Жай ақуыздар


Slide 1

Биология және биохимия кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Шымкент 2021жыл

Тақырыбы: Жай және күрделі нәруыздар.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Орындаған: Шәдібек Е. Ө

Қабылдаған:

Тобы: ЖМҚБ 02-20

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жай ақуыздар

Күрделі ақуыздар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Ақуыз - молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат, тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т. б. Ақуыз - азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына - тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады.

Slide 4

Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар. Ақуыз - азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына - тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Адам тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.

Slide 5

Ақуыздардың барлығы құрылымы бойынша екі топқа бөлінеді:

1) Жай ақуыздар - протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар) ;

2) Күрделі ақуыздар - протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер) . Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады. Жай ақуыздар гидрслизденгенде (ыдырау) тек амин қышқылдарына ыдырайды.

Slide 6

Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50, 6 - 54, 5 % көміртек, 21, 5 - 23, 5 % оттек, 6, 5 - 7, 3 % сутек, 15 - 17, 6 % азот, 0, 3 - 2, 5 % күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

Slide 7

Жай белоктар, Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы

Жай белоктар гидролиздеу кезінде тек аминқышқылдарына ғана ажырайды. Төменде қарапайым белоктардың негізгі өкілдері жайлы сөз болмақ.

1. Альбуминдер - бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, ағза клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмырткасында, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Альбуминнің молекуласы теріс зарядталған. Құрамында глутамин кышқылы көп болғандықтан, оның қышқылдық қасиеті бар, рН - 1 - 4, 7. Альбуминдер суда, тұзды ерітінділерде ериді, қан плазмасында липидтерді, гормондарды, витаминдерді, микроэлементтерді тасымалдайды.

Қан сарысуының альбумині 500 амин қышқылы қалдықтарынан құралады, М. М. - 7, лактоальбумин (сүтте болады) 153 амин қышқылының қалдықтарынан құралады, м. м. 17 000. Жұмыртқа белогiнде овальбумин кездеседі, оның м. м. 45000.

Slide 8

2. Глобулиндер - бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді, альбуминдер бар жерде кездеседі. Глобулин сәл қышқылдау белоктарға немесе бейтарап белоктарға жатады. Ол сұйытылған тұз ерітінділерінде ериді, суда ерімейді, рН - 1 - 6-7, 3. Глобулиндер қанда көп мөлшерде кездеседі. Олар өздерінің құрамы, ho молекулалық массасы және биологиялық қызметі жағынан бір-бірінен өзгеше. Глобулиндерді: а - глобулиндер, р глобулиндер және у - глобулиндер деп бөледі. Ал, олардың өзі ары қарай бірнеше топқа бөлінеді. а - глобулиндер тобына церулоплазмин жатады. Ол плазмадағы мыс иондарын тасымалдау қызметін атқарады, М. М. - 15. p - глобулиндердің арасында трансферрин бар, ол темір иондарын тасымалдайды, М. М. 76000. Глобулиндердің ішіндегі аса маңыздысы ү - глобулин. Ол антиденешік, ағзаны қорғаушы белок.

Slide 9

3. Гистондар (грекше - histos - ұлпа) ағзаның ұлпалық белоктары. Ол хроматиннің ДНҚ қосылысымен байланысты болады. ДНҚ - ның кеңістіктік құрылымын тұрақтандыруға және репрессия процесіне қатысады. Генетикалық мәліметтің ДНҚ - дан РНҚ - ға берілуіне жан-жақты тосқауыл қояды, Гистондар өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі. Олардың құрамында аргинин мен лизин қалдықтары көп болуына байланысты сілтілік қасиеті бар, М. М. - 11000-21000, pH- 10.

Slide 10

4. Протаминдер - ең шағын молекулалы белоктар, М. М. - 4000 - 12000 шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ - мен байланысты. Ол спермада (еркектің ұрығында) болады және реттеушілік емес, тек құрылымдық қызмет атқарады.

Slide 11

5. Проламиндер - өсімдіктер белогi, әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер дәнінің жабысқақ ұлпасында болады. Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда және сілтілерде ерімейді, 70 % этанолда ериді. Бұл белоктар тобында кейбір ауыстырылмайтын амин қышқылдары тапшы болады. Проламин белоктары тобына бидай мен қара бидайдың глиадины, арпаның гордеині, жүгері зейні мен сұлының аверині жатады.

Slide 12

6. Глутелиндер де өсімдік белоктарына жатады, сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді. Астық тұқымдас дақылдар дәнінде проламинмен бірге белок қоры ретінде жиналады. Бұлар: бидайдың глутелині, күріштің оризенині және басқалары.

Slide 13

7. Протеиноидтар (склеропротеиндер) - белок тәріздес заттар. Бұларға сүйеніштірек ұлпаларының (шеміршектің, сіңірдің, сүйектің, мүйіздің, жүннің, шаштың т. с. сияқтылардың) фибрилл белоктары жатады. Бұл белоктар ерекше мықты және иілмелі - созылмалы келеді. Суда, тұздардың, қышқылдар мен сілтілердің сұйық ерітінділерінде ерімейді. Бұл белоктарды протеолиттік, ферменттердің көпшілігі ыдырата алмайды, олар қоректік жағынан бағалы емес.

Slide 14

Протеноидтар тобының белок өкілдері мыналар:

Коллаген - бұл белок жалғастырып тұратын тканьдерінің (сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршектің) негізін құрайды. Осы фибрилді талшықты белоктар суда ерімейді. Коллагеннің молекуласы үш полипептидтік тізбектен тұрады, М. М. - 285000 және оның амин қышқылдык құрамы ерекше. Ондағы барлық амин қышқылдарының үштен бірі глицин болып табылады. Коллагенді ұзақ қыздырған кезде ол денатураланады да, желатинге айналады.

Slide 15

Эластин, жалғастырып тұратын ұлпаның иілмелі - созылмалы белогы. Сіңірде, тарамыста болады. Суда ерімейді. Құрамында глицин, валин, лейцин, пролин болады. Ол, әсіресе, мойын омыртқалардың байланысында, аорта қан тамыры қабырғасында коллагенмен бірге кездеседі. Эластин созылғыштық қасиеті жағынан каучукке жақын.

Slide 16

Кератин - шаш, жүн, тырнақ, тұяқ, қауырсындардың құрамына кіретін фибрилді белоктар. Құрамында цистеин (150 % шамасына дейін), глутамин қышқылы, лейцин көп. Суда, қышқылдарда, сілтілерде, тұздар ерітіндісінде және органикалық еріткіштерде ерімейді, өте берік. Бұл белоктің иіліп - созылғыштығы және механикалық мықтылығы полипептидтік тізбектер арасындағы дисульфидтік байланыстардан болады.

Slide 17

Фибрион - табиғи жібек талшықтарының негізін құрайтын белок. Гидролизге тұрақты. Сол сияқты ол өрмекші өрмегінің де негізі болып табылады. Бұл белок құрамында көп мөлшерде глицин, аланин, серин, тирозин бар.

Slide 18

Күрделі белоктар.

Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы құрамында белоктік белігі және белоксiз белігі бар қосылысты күрделі белоктар - протеидтер, ал мұндағы белоксіз бөлікті простетикалық топ деп атайды. Ол топ белоктың биологиялық қызметінде маңызды рөл атқарады. Күрделі белоктар құрамында кездесетін белокты және белоксіз бөліктер, шамасы коваленттік байланыспен жалғасатын сияқты. Бұл құбылыс былай түсіндіріледі. Егер күрделі белокты басқа заттардан бөліп алғымыз келсе, ол тек белоксіз бөлігімен ғана бөлініп алынады да, белоксіз бөлігі, оның ылғи да негізгі компоненті ретінде бірге жүреді. Күрделі белоктар құрамында болатын простетикалық топтардың сипатына қарай мына төмендегідей топ тармағына бөлінеді.

Slide 19

1. Нуклеопротеидтер - нуклеин қышқылы бар белоктар кешені, яғни оның құрамы жай белоктар мен нуклеин қышқылдарының қалдығынан тұрады. Простетикалық топтың (нуклеин қышқылының) ерекшелігіне байланысты, оларды және рибонуклеопротеидтер деп бөледі. Молекулалық массалары үлкен болып келеді. барлық клеткалардын, ядросында, митохондрияларында және сперматозоид шөмішінде кездеседі. Сондықтан, олардан клеткадағы ядроның негізгі бөлігі құралады және олар ұлпадан айрықша бөлініп тұрады. Нуклеопротеидтердің биологиялық рөлі зор. Олар клетканың құрылымдық элементі ғана емес, сонымен бірге тірі ағзаларда негізгі қызмет атқарады. Бұл белоктардың құрамында гистондар мен протаминдер нуклеин қышқылымен байланысқан. Олар ядродағы ДНҚ құрылымын қалыпқа келтіріп, тұрақтандырады. Клетканың бөлінуі, белоктардың биосинтезі, тұқым қуалаушылық ақпараттар, көп түрлі коферменттік қызметтер нуклеопротеидтермен тығыз байланысты. Нуклеопротеидтерге вирусты белоктар да жатады, оларды осы жағынан қарастыру өте қызықты.

Slide 20

2. Фосфопротеидтер - жай белоктар мен фосфор қышқылы қалдықтарынан тұрады. Ол полипептидтік тізбектегі серинге, не треонинге жалғасады. Қыздырғанда ұйымайды. Қышқылдармен әсер еткенде ұйиды. Фосфопротеидтерге сүттегі казеин, жұмыртка сары уызындағы виталлин, балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер (пепсин мен фосфорилаза) жатады.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Ақуыздардың жіктелуі
Сүт ақуыздары
Ақуыздың құрылысы және қызметі. Ақуыз фолдингі. Шаперондар, жасушадағы қызметі туралы
Вирустардың құрылымының ерекшеліктері
Жасуша жапсарының патологиясы
Ақуыз құрамы
Ақуыздың қызметі және қасиеті Ақуыз фолдингі Нуклейн қышқылдарының қызметі және қасиеті ДНҚ пішіні және РНҚ түрлері
Био - мембраналар
Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі
Ақуыз құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz