Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі
Презентация қосу
Инфляция және
жұмыссыздық
Орындаған: Абдуллаев Ж.
Қабылдаған: Жазылбек Л.
Жұмыссыздық
Халық санындағы экономикалық белсенді халықтың
үлесі, яғни жұмыс күшінің саны жылдан жылға артып
келеді. Жұмыс күші жұмыспен қамтылғандар санының
өсуімен бірге жүріп отыр және керісінше, оның
құрамындағы жұмыссыздар санының, сонымен қатар,
жұмыссыздық деңгейінің жылдан жылға азайып келе
жатқандығын байқаймыз.
Жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:
Фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерінде
бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып
отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін
жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс іздеумен және оны
күтумен байланысты. Азаматтардың кәсіби біліктілігі мен жеке
талғамдарына сәйкес келетін жұмыс орындарын іздеу белгілі бір
уақытты талап етеді. Мұндай жағдайда, бос жұмыс орындары және оған
лайық азаматтар туралы ақпараттар жетілмеген болып табылады.
Жұмыскерлердің территориялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі
уақытты талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби мүдделерінің,
тұрғылықты мекен-жайларының өзгеруімен және басқа да себептердің
болуымен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп
отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген азаматтар
да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді. Мысалы, оқу бітіріп
диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске асыру үшін аса қолайлы
жұмыс орнын іздеуі мүмкін.
Құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке
деген сұраныстың сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі
ұзақ мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі
өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты және
осыған сәйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымы
өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары «ескірген» немесе
ғылыми-техникалық прог-ресстің дамуына байланысты
экономикаға қажеті шамалы болып табылатын азаматтардың
арасынан көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап
болған азаматтар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек
нарығына ұсына алмайды және жаңа жұмыс орын-дарына
орналасу үшін кәсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта
даярлаудан өту үшін аса көп уақыт кетеді және көбінесе
мемлекет тарапынан қосымша шығындар жұмсауды талап етеді.
Циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық
сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша
жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі.
Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи
деңгейінен ауытқуымен байланысты. Экономикалық құлдырау кезеңінде
циклдік жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық
жұмыссыздықты толықтырады, ал экономикалық өсу (өрлеу) кезеңдерінде
циклдік жұмыссыздық жоғалады.
Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да фрик-циондық
және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын алады. Ал циклдік
жұмыссыздық болса құлдырау кезеңдерінде орын алады да, соның
салдарынан жұмысбастылық жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың
тепе-теңсіздігінен қысқарады. Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы күрделі
макроэкономикалық мәселеге айналады, макроэкономикалық
тұрақсыздықты туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын болдырады.
Инфляция
Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәреже-сінің өсуі
арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы
арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі
міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы
дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады.
Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды.
Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ
уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын
негізінен, ақшаның шығуымен және оның қызметімен байланыстырады.
«Инфляция» термині латын сөзі – «inflatio» – қампаю, тұнғыш рет
Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда
болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін
білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла
бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес үкіметінің
экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде көрінді.6
Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен
салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни
ақшаны алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша
сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен, бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан
артық болуы-мен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс
пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция
елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты
экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа
да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.
Сонымен, инфляция – бұл бағалардың орташа деңгейінің өсу
қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге
болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады,
ал кейбір бағалар төмендейді.
Инфляция мен жұмыссыздықтың
өзара байланысы
Көптеген экономистер инфляция
қарқынының жұмыссыздықтың деңгейімен
өзара байланысын зерттеген. Бұл байланыс
Лондон экономикалық мектебінің
профессоры Албан Филлипстің (1914-1975)
үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен
1957 жылдар аралығындағы кезеңде
Ұлыбритания экономикасының
статистикалық деректерін талдаудың
нәтижесінде мынадай қорытындыға
келген, яғни егер жұмыссыздық 3%-дық
деңгейден асса, онда бағалар мен атаулы
жалақының өсу қарқыны төмендей
бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен
атаулы жалақының қарқыны (кейіннен,
инфляция қарқыны) арасындағы өзара
байланыстың графикалық кескіні Филлипс
қисығы деп аталады. Кейіннен, Пол
Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің
моделіне өзгеріс енгізді: жалақының өсу
қарқыны деген көрсеткішті инфляция 8
көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы
Назарларыңызға рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz