Ақпараттық мәдениет ұғымы және оның компоненттері


Slide 1

Дәріс 1. Ақпараттық мәдениет ұғымы және оның компоненттері. Заманауи цифрлық технологиялар және оларды білім беруде пайдалану.

Информатика және АТ кафедрасы

Slide 2

Жоспары:

Білімді ақпараттандыру.

Білімді ақпараттандырудың жағымды және жағымсыз жақтары

Ақпараттық мәдениет және оның компоненттері

Заманауи цифрлық технологиялар

2

Slide 3

3

Ақпараттандыру қазіргі ақпараттық технологияларды ғылым мен бүкіл қоғамдық өмірге енгізу және үнемі жетілдіріп отыру деп айтуға болады. 1990 жылдары жалпыға қолжетімді интернеттің пайда болуы бұл үдерісті күшейтіп, қоғамды ақпараттандыру мемлекеттік тұрғыда осы 1990 жылдан бастап қолға алына бастады.

Slide 4

Білімді ақпараттандыру

4

Білімді ақпараттандыру - оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мақсатына жету үшін білім саласында бар білімді жүйеге келтіріп және жаңа білімді қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау және тарату құралдары мен технологиясын қолдануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық қызметінің аумағы.

Slide 5

Білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.

Біріншісі - АКТ қолдану негізінде білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру;

Екіншісі - ақпараттық қоғамның қоятын талаптарына қанағаттандыратын жаңа типті ойлайтын мамандарды дайындау сапасын арттыру.

5

Slide 6

Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі бағыт бойынша (басқарылатын және басқарылмайтын) жүзеге асады.

Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдасқан үдеріс сипатында болады және материалдық ресурстармен сүйемелденеді. Оның негізіне көпшілікпен негізделген тұжырымдамалар мен программалар жатады.

Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесі қызметкерлерінің бастамасымен іске асырылады және білім қызметінің неғұрлым өзекті салалары мен пәндік аумақтарды қамтиды.

6

Slide 7

Білімді ақпараттандыру құралдары деп білімді ақпараттандыру мақсатына жетуде қолданылатын компьютерлік аппараттық және программалық қаматамасыз ету, сонымен қатар олардың мазмұндық толтырылуын атаймыз.

Өкінішке қарай, көпшілігі білімді ақпараттандыру деп тек оқу үдерісіне АКТ-ны енгізу деп есептейді. Бұл шындығында да, білімді ақпараттандырудың маңызды бағыты болып табылады. Бірақ, АКТ тек қана оқу үдерісіне ғана емес, білім беру мекемелерінің барлық салаларына кеңінен енгізілуде.

7

Slide 8

Ақпараттық мәдениет және оның компоненттері

Ақпараттық мәдениет - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - Ақпараттық мәдениет - ақпараттық қызметтің мүмкін болатын барша түрлерін: алуды, жинақтауды, сақтауды және кез-келген өңдеуді жүзеге асырып, осының негізінде сапалық жағынан жаңа ақпарат жасауға, оны беруге, іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік беретін адамның, қоғамның, немесе оның белгілі бір бөлігінің сапалық жетілу деңгейі".

8

Slide 9

Ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мәдениетінің құрылымы

9

Аксиологиялық адамның ақпараттық қызметінің адамгершілік құндылықтарын жеке тұлға деңгейінде қабылдау

Коммуникативтік Информатика және ақпараттық технология аумағында қарым-қатынас және ынтымақтастық мәдениеті, телекоммуникацияның мүмкіндіктерін тұлғааралық және ұжымдық өзара әрекетте қолдану мүмкіндіктері

Танымдық-интеллектуальдық Ақпараттық технология аумағында еркін бағдар жасау және құзырлылық, ойлаудың икемділігі мен бейімделуі

Болжамдық Ақпараттық іс-әрекеттің мүмкін салдарларын болжау, үнемі жаңарып тұратын ақпараттық жағдайға кәсіби-әдеуметтік бейімделу

Қолданбалылық Кәсіби есептерді неғұрлым тиімді шешу үшін ақпараттық-технологияның мүмкіндіктерін қолдану

Құқықтық Ақпараттық қатынасты реттеудің негізгі құқықтық нормаларын білу және оны орындау, ақпараттандыру құралдарының көмегімен жасалатын әрекеттерге жауаптылықты сезіну

Эргономикалық Ақпараттық-кәсіби қызметте еңбекті ұйымдастырудың ғылыми принциптерін, денсаулық, физиологиялық және қолайлылық қауіпсіздігін іске асыру.

Slide 10

Қоғамдық өмірге ақпараттық технологияны енгізудің «білім беру» бағыттары:

Ақпараттық қоғам жағдайында білім мазмұны мен қызметін, педагогикалық қызметтің формалары мен әдістерін өзгерту;

Білім беруде мультимедиа-технологияны қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы;

Ақпараттық қоғамда дәстүрлі және инновациялық оқыту тәсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;

10


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік білім
Семинар жоспары
Саяси сана. Мәдениет және өркениет
Мәдениет философиясы
ЭЛИТАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
Ұйымдағы мәдениет факторы, кросс - мәдени психологияның басқарудағы рөлі
Өркениетті зерттеуші ғалымдар
Өмірлік мақсаттар, өмірлік стиль
МӘДЕНИЕТ - ЖЕКЕ
Қазіргі арнайы мектептердегі тәрбие жұмысының тиімді моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz