Балалар анемиясының топтастырылуы




Презентация қосу
Тақырыбы:Гипертермия ,тамақтанудың бұзылысы ,анемия
Жоспары
І .Кіріспе бөлім
Гипертермия туралы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім
1)Қызба түрлері ,жіктелуі.Гипертермия деңгейлері.Гипертермия кезінде не істеу
керек?
2)Дене қызуын дәрі-дәрмексіз төмендету. Гипертермия кезінде қолданылатын
дәрілер.Гипертермия кезінде алғашқы көмек көрсету
3)Тамақтану бұзылысы. Анемия туралы түсінік.
4)Балалар анемиясының топтастырылуы .Балалар анемиясының белгілері.
5)Балалар анемиясының диагностикасы. Анемия кезінде қабылдануы керек өнімдер.
III.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қызба дегеніміз бұл
дене қызуының
көтерілуі,әртүрлі патогенді
тітіркендіргіштерге жауап
ретінде пайда болған
организмнің белсенді
қорғану реакциясы.Қызба
педиатриялық тәжірибеде
жедел жәрдем көмегіне
сүйенетін ең жиі
жағдайлардың бірі. Қызба
баланың жағдайын
нашарлатып ,ата-ана
мазасыздағын шақырады.
Әртүрлі дәрілік
препараттарды қолдану
қызбаға әкеліп соқтырады.
Қызба түрлері
Қызба пайда болу себептеріне
байланысты 2-ге бөлінеді:
1)Инфекциялық қызба-
бактериялардың,вирустардың,
қарапайым жануарлардың
әсерлерінен дамиды.

2)Бейинфекциялық қызба-тіндердің
бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі
ықпалдардың әсерлерінен пайда
болады. Бұларға :күйік, жарақат, қан
құю, аллергия,цирроз ,ісік өсу
жатады.
Қызбаның жіктелуі
І.Дене қызуының деңгейіне қарай :
1)Субфебрильді температура(37,2-38,0°С)
2)Фебрильді (38,1-39,0°С)
3)Гипертермиялық (39,0°С және одан да жоғары температура
ІІ.Түріне байланысты :
1)Қызыл гипертермия (өзін-өзі қалыпты сезіну,тері жабындылары қызғылт түсті)
2)Ақ гипертермия (өзін-өзі сезінуі мен жағдайы нашарлап, қалтырау,тері
бозғылттануы болады)
ІІІ.Ұзақтығына байланысты :
1)Жедел-2 аптаға дейін
2)Жеделдеу -6 аптаға дейін
3)Созылмалы-6 аптадан жоғары
Гипертермия деңгейлері
Гипертермияның үш деңгейі бар:
1) төмен гипертермия — 38°С-ге дейін,
2) орташа гипертермия 40°С-ге дейін,
3) жоғары гипертермия 40°С-ден
жоғары.
Балалардың дене қызулары 39°С-ден
асқанда жедел жәрдем шақыру керек.
Білгішсініп өз бетінше ем
қабылдайтындардың басым бөлігі
қателесіп жатады.

Қызба патогенезі ең алдымен жылу балансын, жылу шығару мен жылу бөлуді
реттейтін орталық болып саналатын нерв жүйесінің функциясын бұзады.Қызба
патогенезінде ми қыртысының да елеулі ықпалы бар.Қызба патогенезіне ішкі
секреция бездері де қатысады.
Гипертермия кезінде не істеу
керек?
Егер дене қызуы 38°С-ден аспаса, оны түсірудің қажеті жоқ. Ал егер одан асып
кетсе, дәрігердің тексеруі мен кеңесі арқылы температураны түсіруге болады.
Гипертермия кезінде дене қызуын бірнеше сағат сайын тексеріп, жазып отыру
керек. Дәрігер гипертермияның себептерін анықтау үшін сұрағанда неден
күдіктенетіндігіңізді және дене қызуының жазып алған көрсеткіштерін
айтасыз. Гипертермия барысында бала қалтырап-дірілдеп жатса, үстіне
жамылғы жабыңыз. Егер жиі терлей берсе, терін сүртіп, суланған киімі мен
төсегін ауыстырыңыз. Дәрігер айтқан қызуды түсіргіш дәріні қабылдаған соң
жарты сағат уақыт өткенде дене қызуын тағы бір мәрте тексеруге болады.
Олай ету арқылы қабылдаған дәрінің қагшалықты тиімді әсер еткендігін біле
аласыз.
Гипертермия кезінде қабылдайтын дәрілер
Балалардың дене
қызуы кезінде
қабылданатын
дәрілердің барынша
бала ағзасы үшін жеңіл
болғаны абзал. Олар
парацетамол мен
ибупрофеннің негізінде
болады. Дәрілер
ерітінді, тамызатын
дәрі, шам (свеча),
шәрбат (сироп) түрінде
болады. Аспирин, найз
және анальгин сынды
дәрілерді беруге
болмайды. Дене қызуын
төмендететін басқа да
дәрі-дәрмектерді
дәрігер тағайындауы
тиіс.
Гипертермия кезінде алғашқы көмек
көрсету
1)Физикалық әдістер арқылы (суық,мұз басу ,спирт)
2)Химиялық әдістер:
1.Орталық механизмге әсер ету
2.Перифериялық механизмге әсер ету
3)Жылулық реттеудің механизмдеріне аралас әсер ету
4)Инфузионды ,симптоматикалық емді бастау
5)Стационарға жеткізу
Тамақтану бұзылысы
Кез келген тамақтану бұзылысы
денсаулыққа байланысты елеулі
проблемаларды тудыруы мүмкін.
Әдетте, ол психологиялық
факторларға негізделген. Сондықтан
оларды мамандармен бірге құтылу
қажет. Сарапшылардың айтуынша,
тамақтанудың бұзылуы әртүрлі
тәсілдермен көрінуі мүмкін. Әрбір
жағдайда емдеу тактикасы жеке
таңдауы керек. Бұл анықталған
диагнозға және науқастың
жағдайына байланысты болады.
Аурудың ең танымал
түрлері:Міндетті түрде артық
пісіру;Bulimia;Анорексия.
Қазақстанда көрсетілгендей
балалардың тамақтану жағдайы
алаңдаушылық туғызады, себебі
ДДҰ -ның балаларды семіруді
бақылау жөніндегі Еуропалық
бастамасы (COSI) аясында
жүргізілген зерттеуге сәйкес, 2016
жылы артық салмақпен ауыратын
балалардың саны артқан.
Қазақстанда тоғыз жастағы әрбір
бесінші бала семіздіктен зардап
шегеді.
«ЮНИСЕФ пен ДДҰ -ның соңғы
онжылдықтағы зерттеулері
көрсеткендей, жүкті әйелдің
тамақтануы, баланың туылғаннан
бес жасқа дейінгі тамақтануы
семіздік пен артық салмақтың қауіп
факторларын анықтайды.
Анемия туралы түсінік
Анемия – бұл негізінде ұлпалар
мен жасушаларды оттегімен
қамтамасыз ету кезеңінде
болатын мәселе екенін ата-
аналар түсіне бермейді.
Көбінесе мұндай ауытқу
эритроциттер деңгейінің
төмендеуінен болады. Оларды
темірі бар ақуызды ағза
ұлпаларына тасымалдайтын
көлікпен салыстыруға болады.
Медицинада ол гемоглобин
деген атпен белгілі, ол
оттегіні жасушаларға жіберетін
маңызды қызмет атқарады.
Егер эритроциттер азайып
кетсе, ағза оттегінің
жетіспеушілігін қатты сезетін
болады. Емделуді кейінге
қалдыра берсеңіз, бұл
жасушалар мен ұлпаларға
Балалар анемиясының топтастырылуы
Анемия туралы сөз қозғалғанда, кез келген жастағы балалар автоматты
түрде бірден қауіп тобына кіреді. Бұл аурудың өте кең көлемде
таралғанына және бұл тақырыпта ақпараттың көптігіне қарамастан, ата-
аналар бұл мәселені онша түсіне бермейді. Бала анемиясының түрлері :
1) темір тапшылықты (бала қанындағы темірдеңгейінің күрт төмендеуі);
2) фолий тапшылықты (талдау жасалғаннан кейін фолий қышқылының
жетіспеушілігі анықталады);
3) пернициоздық анемия (цианокобаламин – зат алмасу әрекеттеріне
қатысатын зат тапшылығы арқылы білінеді);
4) гемолиздік анемия (бұндай мәселемен кездесетін балалардың
эритроциттері сақталмайды, өзінің негізгі қызметін орындамай,
құрамдас бөліктерге бөлініп кетеді);
5) гипоплазиялық (аурудың бұл түрі ең ауыры болып саналады, себебі ол
бас миының патологиясымен байланысты).
Балалар анемиясының белгілері
Анемия белгілерін ата-аналар жиі байқамай қалады, себебі аурудың жасырын сатысын
«көзбен көріп» анықтау мүмкін емес.Төмендегідей жағдайлар орын алса, бұл қандағы
темір тапшылығын білдіретін себептер болуы мүмкін:

1)Тері қабаттарының бозғылдығы
2)Иммундық жүйе жұмысындағы
ауытқулар
3)Әлсіздік және ашушаңдық
4)Асқорыту жүйесі жұмысының
бұзылуы
5)Жүрек-қан тамыр жүйелерінің
аурулары
1)Тері қабаттарының бозғылдығы
2)Әлсіздік және ашушаңдық
Балалар анемиясының диагностикасы
Егер ауруды асқындырып алмасаңыз, балалар
қанындағы темір тапшылығы мәселесін жылдам шешуге
болады. Диагноз уақытында және дұрыс қойылса,
анемияны емдеу жеңіл өтеді. Тек белгілері ғана оны
нақтылап немесе жоққа шығара алмайды. Сол себептен
ауру диагностикасы қажет болады, ол үшін:
1.педиатрға бару;
2.гематологқа көріну;
3.талдау жасауға жолдама алу керек болады.
Анемияға күдіктенетін болсаңыз, дәрігер екі қан
талдауын тағайындайды:
1.жалпы (ол бойынша гемоглобин мен эритроциттер
деңгейі, сонымен қатар түсті көрсеткіштер бақыланады);
2.биохимия (педиатр немесе гематолог ферритин,
сарысулық темір мен эритропоэтин мөлшерін тексереді).
Жағдай қиын болса, тағы бір сараптама – нәжіс
сараптамасын өткізу керек болады. Оның нәтижесінен
дәрігер эритроциттер қоспасын бақылайды.
Анемия кезінде қабылдануы керек
өнімдер :
1)Қарабидай немесе
бидай наны
2)Майсыз ет
3)Теңіз тағамдары
4)Қоңыр күріш
5)Жасымық
6)Тауық жұмыртқасы
7)Ашытқан сүт
өнімдері
8)Жаңа піскен
жемістер мен
көкөністер
Қорытынды

Жалпы қорытындылай келе гипертермия балаларда жиі кездеседі.
Сондықтан әрбір жауапкершілігі бар адам осындай жағдайда балаға
ең бірінші не істеу керек екенін білсе деймін Сонымен анемиямен
ауырған кезде, адамның қаны сұйылып кетеді, бұл аурудың сипаты
ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе
жойыла бастауымен байланысты айқындалады .Анемияны емдеу
және алдын алу шараларына құрамы темірге бай тағамдармен
тамақтануды бастаған жөн .Осы аталған аурулардың асқынуына жол
бермеу үшін ана мен баланы әрқашан назардан тыс қалдырмау
міндетті болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1) https://kazmedic.org/archives/4128
2) https://cmr.kz/kz/patsientterge/articles/balalar-temir-tapshyly-y-anemi
yasyny-aldyn-alu/

3) https://stud.kz/referat/show/34436
4) https://ppt-online.org/812942
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Балаларға арналған емдік сүт қоспалары
Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы
Қорғану құралдары
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Сары раушан
Арам сояу. Морфологиясы
Айналым қаражаттары
Aziza SYZDYKOVA экономикалық қарым - қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген əртүрлі баға түрлерінің жиынтығы
Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі Минералды заттар
Вирустың жіктелуі. Классификациясы
Пәндер