Вегетативтік жүйке жүйесі




Презентация қосу
Тақырыбы: «Вегетативтік жүйке жүйесі»

Топ: 202 ЖМ
Орындағандар: Мұсабай Ш.
Савет Ш.
Саяхат А.
Тажибек Д.
Қабылдаған:Жашкеева А.
Жоспар:

1. ВЖЖ-нің морфо-функционалдық ерекшеліктері.
2. ВЖЖ – нің бөлімдері, олардың орталық,
перифериялық бөлімдерінің және ганглиийлерінің
орналасуының ерекшеліктері.
3. ВЖЖ – нің медиаторлары.
4. Вегетативтік рефлекстер, олардың түрлері.
5. Ағзалар мен жүйелерді, жалпы оргпанизмді
басқарудағы ВЖЖ – нің гуморальдық
механизмдермен байланысы.
КІРІСПЕ
• • Вегетативтік жүйке жүйесін автономиялық жүйе
деп те атайды . Өйткені ішкі ағзалардың қызметін
адам өз еркімен өзгерте алмайды. ВЖЖ
гипоталамус, ескі жəне жаңа ми қыртысының
нейрондары бақылайды. ВЖЖ шеткі ағзалар
қызметіне, зат алмасуына ішкі секрециялық бездер
арқылы да əсер етеді.
1. ВЖЖ- симпатикалық (СЖЖ) және
парасимпатикалық (ПЖЖ) бөлімдеріне бөлінеді.
2. ВЖЖ-нің сипаттамасы:
- ПЖЖ-нің орталықтары ортаңғы және сопақша мида,
жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан;
- СЖЖ-нің орталықтары тек қана жұлында орналасқан
(кеуде және 1-4 бел сегменттерінде)
3. ВЖЖ-нің шеткі бөлімі қос нейронды болады:
- 1-ші нейронның денесі ОЖЖ-де;
- 2-ші шеткі ганглийлерде жатады.
4. Жүйке талшықтары екіге бөлінеді:
1. Преганлийлік.
Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, "В" тобына
жатады.
2. Постганглийлік.
Постганглийлік талшығы миелинсіз, "С" тобына
жатады.
5. ПЖЖ-нің преганглийлік талшықтары постганглийліктен ұзын.
6. СЖЖ-нің постганглийлік талшықтары преганглийліктен ұзын.
7. Синапстық кідіру ұзақ – 1,5-30мс.
8. ӘП ұзақ. Қозғыштығы төмен, рефрактерлік кезеңі мен хронаксиясы ұзақ.
9. Ізді потенциал ұзаққа созылады (300-400 мс), сондықтан вегетативтік
рефлекстер баяу өтеді.
Симпатикалық жүйке жүйесі (грекше sympathes — сезімтал, әсерді қабылдағыш) — адам мен
омыртқалы жануарлардың вегетативтік жүйке жүйесінің бір бөлігі; омыртқаны бойлай орналасқан оң
және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден (жүйке түйіндері), ганглийлерді
өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған. Әр
ганглий жұлын жүйкелерінің бірімен байланысқан. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталық
жұлынның кеуде, бел сегменттерінде орналасқан, ал талшықтары денедегі барлық органдарға,
тіндерге таралған. Симпатикалық жүйке жүйесі физиологиясында және ол басқаратын процестердің
үйлесімділігін реттеуде мишықтың маңызы зор Симпатикалық жүйке жүйесіне пре- және
постганглионарлық бағаналардың тармақталуына негізделген және ішкі құрылымдардың қарқынды
әрекетін қамтамасыз ететін мультипликац. түрткілер тән (генерализацияланған әсер).

Симпатикалық жүйке жүйесі интероцепциямен тығыз байланысты, себебі оның құрамына аса
сезімтал талшықтар кіреді, олар барлық қан тамырлары мен ішкі органдарды жүйкелендіре отырып,
бұлардың өзара рефлекторлы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің
медиаторы — ацетилхолин (преганглийлік талшықтар) мен норадреналин (постганглийлік
талшықтар). Симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарының регенерациялық қабілеттері жоғары
болады. Оның қозуы нәтижесінде организм стресс жағдайынан шығады, жүрек жұмысының ырғағы
жиілеп, артериялық қысым жоғарылайды. Бұлшық еттің қанмен жабдықталуы жақсарып, қандағы
глюкоза деңгейі көтеріледі, ал асқазан жүйесінің қызметі баяулайды. Осы әсерлер организмнің
күшін жинақтап, оның стрестен шығуына мүмкіндік туғызады.

СИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Парасимпатикалық жүйке жүйесі - бұл автономды жүйке жүйесінің екі бөлігінің бірі, бұл перифериялық жүйке
жүйесінің, адам ағзасының жүйке жүйесінің бір бөлігінің кезегінде бөлінуі. Бұл жүйе біздің ағзадағы көптеген
мүшелердің қызметін реттейді.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі «демалу және қорыту» және «тамақтандыру және асылдандыру», дененің демалуы
кезінде пайда болатын мінез-құлық үшін жауап береді дейді. Бұл жүйенің кейбір жауаптары ас қорыту, сілекей шығару
және дәретке отыру.
Бұл жүйе қуатты үнемдейді, жүрек соғу жылдамдығын төмендетеді, ішектің белсенділігін арттырады және асқазан-
ішек жолындағы сфинктер бұлшықеттерін босаңсытады. Симпатикалық жүйке жүйесіне керісінше, ол ұрыс немесе ұшу
реакциясын тудыруға қатысады. Бұл жүйе біздің ағзамыздың көптеген мүшелерін басқаруға қатысады:
•Ерлердің репродуктивті жүйесінде
•Жүрек-қан тамырлары жүйесінде
•Тыныс алу жүйесінде
•Ас қорыту жүйесінде (сілекей бездері, асқазан, ішек және онымен байланысты бездер)
•Көзге
•Экскреторлық жүйеде

ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕС
МЕТАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ (МЖЖ)

Ішкі ағзалардың ( жүрек, бронхтар, қуық) қабырғасында орналасқан және
шеткі рефлекстік доғасын құрайтын микротүйіндердің комплексін МЖЖ
дейді.
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
1.Осы құрылымдардың қозғалтқыш белсенділігі бар.
2.Түйіндегі нейрон денесінде синапстар мен медиаторлар көп.
3.Пуринергиялық рецепторлар.
Постсинапстық мембранаға қозу АҮФ және аденозин арқылы беріледі.
4.Серотонинэргиялық рецепторлар М, Д, Т.
М – автономды ганглийлерде, Д – бірыңғай салалы бұлшықеттерде, Т –
жүрек және өкпе рефлексогенді аймақтарында.
Мүшелер қызметіне симпатикалық және
парасимпатикалық ЖЖ-нің әсері
Мүшелер Парасимпатикалық әсер Симпатикалық әсер
Жүрек Тежелу Қозу

Тамырлар:
тері - Тарылу
бұлшықет - Кеңею
жүрек Тарылу Кеңею
сілекей бездері Кеңею Тарылу
өкпе Кеңею және тарылу Тарылу және кеңею
ми Кеңею Тарылу
құрсақ және мүшелер - Тарылу
сыртқы жыныс мүшелер Кеңею Тарылу

Бронхтар Тарылу Кеңию
Бездер:
тер - Секреция
сілекей Секреция (сұйық) Секреция (тығыз заттарға бай)
Секреция, аз мөлшерде (белгілі
қарын Секреция бір жағдайларда)
ВЖЖ МОРФОФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ВЖЖ-нің ГАНГЛИЙЛЕРІ.

1. СЖЖ-нің ганглийлері
орналасуына қарай
бөлінеді:
- паравертебралдық
(симпатикалық
тізбектер);
- превертебралдық.
2. ПЖЖ ганглийлері
ағзалар ішінде жатады
(интрамуралдық).
ВЖЖ-нің медиаторлары:
Қозуды өткізу негізінен химиялық әдіспен
өтеді.
Синапста медиатордың тек қана бір түрі
бөлінеді (Дейл принципі), оның әсері
постсинапстық мембрананың рецепторлардың
түріне байланысты.

Негізгі медиаторлар – ацетилхолин (АцХ),
норадреналин (НА), серотонин, аминоқышқылдар,
АҮФ, ГАМҚ, гистамин және т.б.
Бөлінетін медиатордың түріне байланысты
холинергиялық және адренергиялық жүйке
талшықтарын ажыратады.
І. Холинергилік талшықтар:
- ПЖЖ-нің және СЖЖ-нің барлық
преганглийлік жүйкелері;
- ППЖ-нің постганглийлік жүйкелері;
- СЖЖ-нің постганглийлік тер бездерінің
жүйкелері, қаңқа еттерінің, жүректің, бауыр
мен көк бауырдың қан тамырларының
жүйкелері.
ІІ. Адренергилік талшықтар:
- СЖЖ-нің постганглийлік жүйкелері.
ВЖЖ-нің РЕЦЕПТОРЛАРЫ:

. холинорецепторлар – М - және Н;
. адренорецепторлар – α - және β.

Қан тамырларын:
- α - тарылтады;
- β – кеңітеді.

Жүректе, бронхтарда β - адренорецепторлар ғана
бар.
ВЕГЕТАТИВТІК
РЕФЛЕКСТЕР.

• - Висцеро-
висцеральдық
(аксон-
рефлекс);
• - Висцеро-
моторлық;
• - Висцеро-
дермалық;
• - Дермо-
висцеральдық .
ВЕГЕТАТИВТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ үздіксіз
тонуста болуы келіп түсетін серпіністерге
байланысты:
- экстеро- және интерорецепторлардан;
- гипоталамустан, торлы құрылымнан,
мишықтан, қыртыс асты ядроларынан,
лимбиялық жүйесінен, ми қыртысынан.

ПЖЖ-нің тонусы СЖЖ-і тонусынан басым
болады.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ

Ұқсас жұмыстар
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Жоғарғы жүйке жүйесінің онтогенензі
Симпатикалық жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі жұлын
Жүйке жүйесінің физиологиясы
ЖҮЙКЕ ҰЛПАСЫ
Баланың өсу заңдылықтары
Жүйке жүйесінің маңызы
Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы Жүйке жүйесінің маңызы
Шеткі жүйке жүйесі
Пәндер