Балық өңдеу


Slide 1

С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Ара, аң және балық шаруашылығы

Орындаған: Султанахмет Оразбек

Тексерген: Омарова Қарлығаш

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Ара шаруашылығы өнімдері

Slide 3

Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т. б. ) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П. С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар - Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. П. Михаэлис, А. Н. Федоров, т. б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 - 16 ж. оның басшылығымен Оңт. -батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә. Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т. б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т. б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады.

Кіріспе

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Ара шаруашылығы өнімдері

Ара шаруашылығы ауылшаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Олар: аналық ара сүті, прополис, бал ара уы; Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. *Лабораториялық зерттеулермен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігі анықталған. Бүгінгі таңда бал тек қана жоғарғы тағамдық өнім ғана емес сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Ара балы табиғаттың керемет сыйы. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. Лабораториялық зерттеулер мен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігін анықтаған. Оның құрамында организмге бағалы жүздеген компоненттер бар: глюкоза, лебулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдар, горманалды, антибактериалды тағы басқа заттар. Осы бір пайдалы да дәмді өнімді белгілі жәндіктер бал аралары өндіреді.

Балауыз- аралардың арнайы сөлінен түзілетін қатты, ұсақ түйіршікті, түссіз, қошқыл-қоңыр түсті зат. Өндірістің 40-тан астам салаларда, соның ішінде авиациялық, текстильді, фармацевтикалық, сонымен қатар медицинада, парфюмерияда және косметикада кең қолдану тапқан.

Гүл тозаңы- аралар гүлден жинайды, моносахаридтерге, минералды және белоктық заттарға, ферменттерге, витаминдерге, өсу гормондарына өте бай. Ол ара тұқымын азықтандыру үшін, аналық сүтін ферментті және балауызды өндіретің бездерді қамту үшін қызмет етеді. Тозаң концентрленген өнім болып саналады және медицинада, косметикада қолданылады.

Перга- аралармен жинап алынған және өңделеген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белокты азық, оның жеткіліксіздігі ар жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді, осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылысын консервілеп оны пергаға айналдырады. Құамында белок, қант, май, минералды заттар, сүт қышқылы, витаминдер, гормондар бар.

Прополис- араның желімі, бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяның қабырғаларына жағып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерильді және берік болу үшін. Прополистің негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфирлі майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әртүрлі элементтер, витаминдер, бактероицидтік, антитоксидтік, қабынуға қарсы анестезирлеуші және стимульдеу қасиеттеріне ие.

Ара уы- аралардың секторлы сөлінің өнімі, түссіз өткір иісті, күйдіргіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицинада кеңінен қолданылады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Жоспар:

Кіріспе

Балық шаруашылығы секторлары

Дүниежүзілік өндіріс

Балық фермалары

Балық өңдеу

Өңдеу тәсілдері

Slide 10

Кіріспе

Балық шаруашылығы - халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т. б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық - Жем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды. [1]

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7, 5 млн. га шамасында есептеледі. Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Slide 11

Балық шаруашылығы секторлары

Коммерциялық сектор құрамына: жабайы аулау мен өсіру, және сол өнімді сату мақсатымен тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар мен кәсіпорындар кіреді. Сонымен қатар, жоғарыда аталғанға қоса «теңіз өнімдерінің өнеркәсібі» ретінде аталып, інжу сияқты азық-түлікке жатпайтын заттарды да өндіреді.

Дәстүрлі сектор: байырғы адамдардың дәстүрлеріне байланысты шығаратын өнімдерімен байланысты жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындар жатады.

Рекреациялық сектор: алынған балық өнімдерін сату мақсатымен емес, спорт немесе демалу мақсатында қолданатын жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындар кіреді.

Slide 12

Дүниежүзілік өндіріс

Балық жинаумен коммерциялық балық аулау және аква мәдениет айналысады.

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ААҰ) мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы әлемдік жиынның 93. 3 миллион тоннасы жабайы балықтың коммерциялық аулауынан тұрса, 48. 1 миллион тоннасы балық фермаларымен өндірілген. Сонымен қатар, жабайы алқада 1. 3 миллион тонна су өсімдіктері (теңіз балдырлар және т. б. ) жиналып, 14. 8 миллион тонна аква мәдениетпен өндірілген. Жабайы табиғатта жеке тұлғалармен ауланған балық жеке саны (балық фермаларының немесе теңіз омыртқасыздары есептемегенде) жылына 0. 97-2. 7 трлн-ға бағаланды(балық фермалары мен теңіз омыртқасыздарын санамағанда) . Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20-30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т. б. ) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады. [2]

Исландияның балық аулау флоты бір мың кемеден тұрады, ал жылдық орташа ауланатын балық мөлшері 1, 7 млн т, жан басына шаққанда 7 т-дан асады. Бұрын ірі исланд майшабағы мен нәлім аулайтын болса, қазір балық ұны жасалатын мойваны көбірек аулайды. Балық аулап, оны өңдеу жұмыстарымен елдің еңбекке жарамды халқының 40%-ы айналысады. Ел экспортының 3/4-ін балық пен теңіз өнімдері құрайды.

Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің - Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиеді. Балықтар материктік қайрандар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйіскен аудандардан көбірек ауланады. Ертеректе балық аулаудың негізгі ауданы Атлант мұхитының солтүстігінде болса, қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты ("Материктер мен мұхиттар географиясынан" балық аулаудың негізгі аудандарын еске түсіріңдер) . Балықтар мен теңіз организмдері популяциясынын азаюы дүниежүзілік балық аулау кәсіпшілігін солтүстік аймақтан оңтүстікке, яғни тропиктерге ығыстырды.

Дүниежүзіндегі ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 15 млн т-сы қолдан өсіру - марикультура арқылы алынады. Балықты қолдан өсіру Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді. Марикультура өнімінің 4/5-ін Азия елдері өндіреді.

Балық фермалары

Аква мәдениет су организмдерін өсірумен айналысады. Сондай-ақ, балық аулау “aquafarming” ретінде белгілі, акваөсіруден айырмашылығы, ол бақыланатын жағдайларда су жануарларын өсіру болып табылады. Мари мәдениет аква мәдениетің теңіз ортасында өсірілетін баламасы болып табылады қатысты. Акваөсірудің ерекше түрлеріне агламәдениет (қоңыр балдырлар / теңіз балдырлары және өзге де балдырлар өндіру) қамтиды; балық шаруашылығы; асшаяндарды өсіру, ұлулар және өсіп келе жатқан қопсытылған інжу жатады.

Балық шаруашылығы, әдетте азық-түлік мақсатында, танк немесе жабық бассейн коммерциялық балық фермаларында өсіруді қамтиды. Балық фермаларында өндірілетін балық түрлеріне: карп, лосось, тилапия, сом және треска жатады. Коммерциялық балық операциялармен жабайы балық арттыру талаптар таралған балықты шектен тыс аулау келтірген. Балық шаруашылығы, балық және балық ақуыз өсіру нарықтық сұраныстың балама шешімін ұсынады.

Slide 13

Балық өңдеу

Балық өңдеу - коммерциялық балық және балық фермаларының жеткізілетін балығын өңдеу болып табылады. Үлкен балық өңдеу компаниялары өз балық аулау және тәуелсіз балық аулау парктері бар. Өнеркәсіп өнімдері әдетте азық-түлік ретінде немесе делдалдар көтермесінде сатылады.


Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өңдеу технологиясы
Балық туралы мәліметтер
Тауарлы балық
Балық өңдейтін цехтарындағы жалпы қойылатын талаптар
Балықты жылумен өңдеу
Газ өңдеу өнеркәсібі
Салқындатылған балықтар
Балық өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіп
Аспаздық өңдеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz