Жеміс жидектер өндірісі


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Жеміс жидектер өндірісі

Орындаған: Садық С. Т

Жанболат Н. А

Тобы: БТ-18-411-30

Тексерген: Али М. М

«А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті»КеАҚ

В. Двуреченский атындағы ауыл шаруашылық институты

Slide 2

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2. 1. Жеміс жидектер өсіру процесі

2. 2. Жеміс жидек шаруашылығы жайлы

2. 3. Жеміс жидек дақылдары

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына жидек және жеміс шаруашылығы жатады. Жеміс және жидек шаруашылығының негізгі міндеті- халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектері және жүзім өндіру. Жидек дақылдарының жемісінде органиқалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, хош иісті заттар болады.

Кейбір жидек дақылдарының жемісінің (қаражидек, таңқурай, қара жемістішетен) дәрілік қасиеті бар. Жидек дақылдары ерте және жыл сайын жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен тұшала үшінші-төртінші жылдары) . Жидек дақылдары әртүрлі топырақ- климат жағдайларына жеңіл бейімделеді.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Жеміс - жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс-жидек сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (ботаникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді:

ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары)

бұталар (қарақат, тұшала т. б. )

жартылай бұталар (таңқурай, т. б. )

лиандар (актинидия, жүзім, т. б. )

Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай

Slide 7

Жеміс жидектер өндірісі

Жеміс-жидек шаруашылығы - жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т. б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т. б. ), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады.

Slide 8

Жеміс-жидек шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б. з. б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б. з. б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды.

Slide 9

19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т. б. маңызы зор.

Slide 10

Ғылыми жеміс шаруашылығы - белгілі ғалым-бағбандардың И. В. Мичуриннің, В. В. Пашкевичтің, Л. П. Симиренконың еңбектеріне негізделінген. Н. И. Вавиловтың ежелгі егіншілік елдеріне жасаған экспедициялары, селекциялық жұмыстар үшін құнды материал саналатын, ауыл шаруашылық (оның ішінде көкөністік, бақшалық, жеміс-жидек) дақылдардың әлемдік топтамасын (коллекциясын) жинауға мүмкіндік берді. Н. И. Вавиловтың маңызды мәдени дақылдардың шығу орталығы туралы жасаған ілімі өсімдік биологиясын білудің теориялық негізі болып табылады.

Slide 11

Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығы сібір жеміс шаруашылығымен тығыз байланыста. Сібірдің көптеген сұрыптары ішінара «мәдениленгендер» дегендер немесе ірі жемісті «қытайлықтар» әртүрлі жолдармен Қазақстанның солтүстігіне жетіп отырған.

1932 жылы С. М. Рытов пен агроном А. С. Крюков Қарағанды облысының Долин ағаш тұқымбағында суландырылатын бір гектар жерге алғашқы тәжірибелік жеміс бағын салды. Бұл тұқымбақта сібірлік жидекті алмаға телінген ұсақ жемісті сібірлік сұрыптардың жүз шақты алма ағашы, уссурийлік жабайы алмұрттың бірнеше екпе көшеттері және оншақты канадалық және уссурийлік алхоры ағашы болды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Өсімдік және жануар шикізаттарының сақтау әдістері
Қантты заттар
Мұздатылған өнімдерді Сақтау технологиясы
Сынықты басқа жарақаттардан ажырата білу
Тамақ және жеңіл өнеркәсібі
Жасыл карточка киімдер
Міндетті және ерікті сертификат
Көкөністер, жеміс – жидектер және бөлме өсімдіктерін көбейтіп, өсіру
Сэндвич және смузи дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz