Мезгілінен ерте босану
Презентация қосу
Қызылорда жоғары медициналық
колледжі
Тақырыбы:
Мезгілінен ерте босану
Студент: Махмут Аружан
Ержанқызы Тахмина
Топ: ҚБ-5
Оқытушы:Нейля Калмурзаевна
Қызылорда,2021
Жүктіліктің 22 аптасынан 37
аптасына дейінгі мерзімінде баланың
туылуы және салмағы 500гр-нан 2500 гр-ға
дейінгі, бойы 24-45 см нәрестенің туылуын
ерте босану деп атайды.
Жиілігі: 4-5% аралығында, 33-37 аптада 75%-ға жетеді.
Перинатальдық өлімнің 50-70%-ы ерте босанудың
асқынуының салдары.
50% барлық перинетальдық жоғалтуды жүктіліктің 33
аптасына дейін туылған нәрестелер құрайды.
Ана мен баланың денсаулығын қорғаудағы ең басты
мәселе-бұл ерте босанудың алдын-алу. Ерте босану-
перинатальдық өлімшілік көрсеткішін, нәрестенің
аурушаңдығын және мүгедектігін белгілеп береді.
Ерте босану- бұл ауру анадан-ауру бала
туылады дегені, себебі оның негізінде жатқан
ананың ауруы баланың денсаулығына,өсуіне
әсерін тигізбей қоймайды.Мерзімінен бұрын
туылған балалар уақытылы туылған балалар мен
салыстырғанда көбінесе нәрестелік кезінде өліп
кетеді, егерде тірі қалған жағдайында да
неврологияны, соматик аурулармен тез ауырады,
психомоторлық өсуден артта қалады. Көру, есте
сақтау, өкпенің созылмалы ауруларымен тез
ауырғыш келеді.
Уақытынан бұрын туылған
нәресте уақыты жетіп туылған
нәрестеден сыртқы белгілерімен
ажыратылып тұрады. Бойы 35-45-
47 см, денесінің ұзындығы, аяқтары
қысқа, терісі қызарған, құрғақ,
жиырылған,түкті, саусақтары, қол
аяқтары жақсы жетілмеген
болады.
ЕРТЕ БОСАНУДЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ:
Жедел, созылмалы бактериальді және вирусты
инфекциялардың болуы;
Ана мен баладағы стресстік жағдайлар;
Экстрагенитальдық аурулар;
Жүктіліктің асқынуы;
Плацентадағы жетіспеушілік;
Осы себептер баланың ерте туылуына себеп
болуы мүмкін.
• ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНДЕГІ
АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ
ӨЗГЕРІСТЕРІ:
Жатырдың жетілмеуі;
Жатырыдың дамуындағы ақаулар;
Истмико-цервикальды жетіспеушілік;
Егіздер-жатырдың нормадан тыс созылуына алып келеді.
Преэклампсия, эклампсия;
Егіз жүктіліктің асқынуы;
Резус-қайшылық;
Қан кетулер;
Жатырішілік инфекция;
Жатыр мойнының жетіспеушілігі.
Мерзімінен ерте босануға
әкеледі.
• Әйелдің әлеуметтік жағдайының
төмендігі;
• Ауыр еңбек жұмысы;
• Әйел жасы: 18 астан төмен, 30
жастан жоғары болса;
• Шылым шегу, спиртті ішімдіктер
қолдану;
• Алдыңғы жүктіліктерінде
медициналық аборт, өзіндік түсіктер;
• Бұрынғы жүктілігі 2-4 рет ерте
үзілсе;
•
ДӘРІГЕРЛЕР ЖАҒЫНАН,ЯҒНИ МЕДИЦИНАЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ЕРТЕ БОСАНДЫРЫП
АЛУ МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА БОЛАДЫ:
Ана жағынан көрсеткіш: Жүкті әйелдегі ауыр
экстрогенитальдық ауру.
Жүктіліктің асқынуы- преэклампсияның ауыр
дәрежесі, гепатоз, көп ағзалардың жұмыс
жасауының жетіспеушілігі ана өміріне қауіп
төндіреді.
Бала жағынан көрсеткіш: Нәрестедегі ақау,
нәрестенің жатыр ішінде өліп
қалу,кардиотокография, доплерометрия
көрсеткіштері бойынша нәресте жағдайының
прогрессивті төмендеуі, нәрестеге реанимация және
интенсивті емдеуді қажет ететін жағдайлар.
ЕРТЕ БОСАНУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Іштің және белдің сыздап ауруы;
Қынапқа және тік ішекке қысым түсуі;
Зәр шығарудың тездеуі;
Жыныстық жолдан алқызыл түстес қанның
көрінуі.
Егер де жүкті әйелде осы белгілер байқалса,
тез арада дәрігерге қаралуы тиіс.
Өздігінен ерте босану мен дәрігерлер
жағынан мерзімінен бұрын босандыруды
ажырату керек.
АСҚЫНУЛАРЫ:
Қағанақ суы мезгілінен бұрын кетеді (40%);
Босану ауытқулары байқалады:
-толғақ әлсіздігі;
-қарқынды толғақ;
Нәресте гипоксиясы;
Көп қан жоғалту;
Инфекциялық асқынулар.
АДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ:
Қыз баланың жыныстық жетілу
кезеңінде дұрыс өсіп-жетілуін
бақылау;
Жасанды түсіктің алдын-алу;
Жүктілігі мезгілсіз үзілген әйелдерді
ұқыпты зерттеу, патогенетикалық
ем жүргізу;
Кәсіптік зияндылықпен күресу;
Санитариялық жандандыру
жұмыстарын жүргізу.
Анықтамасы
Қағанақ суының босануға дейін ағып кетуі - жатырдың үнемі жиырылуының
басталуына дейін қағанақ қабығының өздігінен жыртылуы.
Жүктіліктің шала болуы кезіндегі қағанақ суының босануға дейін ағып кетуі
(ДИВ) жүктіліктің кезеңін 2%-да ғана асқындырады, бірақ мезгілінен бұрын
босанудың 40%-мен байланысты және неонатальді ауру (нәрестелік кезеңге
қатысты) мен өлім-жітім себептерінің басым көпшілігі болып саналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz