Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
Презентация қосу
ХІХ Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
РЕСЕЙЛІК САЯСИ-ӘКІМШІЛІК
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЕНГІЗІЛУІ
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 ж. Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.
3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері.
4.Жаңа әкімшілік–территориялық жүйе құрылымы.
Кіріспе
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы
басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір
сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғамының
экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың
аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік
институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша
үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені
ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. 1822 жылы Орынбор
губернаторы П.К. Эссен дайындаған Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғыда
Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланады,бірақ ол жүзеге аспады. Жарғының да
бекітілмеуі осыған байланысты болды. 1824 жылы Орынбор губернаторы Кіші жүз ханы
Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктік
қызметке тағайындады. Кіші жүздегі хандық билік осылай жойылды. Тек Еділ мен Жайық
арасындағы Бөкей хандығы 1801 жылғы құрылып 1845 жылға дейін сақталды.
XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан
билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты
негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.
Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында
өздерінің беделінен айырылып қалды. Оның үстіне дәрменсіз билеушілердің саны
да көбейіп бара жатты.
Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше
әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды
басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың
сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-
қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы,
екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды.
Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша
үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал
ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті
әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз
қазақтардың заңды билігін — хан билігін біржолата жоюға итермеледі.
Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі
жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-
губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен
бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне
енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін
біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның
солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға
бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі
түбірімен өзгертілді.
Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы. Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы.
Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда
жеңілдетті. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған
болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей
астанасына «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде
Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы
I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып
алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші
жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт
жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп,
Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор
губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті.
ХІХ
Ғ. ОРТАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒ
Ы КАЗАК ӘСКЕРИЛЕРІ.
• Ресей армиясы сол кезде Еуропадағы ең куатты армиялардың бірі еді. 1825 жылы орыстың
құрғақтағы армиясында 526 мың адам болды.
• XIX ғасырдың ортасында Ресейдің Казақстандағы қарулы күштері тұрақты әскерлер мен тұрақты
емес әскерлерден тұрды, олар екі әскери құрамаға біріктірілді. Жеке Орынбор корпусына 23-жаяу
әскер дивизиясы (10 шептік батальон кұрамында), Орал және Орынбор қазақ әскерлері, башқұрт-
мещеряк казак полкі кірді. Корпустың штабы Орынборда орналасты, өлкенің әскери губернаторы
кызметі бойынша оның командирі болды. Жеке Сібір корпусына 24-жаяу әскер дивизиясы
(15шептікбатальон құрамында),екі гарнизондық батальон және Сібір шебінің қазақ әскері
кірді.Корпустың штабы Омбыда орналасты, оның командирі Батыс Сібір әскери губернаторы болды.
• Казақстанның бүкіл дерлік аумағын батысынан шығысына қарай бекіністері, форттары,
форпостары, кордондары мен пикеттері бар үздіксіз әскери шептер тізбегі коршап жатты. Мәселен,
Орал шебі Гурьевтен Илецк корғанысына дейін созылды және XIX ғасырдың басында 19 форпост
пен 5 бекіністен тұрды. Төменгі шепте - 6 мың, жоғарғы шепте - 7 мың, Оралдың өзінде 17 мың
казак орналасты. Ал 1857 жылға қарай төменгісінде - 21 мың, жоғарғысында - 45 мың, Орал
қаласында 11 мың казак болды.
Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша
үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық
саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде
патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-
губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс
Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты
және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен
бірте-бірте қосып жіберу" үшін Ресейге бағынышты халықтарды
бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті
ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп,
ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге
асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің
қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат
байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым
тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.
НАЗАРДАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz