ОРТА АЗИЯ, КАВКАЗДЫҢ ҚОЛА ДӘУІРІ МӘДЕНИЕТТЕРІ




Презентация қосу
ОРТА АЗИЯ, КАВКАЗДЫҢ
ҚОЛА ДӘУІРІ МӘДЕНИЕТТЕРІ
Орта Азия қола дәуірі
Б.э.д. 3 – мыңжылдықтың соңында Орта Азия мен Қазақстанның
Сiбiрге ұласқан аймағында қола ғасырлық ерекше мәдени орталық
қалыптасты. Бұл мәдени орталықтың таралу аймағы Минусин
қазаншұңқры, Енисейдiң жоғарғы ағысы, Сiбiр және Қазақстан
жерлерiн қамтыды. Осы мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы мыс
рудасының молдығымен тығыз байланысты.
Айтылған өңiрдiң қола ғасырлық археологиялық мәдениеттерi
барлық жерлерде бiрдей жақсы зерттелмеген. Ең жақсы зерттелген
аудандардың бiрi Оңтүстiк Сiбiрдiң қола ғасыр ескерткiштерi. Бұл
ауданда бiрiн бiрi кезегiмен алмастырған үш үлкен архелологиялық
мәдениет мұралары жақсы белгiлi. Олар: Афанасьев, Андрон
(Андронов) және Қарасұқ археологиялық мәдениеттерi.
Афанасьев мәдениетi
• Б.э.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда
Енисейдiң жоғарғы ағысы мен
Алтай даласында
қалыптасақен Афанасьев
мәдениетi өзiнiң бастауын жаңа
тас, (неолиттен) алады. Негiзiнен
жерлеу ескерткiштерi жақсы
зерттелен.
• Афанасевтықтардың шаруашылығы
өндiрушi шаруашылық, оның
iшiнде бақташылық басым. Қазiргi
кездегi үй жануарларының негiзгi
түрлерiнiң барлығы дерлiк
ұсталған. Аңшылық пен балық
аулау да қоғам өмiрiнде елеулi • Минусинскiдегi осы мәдениетке атын
орын алды. Афанасавтықтардың берген Афанасев тауындағы зираттан
бiрсыпыра қоныстары да метеориттiк темiрден жасалған бiлезiк
зерттелген. шықты.
• Негiзгi еңбек құралдары тастан
жасалғанымен мыс пышақтар, орақтар,
балталар, инелер тiптi мыс қанжарлар да
кездеседi. Күмiс пен алтыннан жасалған
бұйымдар да табылған.
Андрон мәдениетi
• Андрон мәдениетi б.э.д. 2 –
мыңжылдықта Шығыс Орал
мен Батыс Сiбiр аралығында
қалыптасты. Оның негiзгi
таралу аймағы батыста Орал
тауынан, шығыста Енисейге,
солтүстiкте Тайгадан, оңтүстiкте
Тян – Шань тауларына дейiнгi
Орта Азия мен Қазақстан жерiн
алып жатыр.
• Қоныстары егiн егiуге қолайлы
өзен жағалауларына жақын
орналасқан.
Андрондықтар туралы..

• Андрондықтардың негiзгi
шаруашылығы мал өсiру
болған. Негiзгi малдары
қой, ешкi, сиыр және
жылқы. Жылқыны мiнiс
көлiгi ретiнде
пайдалануды игерген.
Металл өндiру кәсiбi
Орал, Орта Азия,
Қазақстан және таулы
Алтай жерлерiндегi кен
көздерi негiзiнде жүрген.
Қарасұқ мәдениеті
• Хакасск – Минусинск қазаншұңқыры
мен оған жақын аймақтарда б.э.д. 2
– мыңжылдықтың
соңында Қарасұрық археологиялық
мәдениетi қалыптасты.
• Қарасұрық қабiрлерiнiң ыдыстары
бомбаға ұқсас: аса үлкен емес
мойны тiк, бүйiрлерi шар тәрiздес,
түбi жұмыр. Олардың сыртында
кесiп және басып салынған үшбұрыш
және ромба тәрiздес өрнектер.
• Хакасск – Минусинск
қазаншұңқырының қарасұрық
мәдениетi өкiлдерi кезiнде көршi
орманды және далалық
тайпалардың мәдениетiне үлкен
ықпал жасаған.
• Қарасұрыққа ғана тән қола заттар
алыс аймақтар: Забайкалье, Тува,
Алтай және Қазақстан, тiптi
Кавказ бен Болгар, Румын
жерлерiнде де кездеседi.
Қарасұрық тайпаларының негiзгi
кәсiбi мал шаруашылығы болды.
Қабiрлерiне қойылған мал
сүйектерiнiң көптiгi осыны
бiлдiредi. Көбiне қой өсiрген.
Олардың қоныстарының мәдени
қабатының жұқа, ыдыстарының
түбi жұмырлығы
отырықшылықтың
тұрақсыздығын көрсетедi.
Кавказдың қола дәуірі мәдениеттері
Табиғи металл қорына бай Кавказ өңірі қола ғасыры
мәдениеттерінің қалыптасып, дамуына ернекше роль атқарды.
Өздерiнiң шыққан тегi мен шаруашылық қатынастары
тұрғысынан әртектес Кавказ тайпаларында бiрнеше
археологиялық мәдениеттер қалдырған. Олардың бiр бiрiне
мүлде ұқсамайтын өзiндiк ерекшелiктерiмен қатар бiрсыпыра
ортақ белгiлерi де болды. Оны бiз егiншiлiк пен бақташылықтың
едәуір дамыған нысандарынан, боялған керамиканың таралуы
мен iрi тастардан салынған алып құрылыстарынан көремiз.
Кавказ тұрғындарының Алдынғы Азия халықтарымен
байланысы Ежелгi Шығыс техникасы мен қару түрлерiнiң
Кавказға таралуына әсер еттi. Олар ежелгi Ассириялық
нысандағы семсерлер, Алдынғы Азиялық балталар, Ежелгi
Шығыстық айбалталар (секирлер) едi . Кейбiр қарулардың
түрлерi оданда алыстағы солтүстiк аудандарға да таралған.
• Ерте қола ғасырында Шығыс Кавказда кура-аракс (б.з.д. ІІІ мың.)
мәдениеті тайпалары өмір сүрді. Бұл мәдени бірлестік Шығыс
Анатолия, Солтүстік-Батыс Иран, Дағыстан мен Шешен жерлерін
де мекендеді. Осы аймақта отырықшы-егіншілік мекендер саны
көбейді. Қоныстар салуға көбіне таулар мен тау бөктерлері
игерілген.
• Б.з.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда
өмiр сүрген Солтүстiк Кавказ
тайпаларының мәдениеттерi
ғылымда Майкоп мәдениетi деген
атпен белгiлi. Х1Х ғасырдың
соңында қазылған Белое өзенiнiң
бойындағы Майкоп зираты осы
мәдениеттiң ерте кезеңіне жататын
басты ескерткiшi болып саналады.
• Шаруашылығы егіншілік пен
бақташылыққа негізделген. Жерлеу
заттарынан мүлік теңсіздігінің
тереңдей бастағаны байқалады.
Майкоп тайпалары куро-аракс
мәдениеті өкілдеріне етене жақын.
• Солтүстiк Кавказ мәдениетi б.з.д. 2 –
мыңжылдықтың соңы мен 1 – мыңжылдықтың
басында Кобан атты жарқын да ерекше
мәдениетке ұласты.
• Қобан мәдениетiнiң жерлеу ескерткiштерi мен
қоныстары бұл күнде Асетиядан батысқа қарай
Кавказдың терiскей бөктерiнiң бойымен Қара теңiз
жағалауларына дейiнгi аралыққа таралған. Бүл
мәдениет қарапайым жер қабiр мен жалпақ
тастардан жәшiк секiлдi етiп жасаған қабiрлерге
қол-аяғын бауырына бүгіп жатқызған мәйіттердің
қасына қойылған бай қарулары және еңбек
құралдарымен белгiлi.
• Қола заттардың iшiнде қарулар көп кездеседi. Олар бет жағы
безендiрiлген балталар, өрнектелген қанжарлар, аң бейнелерiмен
безендiрiлген тұтқалар (ұстағыштар), жебе мен найзалардың ұштары,
қола кетпендер мен орақтар. Қобан мәдениетi кезiнде Кавказдағы қола
өндiру өзiнiң шарықтау шегiне жеттi.
• Кейбiр қабiрлердiң материалдары олардағы мүлiк теңсiздiгiнiң
басталуынан хабар бередi.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Ежелгі ПАЛЕОЛИТ
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Қола дәуірі туралы түсінік
Қола дәуірінің ерекшелігі
Қола дәуірі
Шығыс евразия қола дәуірі
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Қола дәуір
Қазақстан тарихының кезеңдері
Пәндер