СӨЖ ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ



ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ
СӨЖ


Отбасын жоспарлау - біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Отбасын ұзақ жылдар бойы жоспарлау - бала тууды шектеу деген түсінік береді. Бірақ, отбасын жоспарлау - баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Яғни, отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындаған есепке ала отырып, баланы өмірге әкелу мәселесіне саналы түрде қарауы.

19-35 жас аралығы - бала туу үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болатын болса, онда туудың күрделі болатыны дәлелденген. Жүктілік арасындағы үзіліс 2-2, 5 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйелге келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын және болашақ балаларының денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жасанды түсік бала тууды жоспарлаудың қолайлы тәсілі емес, одан мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Әсіресе, жасанды түсік жасату - әйел бедеулігінің бір себебі.

Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы кеселдер де еркек пен әйел бедеулігіне әкеліп соқтырады. Жыныс мүшелерінің саулығын қадағалау өте маңызды, өйткені, бала сүю мүмкіндігіне шектеу қоятын көптеген аурулар бар. Бұндай ауруларды өз уақытымен емдеген дұрыс. Сонымен қатар, мамандардан үнемі профилактикалық тексеруден өткен дұрыс.

Аталмыш жоспарлау, қажетсіз жүктілікті болдырмауға; көптен аңсаған және дені сау балалардың тууына; әр жүктілік арасын реттеп отыруға; әйелдер денсаулығын сақтауға; ата-аналардың жасына қарай баланың туу уақытын таңдауын бақылауға және отбасындағы балалар санын нақтылауға; тұрмыс сапасын жақсартуға көмектеседі.
Өзінің денсаулығын бағып, көптен күткен және дені сау бала тусын десе, әрбір адам бұны білу тиіс.

Дүниеге нәресте әкелу жоспарланған болса ана мен бала денсаулығы үшін өте маңызды болып табылады. Қалаусыз нәресте дүниеге келсе, ата -анасы оған дайын болмаса ол нәресте өмірі үшін қатерлі аяқталуы мүмкін. Сондықтанда жүктіліктен сақтанудың әдістерін -контрацепция түрлерін тиімді пайдалана білу керек. Контрацепция жасанды түсіктер жиілігін төмендетіп, әйел денсаулығын сақтауға септігін тигізеді, ал егер жоспарлы жүктілік болса жүктілікті көтере алмаушылықтан және басқа да асқынулардан сақтайды.



Күтпеген жүктіліктен сақтану әдістері бөлінеді:

Табиғи контрацепция
Отбасын жоспарлаудың табиғи әдістері - бұл контрацепция әдісі ceнімсіз келеді және оны етеккір айналымы тұрақты әйелдер қолдана алады. Денсаулыққа зиянсыз және қаражат қажет етпейді.
Түрлері:
* күнтізбелік
* лактациялық
*базальды температуралық
*цервикальды бөліністі зерттеу болып табылады.
Лактациялық аменорея әдici (ЛАӘ) -тек қана емізетін аналар бала туылғаннан бастап 2 жасқа дейін қолдана алады.
Барьерлік контрацепция
Барьерлік контрацепция әдістері (диафрагмалар, мүшеқаптар, губкалар және спермицидтер) жүкті болудан, ЖЖЖС - дан, басқа гинекологиялық аурулардың дамуынан, әсіресе жатыр мойны карциномасы даму қаупін төмендетеді. Ұрықтандыруға қарсы заттардың зианды әсерлері тәжірибиеде аз деп есептеледі. Келесі барьерлік контрацепция түрлерін: ерлердің ( мүшеқап - сперманың қынапқа кіруінен сақтайды ) және әйелдердің (диафрагмалар, губкалар және спермицидтер) деп бөледі. Мүше қаптар тиімді, қауіпті емес және салыстырмалы арзан, ЖЖЖС - дан сақтайтын жеке әдіс. Оны басқа контрацепция әдістерінде ЖЖЖС - дан сақтануға қосымша әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс мына жағдайда пайдалы, егер серіктер әр жыныстық қатынас кезінде қолданса.

Қорытынды
Қорытындылай келгенде, отбасын жоспарлау дегеніміз - бұл ерлі зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардың жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған ic-әрекеттері болып табылады. Отбасын жоспарлау - баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Жалпы айтқанда, жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаты -ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz