жарғылық капиталдың есебі
• Ал егер үлес қосушылармен акционерлер қоғамға өз үлесін :
• «Материалдық емес активтер»;
• «Негізгі құралдар»;
• «Материалдық құндылықтар» және тағы басқа түрде салатын болса:
• Д-т: «Материалдық емес активтер»;
• «Негізгі құралдар»;
• «Материалдық құндылықтар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
• К-т: «Төленбеген капитал» деп аталатьш шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
• Сондай-ақ серікгестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері
мен жарналарының сомасына:
• Д-т: «Материалдық емес активтер»;
• «Негізгі құралдар»;
• «Материалдық құндылықтар»;
• «Ақшалар» және тағы да басқа шоттардың тиістісі.
• К-т: «Салымдар мен жарналар» шоты түрінде бухгалтерлік
• жазу жазылуға тиіс.
• «Қайтарылып алынған капитал» деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған
акцияларының есебін
• жүргізу үшін арналған.
Минимальный размер уставного капитала и минимальный
размер оплаты уставного капитала к моменту регистрации по
различным организационно-правовым формам предприятий
Организационно- Размер Размер Сроки оплаты
правовая форма уставного оплаты
капитала (в %)
(МРП)
Акционерное В течение 30
общество 50000 100 дней с даты
регистрации
Товарищество с не менее
ограниченной 100 25 до регистрации
ответственностью
Товарищество с не менее
дополнительной 100 25 до регистрации
ответственностью
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz