Медицина тақырыбындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Презентация қосу
Курстық Жұмыс тақырыбы:
Медицина тақырыбындағы
мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Орындаған: Спд 18-5 Аманжолова Аружан
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
БӨЛІМ І. МЕДИЦИНА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ......................................................................................................4
1.1.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі медицина терминологиясының дамуы.....4
1.2.Медициналық аударма түрлері..................................................................8
БӨЛІМ ІІ. АҒЫЛШЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАРДЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН
ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ..............................................................................................22
2.1. Медициналық терминдердің аударылуы (аудармашының жалған достары,
транскрипция, транслитерация, калькалеу) ...........................................................22
2.2.Медицина тақырыбындағы мәтіндерде кездесетін аббревиатуралар
(графикалық, лексикалық, синтаксистік) ...............................................................26
БӨЛІМ ІІІ. МЕДИЦИНА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДІ ТАЛДАУ
БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ...................................................................31
3.1. Крис Стокел-Уолкердің «Жасанды интеллект дәрігерлердің медициналық
диагнозды жақсарту туралы ойлау тәсілін имитациялайды» атты мақаласын
талдау..........................................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................37
Мен бұл курстық жұмысымда, қазіргі таңдағы ең ауқымды аудармалардың бірі
- медицина тақырыбындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктеріне тоқталғым
келеді. Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық
қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну
керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс,қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау
стилінің өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы
терминологияда, ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа
ерекшеліктерде қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды
аударма жасау үшін, әр сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі
логикасын бақылау қажет, түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және
аудармалы мәтіндегі қателіктер мен жаңылыс басылған сөздерді байқай алу
керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – медициналық аударма түрлерін қарастыру.
Медициналық мәтіндердің аударма ерекшеліртерін анықтау. Медициналық
мәтіндерді аударған кездегі қиыншылықтарды, терминология, аббревиатуралар,
қыстартулар, аудармашының жалған достары, транскрипция, транслитерация,
калькалеу әдістерін қарастыру.
БӨЛІМ І. МЕДИЦИНА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі медицина терминологиясының дамуы
Классикалық ғалымдар көне заманғы медицина жазбаларының мазмұны мен
тілін егжей-тегжейлі зерттеді.
Қазақ тілі медицина терминологиясының дамуына қазақ ағартушылары
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов зор үлес қосты.
Кейбір деректерге жүгінсек, қазақ медицина лексикасы қолданыс аясының
басталу кезеңін бұдан бес ғасыр бұрын шипагер Өтебойдақ
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіндегі медицина туралы
тәжірибесі дәлелдейді.[1,б.10]
Қазақ медицина лексикасының пайда болуы және дамуы кезеңі туралы
К.Аяпбергенова «Қазақ тілі сабағында медицина лексикасын мамандыққа
сәйкес оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы
авторефератында 3 кезеңге бөледі: революцияға дейінгі,1926-1950ж.ж. және
1950ж. бастап қазіргі заманғы кезеңдерге бөледі. [1,б.12]
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Қазіргі таңда көпшілік медициналық
материалдар ағылшын тілінде және ағылшын тілі ғылыми конференция тіліне
айналды.[2,б.12]
Ағылшын медициналық терминологиясы қалыптасуы мен даму жолы
халықаралық медицина терминологиясының құрамды бөлігі ретінде өзінің 2500
жылдық тарихы бар.
Жалпы медицина тарихы ежелгі грек және латын тілінен бастау алады.
Мысалы, грек тілінен шыққан, халықаралық қолданыстағы терминдер:
arthritis, articulus, oculus, cirrhosis, leukaemia және тағы басқалар; сондай –ақ
латын тіліндегі терминдер: acutus morbus – аурудың жедел түрі, cancer – қатерлі
ісік, febris - безгек, tumor - ісік, және тағы басқалар.
Ағылшын медицина тілінің даму барысын елдің тарихымен және жалпы тіл
тарихымен байланыстырып, бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
1) “ежелгі ағылшын” кезеңі; V – XI ғасырларды қамтиды;
2) “ортағасырлық ағылшын” (Middle English); XII ғасырдың ортасы –
XVI ғасырды қамтиды;
Бұл кезеңде латын (femur, placenta), француз (migraine, nurse) және араб
(alcohol, alcali) тілдерінің де ізі қалды.
3) “Жаңа ағылшын” кезеңі (Modern English); XVI ғасырдың соңы – XIX
ғасырды қамтиды;
4) “Қазіргі заманғы ағылшын” кезеңі(Today’s English); XX – XXI
ғасырларды қамтиды.
Соңғы 2 ғасыр ішінде медицина саласы дами келе, өз ішінде тармақтарға бөліне
бастады. Нәтижесінде ағылшын тіліне жаңа терминдер енгізуге тура келді. Егер
жоғарыдағы аталған кезеңдер бойы терминдер латын- грек тілдері немесе басқа
да кірме тілдер және латын-грек тілдерінің қосымшалары арқылы жасалса,
қазіргі таңда ағылшынның өз жаңа сөздері пайда болды. Мысалы: AIDS, shock,
stress,screening және тағы басқа.
Жалпы медициналық аудармаға келетін болсақ, медициналық
аударма медицинаның әр бағытты бойынша және фармацевтикалық
бағыттағы мәтіндердің аудармасын қамтиды,
Биологиядан
аударма
Формокология Химиядан
лық аударма аударма
Физиология Медициналық Хирургияда
дан аударма аударма н аударма
Гинекологиядан, Педиатриядан
акушерлік аударма
саладан аударма
Реанимациядан
аударма
БӨЛІМ ІІ. АҒЫЛШЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАРДЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
2.1.Медициналық терминдердің аударылуы (аудармашының жалған достары,
транскрипция, транслитерация, калькалеу)
Терминдерді түсіну және аудару қиындығына байланысты көзқарас
тұрғысынан оларды 3 топқа бөлуге болады:
1. Шетелдік өмірдегі реалийді белгілейтін терминдер. Бұл топтағы
терминдерді түсіну қиындық тудырмайды, дегенмен мынадай жағдайлар болуы
мүмкін: ағылшын термині (интернационалдық термин) түріне байланысты
қазақша баламалық түр табу оңай емес.
2. Шетелдік тұрмыс-тіршілік реалийін белгілейтін қазақ өміріне қатыссыз
немесе жалпыға бірдей қазақ (орыс) терминологиясында баламасы бар
терминдер.
3. Шетелдік болмыс реалийін белгілейтін қазақ болмысында
қолданылмайтын, жалпыға бірдей қазақ терминологиялық баламасы жоқ
терминдер. Мұндай терминдерді аудару мынадай жолдармен жүргізіледі.
а) ағылшындық терминді сипаттау;
б) сөзбе-сөз аудару;
в) жекелеген немесе толық түрдегі транслитерациясын беру
(транслитерация – шетелдік сөздің графикалық үлгіде, яғни әріптік қабылдау
түрінде жеткізуге арналған аудармашылық тәсіл);
Бірнеше мысалдарға тоқталып өтсек :
— Cellulitis – біздің ойымызға бірден целлюлит деген ой келеді ,
дегенімен бұл сөздің аудармасы флегмона ,
— Potent pathogen ( бактерия жайында ) — потенциалды деп
аударылмайды мықты , күшті патоген , яғни қарапайым патоген деп
аударылады .
— Symptomatic — тек белгілік ( симптоматикалық ) деген мағынаны
білдіріп қоймайды , сонымен қатар клиникалық көрініспен деген мағынасы бар
. symptomatic hypertension – белгілік қызылтамыр гипертониясы деп емес ,
клиникалық көзіністеп қызылтамыр гипертониясы деп аударылады . Бірақ
ѕуmрtоmаtiс thеrару – белгілік терапия деп аударылады
2.2.Медицина тақырыбындағы мәтіндерде кездесетін аббревиатуралар
Аббревиатуралардың аудармада ағылшын және орыс т.б. тілдердің
медициналық қысқартуларын, аббревиатураларды аудару қиынға соғады.
Ағылшын аббревиатураларын аудару проблемасы қазіргі таңда күннен күнге
актуалды болып келеді. Ағылщын тілінде аббревиация жүйесі грамматика M
құрамын жеңілдету үрдісінің, компрессия әдісі және сөздерді үнемді қолдану
арқасында дамып отыр. Абревиация әдісі екі бағытта іске асырылады: жаңадан
жасалынады және бейімделеді,ал шала аудару немесе қарама қайшылық
аударма проблемаларын араңдату салдарын туғызады. Бұл мәселелер
аббревиатуралардың нақтылы аудармасына тиісті.
Медицинасы дамыған тілдердің бірімен, ағылшын тілімен салыстырсақ, ондағы
негізгі үрдіс бұл терминдерді қысқарту. Ағылшын тілінен қазақ және орыс
тілдерінің айырмашылығы басым жағы терминдер, ал ағылшын тілінде
терминдер бірден аббревиатураға айналдырылады. Мысалға: left kidney (левая
почка,сол жақ бүйрек) - это LK, right kidney (правая почка,оң жақ бүйрек) - RK,
а liquid nitrogen (жидкий азот,сұйық азот) - это LN.
Аббревиатураны ipi топқа бөліп, қарастырамыз : Графикалық , лексикалық .
Графикалык аббревиатура өз ішінде қалыпты және белгілі болып
ажыратылады , бірақ жартылай ресми медициналық документациясы шектеулі,
мысалы :
T.S.Т.Н. “ too sick to send home " - толық жазылмағандықтан стационардан
үйіне жіберуге болмайды . ( стационардан үйіне жіберетіндей толық
жазылмаған ) .
Н.В.D. “ Las been drinking ” – « маскүнемдік »
G.ON. “ God oney knows ” — « Бір Құдай біледі»
Егер берілген қысқарту жазбаша медицинада графикалық сатыға жататын
болса, кәсіптік (мамандандырылған сұхбаттамада) бұл лексикалық
аббревиатура.
Берілген топтағы аббревиатуралар мыналар :
а.с. “ ante cibum , before meals ” « тамақтанар алдында » ;
b.i.d. “ bis in die , twice a day ” « күніне екі рет » ;
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыс барысында мен медицина тақырыбындағы мәтіндерді
аудару ерекшеліктері мен қиыншылықтарын қарастырдым. Медициналық
мәтіндердің әр түріне, педиатриялық аударма, реанимациялық аударма,
фармокологиялық аударма, хирургиялық аударма, геникологиялық аударма
және дәрі-дәрмектік аудармаға тоқталып өттім. Қазақ және ағылшын
тілдеріндегі медицина терминологиясының дамуын кезеңдерге бөліп
қарастырдым. Медициналық терминдердің аударылуы кезіндегі
ерекшеліктерді, аудармашының жалған достары, транскрипция,
транслитерация, калькалеу әдістері бойынша аудару қателіктерін талдадым.
Медицина тақырыбындағы мәтіндерде кездесетін аббревиатураларды, олардың
туындауын оқып, білдім.
Шынында да кез келген медициналық аударма,бұл – үлкен жауапкершілік
екенін түсіндім. Аударма жасаушы маман тек қана қателік жіберуге емес, тіпті
түкке тұрмас дәлсіздік немесе екі мәнді баян етуге құқығы жоқ екеніне көзім
жетті. Аудармашы, медициналық мәтінді аударуға кіріспес бұрын, тар
бағыттағы терминологияны меңгеріп қана қоймай, медицина, анатомия,
педиатрия бойынша ақпараттың базалық қорын білуді талап ететін бүкіл дағды
мен білімнің жиынына ие болуы тиіс. Медициналық аударма, аудармашыдан
үлкен икемділікті талап етеді: ол бұл саладағы жаңа жетістіктерді қадағалау
керек, үнемі тәжірибесін молайтып, ауызша аударма жасауға даяр болып тұру
керек. Сондықтан да, бұндай жұмыспен тек қана машықтанған, ақпаратты
лезде ілтипатқа алатын және ғылыми қызметкерлерге жоғарғы деңгейде диалог
құруға мүмкіндік беретін аудармашы айналыса алатынына көзім жетті.
Назарларыңызға Рахмет!
M
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz