Объектіні қисыққа түрлендіру




Презентация қосу
Дәріс
Тақырыбы:
Сызықта
р
Жоспар:
1. Қисық моделі.
2. Сызықтар және қолмен сызу мен
Безье құралдары.
3. Сызықтар және Суперлиния құралы.
4. Өлшемді жазу құралдары.
5. Редакциялау құралдары.
6. Жұмыс ортасын баптау құралдары.
7. Объектіні қисыққа түрлендіру.
Терезенің сол жағында тігінен орналасқан
аспаптар панеліндегі аспаптар тізімі:
Қисық моделі CorelDRAW жұмыс істейтін сызықтар
модельінде екі түсінік негізге алынады: түйін және сегмент.
Бейне жазықтығындағы қисық сегменттің бір ұшын көрсететін
нүктені - түйін деп атайды.

Сегмент - деп екі қатар орналасқан түіндерді қосатын
қисықтың бір бөлігін айтады. Түйіндер мен сегменттер бір-
бірімен тығыз байланыста: тұйықталған сызықтарда
сегменттер саны мен түйіндер саны тең, ал тұйықталмаған
сызықтарда түйіндер саны 1-ге артық. Кез келген сызық
CorelDRAW-да түіндер мен сегменттерден тұрады, қисықтарға
қолданылатын барлық операциялар солармен жұмыс істейді.

Жалпы сипаты бойынша түйіндер үшке бөлінеді:
тұйықталмаған қисықтың бастапқы түйіні, түзусызықтың және
қисықсызықтық түйіндер.
Сызықтар және қолмен сызу мен Безье құралдары. Қолмен сызу
құралы түзу кесінділері мен сынған түзулерді және еркін формалы
қисықтар сызу үшін қолданылады.
Қисық сызу үшін, құралды таңдағаннан соң, тышқан бағыттауышын
сол жақ батырманы басып тұрып жұмыс бетінде жылжытамыз. Түзу
сызық сызу үшін құралды таңдаған соң тышқанның сол жақ
батырмасын кесіндінің басында және соңында шерту керек.

Суперсызық құралы "суперсызықтар" құрамындағы объектілерді салу
үшін қолданылады. Құралды таңдаған соң экранның сол жақ жоғарғы
бұрышында қосымша құралдар пайда болады. (показать рисунок)
(дайын суреттер, шашыратқыш, кисть, каллиграфия) Бұл қосымша
құралдар төгілмелі тізімнен таңдалынған объектілерді қайталап салу
мүмкіндігін береді.
Бейне масштабын тағайындау Бейне масштабын Options сухбат
терезесінің көмегімен тағайындалады. Ол терезе View/Grid And Ruler
Setup мәзірі бойынша ашылады.
Терезеде Rulers қатпарын таңдап, Edit Scale батырмасын басу қажет.
Drawing Scale деген сухбат терезесі ашылады. Осы терезенің басқару
элементтері арқылы беттегі бейне ұзындығының бірлігіне сәйкес оның
шынайы өмірдегі бірлікке жақындатуға болады
Графикалық объектілер құрылымын болған соң, олармен редакциялау
құралдарын қолданып жұмыс істеуге болады.
«Pick» құралы. Бұл объектілерді таңдау құралы. Бұл құрал екі
тәртіпте жұмыс істейді.1. Таңдау тәртібінде, оның көмегімен
объектілерді жылжыту, реттестіру, топтау немесе біріктіру үшін
белгілейді. 2. Түрлендіру тәртібінде бұл құрал белгіленген
графикалық объектілерде: бұруға, созуға, айнадағы бейнесін
алуға, масштабын қоюға мүмкіндік береді.

«Outline» құралы және оған сәйкес құралдар панелі мен
сухбаттар графиканың объектілердің контурын сызу түрлерін
таңдау үшін қолданылады.Сонымен қатар стандартты емес
графикалық құралдарды объектілермен текстердің контурын
сызатын параметрлерін баптау үшін қолданылады.

«Fill» құралы және оған сәйкес құралдар панелі белгіленген
графикалық объектілермен шектерді стандартты түс бояулармен
бояу. Бұл құралдар стандартты емес түс бояуларын баптауға
мүмкіндік береді.
1.Компьютерлік графика – бұл
А) ақпаратты өңдейтін ғылым
Б) геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін
В) сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылым
С) математикалық формулаларға негізделген ғылым
Д) суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын ғылым

2.Векторлық кескіндер қандай графикалық редакторларда жасалады?
А) Corel Draw Adobe Photoshop
В) Corel Draw Corel Photo Microgroft Draw
C) Photofinish Corel Draw
Д) Corel Draw Adobe illusntrator Microgroft Draw

3. Adobe Photoshop қай жылы 7,0 версиясымен мамандарды жаңа
қасиеттермен түрлендіре түсті?
А)2002ж
В)2005ж
С)2010ж
Д)2008ж
4. Лупа қандай қызмет атқарады?
А) бөліп алынған аймақты іске қосу
В) жылдам түске қосу
С) Image Ready режиміне өту
Д) бейнелерді үлкейту және кішірейту

5. Сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер
жинағынан тұратын кескіндер қандай кескін?
А) векторлық кескін
В) растрлық кескін
С) мультимедиа
Д) векторлық және растрлық кескін

6.Оның көмегімен объектконтурын жоюға немесе сындыруға,
тіктөртбұрыштың бұрыштарын доғалдандыруға,шеңберді секторға немесе
доғаға айналдыруға, қисық формасын өзгертуге болады?
А) «Outline»
В) «Shape»
С) «Fill»
Д) «Pick»
7.Дайын суреттер, шашыратқыш, кисть,каллиграфия: кай функцияга
жатады?
А) Безье
В) Options
С) Суперсызықтар
Д) Smudge Brush

8.Объектілерді таңдау құралы кандай?
А) «Outline»
В) «Shape»
С) «Fill»
Д) «Pick»
9.Белгіленген графикалықобъектілермен шектерді стандартты түс
бояулармен бояуга арналган курал?
А) «Outline»
В) «Shape»
С) «Fill»
Д) «Pick»

10.Тышқан арқылы түзудің бастапқы нүктесін көрсетіп тышқанды
жібермей соңғы нүктесін көрсеткеннен кейін тышқанды қозғау
арқылы керек қисықты аламыз - осы процести калай атайды?
А) Интерактивті түзу қосқыш құралы
В) Үш нүктелі қисық құралы
С) Еки нүктелі қисық құралы
Д) Форма құралы
Жауаптар:
1.Д
2.Д
3.А
4.Д
5.А
6.В
7.С
8.Д
9.С
10.В

Ұқсас жұмыстар
ЕКІНШІ РЕТТІ СЫЗЫҚТАР
Объектілерді белгілеу
Компьютерлік вирустар.Антивирустық программалар
Биология сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Туындының физика мен техникада қолданылуы тақырыбы бойынша теориялық білімді практикалық дағдыларға қолдана отырып, дамыту сабағы
МЕНЕДЖМЕНТТЕГI ЖҮЙЕЛІ ЫҚПАЛ
Объектілерді көшіру
Тілдік құрылымы
Күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы қоршаған ортаны жылумен
Объектіні дискетке көшіру
Пәндер