ГОЛОЩЕКИН КІМ
Презентация қосу
1924-1933 ЖЫЛДАРЫ 2,5 МИЛИОННАН АСТАМ ҚАЗАҚТЫҢ
ӨМІРІН ЖАЛМАҒАН "ГОЛОЩЕКИНДІК ГЕНОЦИДТІҢ" АЩЫ
ШЫНДЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАТАЛ
ТАҒДЫРЫ (СЫНИ ТАЛДАУ)
Орындаған;Қали Набат
Мамандығы цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау
ГОЛОЩЕКИН КІМ?
Филипп Исаевич Голощёкин,Қазақ Халқының Жауы, басқа аты Шая
Ицкович ( 1876, Витебск облысы, Невель қаласы – 18.10.1941) – саяси жау
, Қазақстан өлкелік партия коммитетінің 1-хатшысы (1925 – 33). 1903
жылдан Компартия мүшесі. Санкт-Петербург, Кронштадт, Сестрорецк,
Мәскеуде, сондай-ақ Франция, Германияда большевиктер партиясына
араласты. Бірнеше рет ұсталып, айдауда болды. Қазан төңкерісін дайындау
және өткізу кезінде Петроград революциясы соғыс коммитетінің мүшесі
болып, ішкі және сыртқы байланыс бөлімін басқарды. Тақтан тайдырылған
император Николай ІІ-нің өзін және отбасын ату жазасын орындауға
белсене қатысты. Азамат соғысы жылдарында Пермь, Екатеринбург
губерниясы коммиттерінің және Урал облысы коммитетінің хатшысы, Урал
облысы әскери комиссары, 3-армия саяси бөлімінің бастығы, БОАК және
РКФСР ХКК-нің Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі болды.
1922 – 25 жылдары Кострома губерниясы атқару коммитеті мен РК(б)П
Самара губерниясы коммитетінің төрағасы, 1925 – 33 жылдары БК(б)П
Қазақстан өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болып істеді. Голощёкин
Қазақстанға келісімен “қазақ ауылы үшін Кіші Қазан” ұранын көтерді.
1 - Кіші қазан саясаты
1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-
хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы
күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы
Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау
қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі
қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат
жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде
Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп
ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге
асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топқа
бөлінді, Сонымен
1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап,
КІШІ ҚАЗАН дамыту,
ИДЕЯСЫ,МАҚСАТ
2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және
экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз
идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2
Ы Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру
жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар
қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада
фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік
ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып
қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті
қымбаттатып жібереді, Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын
орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды
жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді, Голощекин,
Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары
жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады, Кейбір экономистердің
өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне
сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы
державалық шовинизм көрінісі деп есептеді
ГОЛОЩЕКИННІҢ «КІШІ
ҚАЗАН» ИДЕЯСЫ НЕНІ
БІЛДІРДІ?
“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол
— саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның
экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын.
1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай
саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған
көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі
— “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан
революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау
керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер
жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін
түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде,
байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп
көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин
түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың
негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының
негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға
жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым
керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін
жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан
айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге
өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ
байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта
бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда
қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және
жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін
уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.
Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың
маусым және шілде айларында басталды.
“БІЗ МАҢЫЗЫН ӘЛІ ӨЗІМІЗ ДЕ
ҰҒА ҚОЙМАҒАН ОРАСАН ЗОР
НАУҚАНДЫ ӨТКЕРДІК….»
“Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор
науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік
жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта
бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып
табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай
көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын
мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді
байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе
келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы
тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай
Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және
егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп
атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ
сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты.
Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер
әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық
және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды.
“КІШІ ҚАЗАН” НАУҚАНЫН
ДҰРЫС ЖҮРГІЗЕ АЛМАҒАН
ГОЛОЩЕКИН ҚОЛЫНДАҒЫ
БИЛІКТІ ПАЙДАЛАНЫП,
ХАЛЫҚТЫ ҚЫРҒЫНҒА
ҰШЫРАТАТЫН ЖАҢА,
ТІКЕЛЕЙ КҮШПЕН ТӘРКІЛЕУ
БАҒЫТЫН ҰСТАЙ БАСТАДЫ.
БҰЛ “КІШІ ҚАЗАННАН” ДА
ҚАТЕРЛІ БАҒЫТ ЕДІ. ҚАЗАҚ
АУЫЛЫНА АЛАПАТ АШТЫҚ
АПАТЫ ЖАҚЫНДАП КЕЛЕ
ЖАТТЫ.
Аштық апаты
КӘМПІСКЕЛЕУ?
1927 ж. қарашада өткен VІ жалпықазақстандық партия конференциясы
байлардан мал мен мүлкінің бір бөлігін алуға мүмкіндік беру қажет деп
есептеді. Кешікпей, желтоқсан айында, тәркілеу туралы заң дайындау үшін
арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 ж. 27 тамызда “Байлардың
шаруашылығын тәркілеу туралы” және 13 қыркүйекте “Тәркілеуге қарсылық
көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды
көшіру туралы” деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылықтың
мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса, бау-бақша, ауылшаруашылық
құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге
жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-
мүлкін тәркілеу олардың туыстарының қолымен жүргізілді. Осылайша
қазақтарды бір-біріне айдап салу, өзара қырқыстыру әрекеті тереңдей түсті.
Сөйтіп, дүние-мүлкін талан-таражға салу, өндіріс құралы мен негізгі тіршілік
көзінен айыру қолға алынды. Дәстүрлі шаруашылық құрылымының күйреуі
барысында басты күнкөріс құралы — малдан айырылған қазақтар әлеуметтік-
экономикалық күйзеліске, жаппай қайыршылыққа бет бұрды.
ГОЛОЩЕКИН ГЕНОЦИДІ
“Менің бауырымның, 12 жыл жалшы болған адамның бір ғана
сиыры болды. Ешқашан, ешқандай егістікпен айналыспады. Соған
қарамастан оған 1930 ж. 5 пұт астық салығы салынды. Бұл
астықты төлеу үшін соңғы сиырын және үйдегі мүліктерін сатуға
мәжбүр болды. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар өте көп болды”,
— дейді пленумға қатысқан Нұрмұхамедов.
1932—33 жылдардағы ашаршылық. Шабындық және егістік
жерлерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп
отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-
зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды.
Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті
жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап,
босқын күйге көшті.
МЕН ИТТІҢ ЕТІН ЖЕГЕН ЖӘНЕ ОНЫСЫН
ЖАСЫРМАЙТЫН БІРНЕШЕ АДАМДАРДЫ
КЕЗДЕСТІРДІМ.
Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды
кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі
жасөспірімді көрдім. Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің
терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда
тамақтанбаудан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған
ит атып беруімді өтінді. Кейбір аңшы семьялары шошқа етін жеуде және
шошқа етімен тамақтанушылар өздерінің “күнәларын” жасыруға тырысса
да, мұның өзі халыққа ешқандай жағымсыз әсер ете қоймады”.
Голощекин және қамшысынан қан тамған Сталиндік стиль…….
Салдарынан Қазақ халқы 2,5 миллион халықтан айырылды
ҚОРЫТЫНДЫ ӨЗ ОЙЫМ
Қазақтың қас жауы,көзіне қан толған қанішер геноцид жасаушы
Голощекинді білмейтін қазақ жоқ шығар.....
1928 жылдан бастап халықты қан мен асырады десекте болады,қарсы
шыққанды атты,асты,түрмеге жапты,әрине Кіші Қазан идеясы
арқылы.А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов,Ж.аймауытов,М.Жұмабаев,С.Сәдуа
қасов,Ж.Мыңбаев,С.Қожанов,Н.Нұрмақов қазақ зиялылары репрессия
құрбаны болды.
1933 жылы Қазақстандағы аштық салдарынан 75 пайызы қырылып
қалды.
Миллтондаған халық босып Қытай,Моңғолия мен Ресей және басқа
аймақтарға қоныс аударды
1933-1937 жылдары Голощекин «Халық жауы» -деп саяси қуғын-
сүргінге ұшырады.Менің ойымша Голощекин жалғыз әділетті
айыпталған халықтың нағыз жауы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz