Периодтық заң және периодтық жүйе: хлор мен оттегінің биологиялық рөлі мен медицинадағы қолданылуы


Slide 1

Периодтық заң. Периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Химиялық элеменеттердің периодтық жүйесі - элементтердің әртүрлі атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.

Slide 5

Қазіргі кездегі периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген. Элементтердің нөмірін реттік немесе атомдық нөмір деп атайды. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырудағы негізгі принцип - барлық элементтердегі периодтар мен топтарға бөліп орналастыру.

ПЕРИОД - сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады.

Периодтар горизанталь қатардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгіленген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталды, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды.

ҚАТАРЛАР. Периодтарда араб сандарымен белгіленген 10 қатар кіреді. Үлкен периодтардың жұп қатарларында тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы элементтердің қасиеттері қатардағы типтік элементтердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.

ТОПТАР. Тігінен орналасқан элементтердің қатарын топтар деп атайды. Периодтық жүйеде сегіз топ бар. Олардың нөмірі рим сандарымен белгіленген. Әр топ өз кезегіндегі негізгі (а) және қосымша (б) топшаларға бөлінеді. Топшалардағы элементтер өзара химиялық қасиеттері жағынан өте ұқсас.

Slide 6

Хлор - негізгі биогенді элементтердің біріне жатады. Хлор асқазан сөлі мен плазманың түзілуіне, ферменттердің белсенділігінің артуына қатысып, өмірдегі маңызды қызметтердің бір қатарын жүзеге асырады. Cl анионы биохимиялық процестер айналымына қатысады. Газ түріндегі хлор улы.

Негізінен барлық тағамдарда 2-160мг аралығында хлор кездеседі. Әсіресе макроэлементтерге бай - ет өнімдері, сүт өнімдері, нан және ас тұзы мен зәйтүнде тұз көбірек болады.

Slide 7

Медицинадағы қолданылуы:

Сұйылтылған тұз қышқылы (8%-тік) асқазан сөлінде қышқыл жетіспегенде қолданылады.

Кальций, калий, натрий хлориді.

CaOCl2 хлорлы әк, дезинфекциялаушы зат ретінде қолданылады.

Slide 8

Фармакологиялық қасиеттері

Тамыр жүйесінен жылдам шығарылады. Препарат тамыр арнасында қысқа мерзімде болады, содан кейін интерстициалық жасушаішілік секторға өтеді. 1 сағаттан соң тамырларда шамамен енгізілген ерітіндінің тек жартысына жуығы ғана қалады. Су мен сұйықтық диурезді жоғарылата отырып, бүйрек арқылы өте жылдам шығарылады.

Натрий хлориді ерітіндісі су-тұз теңгерімін қалыпқа түсіреді және адам организміндегі дегидратация кезінде немесе ауқымды күйік ошақтары мен жарақаттар, құрсақ қуысы ағзаларына жасалған операциялар, перитонит кезінде жасушадан тыс сұйықтықтың аккумуляциясы арқылы дамитын сұйықтық тапшылығын толтырады.

Натрий хлоридінің ерітіндісі тіндер перфузиясын жақсаратды, көп қан жоғалтқан кезде және шоктың ауыр түрінде гемотрансфузиялық шаралардың тиімділігін жоғарылатады. Сондай-ақ сұйықтық көлемін қысқа мерзімге арттыру, қандағы уытты өнімдердің концентрациясын төмендету, диурезді белсендіру салдарынан уытсыздандырғыш әсер береді.

Slide 9

Қолданылу тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне (әдетте тамшылатып), ректальді және сыртқа тағайындайды.

Енгізілетін ерітіндінің дозасы организмнің сұйықтық, натрий және хлор иондарын жоғалтуына қарай анықталады - орташа алғанда тәулігіне 1000мл құрайды. Көп мөлшерде сұйықтық жоғалтқанда және айқын уыттану кезінде тәулігіне 3000мл дейін енгізілуі мүмкін. Енгізу жылдамдығы - 540мл/сағ (180 тамшы/мин) ; қажет болғанда енгізу жылдамдығын арттырады.

Жедел дегидратация (зертханалық параметрлерін анықтаусыз) кезінде балаларға 20-30мл/кг енгізеді. Әрі қарай дозалау тәртібі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзіледі.

0, 9% натрий хлориді ерітіндісінің үлкен дозасын ұзақ енгізгенде плазмада және несепте электролиттер мөлшерін, сондай-ақ диурезді бақылап отыру қажет.

0, 9% натрий хлориді ерітіндісін жараларды, мұрынның шырышты қабығын шаю, таңғыш материалды дымқылдау үшін қоданылады.

Slide 10

Оттек - элементтердің периодты жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15, 99. Оттегі химияның ең маңызды элементі және жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамына кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек.


Ұқсас жұмыстар
Хлор: ашылу тарихы, периодтық жүйедегі орны, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Атом, периодтық жүйе, иондар мен молекулалар: құрылымы мен негізгі қасиеттері
Периодтық жүйе мен элементтердің жіктелуі: атомдық құрылыс, изотоптар және практикалық есептер
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі: тарихы, құрылымы және қасиеттерінің периодты өзгерісі
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі және атом құрылысы: 8-сыныпқа арналған білімді жүйелеу сабағы
Фосфор элементі: периодтық орны, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы: топтар, периодтар, блоктар және элемент қасиеттерінің периодтық өзгерісі
Хлор элементі: қасиеттері, алынуы, қолданылуы және биологиялық әсері
Фосфор: периодтық жүйедегі орны, аллотропиясы, физика-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Натрий (сілтілік металл): периодтық орны, атом құрылысы, қасиеттері және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz