Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану




Презентация қосу
Тақырып: Әлеуметтік
әлемді түсінудегі
әлеуметтану. Әлеуметтану
теорияларына кіріспе

Пәні: Әлеуметтану
Тобы: ИЯ-20-3
Орындағандар: Кумаева Жаңылсын,
Адилова Гүлнұр, Жақсыбаева Камила
Тексерген: Ережепова Римма
Әлеуметтануға кіріспе
• Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы,
жұмыс істеуі және даму заңдылықтары
туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді,
үдерістерді, қатынастарды, жеке
тұлғалардың, әлеуметтану топтардың
қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен
әлеуметтану мінез-құлқын, олардың
ұйымдарының институты.
Индивид және қоғам
- Тұлғаның мәнін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымды оған маңызы
жағынан жақын «адам» және «индивид» ұғымдарынан ажырата
білу керек. «Адам» ұғымы адам баласына тән жалпы белгілерді
білдіретін тектік ұғым болып табылады. Адам биоәлеуметтік
жаратылыс болғандықтан, бұл ұғымға оның жалпы әлеуметтік,
сондай-ақ биологиялық белгілері де кіреді, өйткені оның әлеуметтік
мәнінің тасымалдауышы тірі адам ағзасы болып табылады.
Әлеуметтік орта мен
әлеуметтік мінез-құлық
• Әлеуметтік орта – адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен
тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы
және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын
қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).
• Әлеуметтік мінез-құлық дегеніміз – жеке тұлғаның жалпы қоғамға немесе
бір түрдің мүшелеріне бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
Әлеуметтік теориялар бойына әлеуметтік мінез-құлық табиғаты мен
оның сипаттамалары туралы әр түрлі теориялар жасалды.
Әлеуметтанулық ойлау
Әлеуметтанулық ойлау дегеніміз – объективті шындықты белсенді бейнелеудің
жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның
танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың
бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани
мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы
дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей
біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.
Әлеуметтанулық теория
• «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім,
ұғым деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында
атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізіп, әлеуметтану
ғылымының негізін қалады. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия
курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі
заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел
етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» еді.
Микро және макро деңгейлер
• Микродеңгей бұл – адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасын-
интеракция ретінде, олардың өзара іс-әрекет түрлерін зерттейді. Бұл
сала жұмыс істейтін зерттеушілердің есептеуінше әлеуметтік
құбылыстар адамдардың бір- бірімен өзара қарым-қатынасына мән
бергенде ғана мазмұндар негізін талдап түсінуге болады. Олардың басты
зерттеу тақырыбы-индивидтер іс-әрекет, олардың әдеті, мотивтері,
қоғамның тұрақтылығы немесе ондағы өзгерістерге серін зерттейді.
• Макродеңгей бұл – негізінде кез-келген қоғамның мәнін түсінуге
көмектесетін іс-әрекет үлгілеріне мән береді. Бұл құрылымдар өздеріне
мынадай қоғамдық институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дін
сондай ақ, саяси және экономикалық құрылыс. Адамдар туылғаннан
бастап осы әлеуметтік құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін
байқайды. Макросоциологтар қоғамның түрлі бөліктерінің қарым-
қатынастарын зерттеуге аса мән береді, олар сондай ақ, осы өзара
байланыстардың өзгеруін де анақтауға тырысады.
Әлеуметтік тәжірибедегі себеп салдардың
байланыстары
• Әлеуметтік тәжірибедегі себеп салдардың байланыс ұғымы
әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады.
Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып
отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-
қатынастар деп аталады. Олар саяси, экономикалық,
құқықтық т.б. Қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл
қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста,
біріне-бірі себепші болады. Әсіресе, саяси қарым-
қатынастардың қоғамдағы рөлі зор. Ол. Әлеуметтік
қарым-қатынастардың басқа түрлеріне елеулі ықпал етеді.
Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік топ
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
ДӘРІС Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Экологиялық әдіс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕГЕ СИПАТТАМА
Әлеуметтану ғылымының қызметтері
Әлеуметтану міндеттері
ЖОСПАР ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҮСІНІГІ
СЕНІМНІҢ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТҮСІНДІРУ
Мифология және философия
Пәндер