Объектілерді белгілеу
Презентация қосу
CorelDraw –да объектілермен жұмыс
істеу
Дәріс 12 апта
Майкибаева Э.К.
Жоспар:
1. Объектілерді белгілеу.
2. Объектілерді реттестіру.
3. Перспектива. Көлеңке түсіру.
4. Клондар және эффектер клонын салу
1.Объектілерді белгілеу.
Объектілерді Ріск құралының көмегімен ғана
белгілеуге болады. Егер Ріск құралын алдын ала
тышқанның көмегімен алып алған болсаңыз,
онда объектілерді мынадай тәсілдермен
белгілеуге болады. - бірнеше объектілерді Shift
пернесін басып тұрып, кезек-кезек тышқан
көрсеткішін басу арқылы; - бірнеше объектілерді
бірмезгілде тіктөртбұрышты пунктир контур
арқылы.
Графикамен жұмыс істеу барысында Ріск құралын
алсаңыз, автоматты түрде басқа құралмен жұмыс
істеген соңғы объект белгіленеді. Объектінің
белгіленгенін жою үшін тышқан көрсеткішін
жұмыс бетінің кез келген бос жерінде шертуге
болады. Немесе келесі, басқа объектіні белгілеу,
алдыңғы объектінің белгілеуін жояды.
2. Объектілерді реттестіру
CorelDraw-да объектілерді реттестірудің мынадай
түрлері бар: басқа объектіге салыстырмалы
реттестіру, бірінің үстінде бірі орналасқан
объектілерде сурет бетіне шығу тізбесін өзгерту,
топтасу және объектілерді біріктіру. Ол үшін қажетті
командалардың бәрі Arrange (монтаж) мәзірінің
ішінде орналасқан. Объектілердің тізбегін өзгертетін
жеті команда бар:
Ол Arrange-Order (рет) командасы арқылы
шақырылады. Бұл командалар: алдына шығару,
артына шығару, алға, артқа, тізімді бастапқы
қалпына келтіру, объект алдына, объектіден кейін
объектілерді топтау және топталған объектілерді
бастапқы қалпына келтіру.
Бірнеше объектілерді бір топқа біріктіру үшін, алдын
ала ол объектілерді жоғарыда айтылған тәсілдердің
бірімен белгілеу керек. Содан соң Arrange-Group
(топтастыру) командасын орындау керек. Осы
топталған объектіні қайтадан бастапқы қалпына
келтіру үшін Ungroup (топты жою) командасын
орындау қажет.
Топтастыру мен біріктіуден басқа екі немесе бірнеше
объектілерден бір объекті немесе бірнеше жаңа
объекілер алудың үш тәсілі бар. Бұлар: біріктіру,
қиылыстыру және шегеріп тастау.
Біріктіру. Бұл операция орындағанда бірнеше
объектілер бір контурмен қоршалып, араларындағы
бастапқы объектілер контурлары жойылады да, бір
объект болып шығады. Қиылыстыру. Бұл операция
нәтижесінде екі немесе бірнеше объектілердің
қиылысуында пайда болған объект шығады. Шегеріп
тастау. Бұл операция орындалу барысында
таңдалынған объектінің белгіленген объектімен
кесілген бөліктері жойылады.
3. Перспектива
Көлеңке түсіру. CorelDraw графикалық редакторы
негізінен жазықтықтағы бейнелерді салуға
бағытталған. Сондықтанда бейнелеу жұмыстарында
түсетін жарыққа байланысты көлемнің өзгеруі, түс
қанықтылығы сияқты қасиеттер тек графикалық
тәсілдермен жасалынады. Осы қасиеттерді алуға
бағытталған, CorelDraw-да Көлеңке түсіру,
Перспектива жасау сияқты құралдар бар. Сонымен
қатар Перспективаны түрлендіруге де болады.
Геометриялық перспективаның заңдылықтарын ерте
заманның өзінде-ақ суретшілер тапқан болатын.
Бейнеленетін объектінің өлшемін, адамның көзінен
арақашықтығына пропорционалды кішірейту арқылы
тереңдік алуға болады. Бір объектіге немесе
объектілер тобына қолданылған перспективаны
түрлендіру, перспективаның таңдалынған схемасы
бойынша қисайту деген сөз.
Заттардың жазықтыққа түсетін көлеңкесін құру
үшін көлеңке құратын арнайы құралдарды
қолдануға болады. Тіктөртбұрыш үшін
перспективаны түрлендіру кезеңдерін
қарастырайық. Ол үшін CorelDraw-да арнайы
құрал жоқ. Сондықтан бұл жұмысты объектіні
белгілеуден бастаймыз. Содан соң Effects-
AddPerspective (эффектілер- перспективаны қосу)
командасын орындаймыз. Команда орындалып
болған соң, объект бетінде қызыл түсті пунктир
тор пайда болады. Осы кезде автоматты түрде
Shape(форма) құралы таңдалынады. Ол тордың
бұрыштарындағы түйіндерді жылжытып, объект
формасын өзгертуге мүмкіндік береді.
4. Клондар және эффектілер клонын
салу
CorelDraw-да клон деп өзінің көшірілген үлгісімен
байланысын үзбейтін, объектілердің арнайы
көшірмелерінің жиынын айтады. Үлгі объектіні
клонның басқарушы объектісі деп атайды. Клонның
негізгі қасиеті, оны редакциялауға болмайды. Клон
элементін түрлендіруге: жылжытуға, бұруға, айнадағы
кескінін алуға болады, бірақ оның боялу
параметрлерін және контурлық сызықтарын
өзгертуге болмайды.
Эффектер клонын салу. Эффектер клонын салу
дегеніміз - бұрын құрылған құрама объектілердің
эффектерін басқа объектіге көшіру түрі. Қадамдап
ауту. Қадамдап ауту CorelDraw-да құрама объект,
алдыңғы басқару объектісі, соңғы басқару объектісі
және реттелген аралық объектілер жиынынан тұрады .
Аралық объектілер форматы, бастапқы объектінің
соңғы объектіге өзгеруін түрленуіне баяулап
жақындауы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. CorelDraw-да объектілерді қалай белгілеуге
болады?
2. CorelDraw-да объектілерді қалай реттестіруге
болады?
3. Бірнеше объектілерді бір топқа қалай біріктіруге
болады?
4. Біріктіру, қиылыстыру және шегеріп тастау
операцияларын қалай қолдануға болады?
5. Көлеңке түсіру, Перспектива жасау сияқты
құралдары қалай жұмыс істейді?
6. Клон деп нені айтамыз?
7. Эффектер клонын салу дегеніміз не?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz