Еңбек құқығының қағидалары



Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі және рөлі
Еңбек құқығының қағидалары - Қазақстан Республикасы Конституциясында, еңбек заңнамаларында және басқа да нормативтік - құқықтық актілерде көрсетілген еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бастамалары мен идеялары.
Еңбек құқығының негізгі қағидасы еліміздің Конституциясының 24-бабында бекітілдген, онда "Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар", - деп жазылған.

Еңбек құқығы қағидаларының жіктелуі
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

1. Әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды
Еңбек құқығының салалық қағидаларының сипаттамасы
Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
2. Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
3. Еңбек қызметінің тиісті түрлері үшін ҚР заңдарына сәйкес белгіленетін не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды.
4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.

Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу
Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлі еңбек қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.
Мәжбүрлі еңбекке:
жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және оны орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты;
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің түсінігі
Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді айтады.
Біріншіден, жалпыға міндеттілігі құқықтық нормаларға тән мәндік қасиет, бұл оларды басқа әлеуметтік нормалардан (мысалы, қызметтік этикадан\
Екіншіден, еңбек туралы құкықтық актілер (кодекс, заңдар, жарлықтар, қаулылар, т. б. ) ерекше нысанда арнайы тәсілдермен бекітіледі, олар жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормативтер болып саналатын құқықтық актілер.
Негізгі белгілері:

Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері
Негізгі
Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚР конституциялық заңдары
ҚР еңбек кодексі
ҚР Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары
ҚР Үкіметінің, Конституциялық кеңесінің және Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары
маслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың
аймақтық жағдайын белгілеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық шешімдері.
министрліктер мен кейбір
мемлекеттік орталық басқару
органдары басшыларының
нормативтік бұйрықтары,
мемлекеттік комитеттер мен басқа
мемлекеттік орталық органдардың
еңбектің салалық жағдайларына
қатысты нормативтік қаулылары

Туынды
Ережелер (правила) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қызметтің кейбір түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілер
Қағида (жобылық қағида, типтік қағида - примерные положения, типовые положения) - белгілі бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін, сонымен қатар, қызметтің нақты түрін жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
Нұскаулық (инструкции) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы еңбек заңнамасын қолдануды жіктеп көрсететін нормативтік құқықтық акт

Еңбек құқығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және адамдар бойынша қолданылуы
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы қолданылуы
еңбек туралы нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізудің міндетті шарты - олардың мемлекеттік тіркеуден өтуі. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды. Еңбек туралы нормативтік құқықтық актінің күші мерзімсіз және уақытша болуы мүмкін. Егер актінің өзінде немесе оны күшіне енгізу туралы актіде басқадай мерзім көрсетілмесе, нормативтік құқықтық акт мерзімсіз күшінде болады деп саналады. Уақытша мерзім жалпы акт үшін де, оның жеке бөлігі (бөліктері) үшін де белгіленуі мүмкін, бұл жағдайда еңбек туралы нормативтік құқықтық актінің (немесе оның бөлігінің) қанша мерзімге күші сақталатыны міндетті түрде көрсетіледі. Бұл мерзім өткеннен кейін акт шығарған орган оның күшін жаңа мерзімге ұзарта алады немесе оған мерзімсіз сипат бере алады. Құқық қолдану тәжірибесінде еңбек туралы нормативтік құқықтық актінің күшін тоқтата тұру немесе біржолата тоқтату болады. Нормативтік құқықтық актілер заңнамада белгіленген мерзімде күшіне енгізіледі, бұл еңбек туралы нормативтік актілер иерархиясында сол нақты актінің алатын орнына байланысты: ҚР еңбек кодексі, ҚР заңдары, ҚРП жарлықтары, Үкімет қаулылары олар алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді, егер актілердің өзінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмеген болса; ҚР Парламенті мен оның палаталарының қаулылары алғаш ресми жариялаған күннен, ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары оларды қабылдаған күннен күшіне енеді; ҚР Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде ҚР Жоғарғы сотының және Ұлттық банкінің, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері олар алғаш жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді, егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмеген болса.

Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі қолданылуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz