Дене тәрбиесі ерекшеліктері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ұстаз институты
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру технологиясы пәні бойынша
Тақырыбы: Гимнастика - дене тәрбиесі құралы
Студент: Амантай Айгерім Тобы: ДОВ18-3
/Аты-жөні/ /қолы/
Жетекшісі: Шыниева Р. Т
/ лауазымы / / Т. А. Ә. /
Тараз 2021



«Гимнастика - дене тәрбиесі құралы» деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға дене тәрбиесінің құралының теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысанасы. Ересек топ балаларын оқу және тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің дамуын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
5-6 жастағы балалардың дене тәрбиесінің құралы гимнастиканың теориялық негіздерін айқындау;
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үрдісіне енгізіп, оның тиімділігін тексеру;
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің көрсеткіштерін, олардың педагогикалық білімдері, іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды дене тәрбиесінің маңызды құралын білуге тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңыздылығын білу ерекшеліктері қалыптасады.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №35 балабақшасының ересек топ балаларымен жүргізілді.
Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастикалық жаттығуларды үйретудің теориялық негіздері
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың гимнастикалық жаттығулары туралы педагогикалық көзқарастар
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді [3] .
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ . Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді [4] .
Соңғы жылдары зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасына сәйкес, белгілі бір мақсатты бағыты бар белгілі бір мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруының дамуымен ғана денсаулықты нығайтып, жұмыс қабілеттілігі дамитыны дәлелденді, бұл жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер етеді. Неміс ғалымы В. Зигер дәлелдеді: дене тәрбиесі әлеуметтік өмір, мәдениет пен өмір салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарын тәрбиелеу туралы айта отырып, біз физикалық жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларына, сондай-ақ белгілі бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән беру керек екенін анықтадық [5] . Дене шынықтыру үшін ашық ойындарды кеңінен қолдануды орыс ғалымы П. Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балалардың ауыр гимнастикалық жаттығуларында және оның орнына табиғи қимылмен ойнау орынды екенін дәлелдеді [6] .
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене тәрбиесінің мақсаты - балалардың денсаулығын нығайту, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ету, өйткені сонымен бірге баланың дамуына қолайлы жағдай болса, баланың денесі тез өсіп, дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде баланың ағзасы әлсіз, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны дененің шынықтырудан аурудан қорғауда, денсаулығын нығайтуда, физикалық белсенділікті дамытуда, мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттердің маңызы зор.
Міне, осындай мақсат көздейтін дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:
1) баланың денсаулығын сақтау және нығайту;
2) мәдени-гигеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру;
3) бала денесін шынықтыру;
4) балалардың жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.
Гимнастика - жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым.
Гимнастика - әрбір баланың ағзасына жан-жақты әсер ететін, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтетін, үйлесімді, дамуына көмектесетін, көңіл күйін көтеретін арнайы іріктелген жаттығуладың жүйесі. Гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы өмірлік қажетті дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті - ептілік, шапшаңдық, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау барлық сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады [7] .
Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке баланың дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың мынандай арнайы міндеттері бар: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апараттың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу.

Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығуларын пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен ағзаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез- келген қимыл мен қозғағыш әрекетті қолдануға болады.
Гимнастикада ағзаның құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзеге асыруға болады.
Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекеленген мүшелер мен бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әр түрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мөлшерлеу мүмкіндігі бар: әр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес әрі ол жаттығулардың ағзаға әсері қатаң ескеріліп пайдалынады және белгіленеді.
Жаттығулардың эмоциялығын арттыру, эстетикалық сезімге, ырғақтыққа, дәлдікке баулу және қимылдың мәнерлілігін арттыру мақсатында гимнастика жасау кезінде әуенді қолдану тиімді.
Гимнастиканы үйрету процесі жалпы білім беру сипатына ие: өзінің қозғалыс мүмкіндіктерін бағалай білуге баулиды, қозғалыс әрекеттерінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл оқу міндеттерін бөлу, қозғалыстың сараптамасы мен синтезін кеңінен қолдану, қозғалысты жаңа қозғағыш әрекетіне ұштастыру және әр алуан дене жаттығуларын зерттеп үйрену арқылы жүзеге асырылады.
Гимнастикада тәрбие беру міндеттерін жүзеге асырудың ерекше құралдары бар. Ол қозғағыш әрекеттердің дәл, алдын ала келісіліп орындауын талап етеді, оның әрекет саналылығы мен дербес тәуелсіздігін талап ететін регламенті белгіленген оқу процесін ұйымдастырудың ерекше стилі бар. Мұның бәрі тәртіпке, зерделілікке баулиды, ерік-жігер мен мінез-құлықтың нығаюына көмектеседі.
Осылай, гимнастика тәсілдері жалпы дененің жетілуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, жаттығу жасаумен айналысатындардың жасы мен дайындығына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын қолдануға, дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбиелік-білім беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Гимнастиканың бала өмірінде алар орны ерекше. Баланың дұрыс қалыптасуы, дұрыс жетілуі, айналасындағылармен қарым-қатынасы, сенімі, талпынысы, құлшынысы, көңіл-күйі гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы қалыптасады. Баланың жаттығуы кез-келген уақытта емес, тәртіппен, реттілікпен іске асуы қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың гимнастикамен айналасуы қимылды ойындар, қозғалу, жүгіру, серуендеу, ойнау арқылы жүзеге асады. Барлық балалардың гимнастикамен айналысуы өздерін еркін ұстауға үйретеді.
Гимнастика туралы әртүрлі көзқарастар бар. Соның ішінде, балабақшадағы балалар үшін орындалатын гимнастикалық жаттығуларға педагогикалық көзқарастың алар орны ерекше. Педагогикалық көзқарастар арқылы педагогтердің таным-түсінігі арта түсіп, гимнастикаға деген балалардың да қызығушылығын оята алады.
Педагогикалық көзқарастарды талқылай отырып, балаларға пайдалы әрекеттер жасау. Балалардың әрбір іс-әрекеттеріне мән берген жөн. Бала-біздің болашағымыз. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі балалардың салауатты өмір сүруінде.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастикалық жаттығуларды үйретудің өзіндік жолдары бар. Кез-келген педагог баланы үйрете алады, бірақ баланың еркін әрі нақты үйренуі белсенді, білімді, шығармашыл педагогке байланысты.
Қазіргі кезде орта және жоғары білім мамандарына оқытушы кадрларын дайындаудың деңгейін жақсарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жаңа бір деңгейге көтеріп, өзіндік еңбек өміріне баулу сияқты талаптар, міндеттер қойылып отыр.
Педагогикалық кадрларының шығармашылық еңбек жұмысын арттыруға, психофизикалық ауытқусыз қызмет жасауға, педагогтардың әлеуметтік белсенділігін кеңейтуге аса үлкен үлесін, пайдасын дене тәрбиесі арқылы алуға болады.
Болашақ пелагог маманға дене мәдениет оның профессионалды бағытына ұйымдастырушылық- педагогикалық, психология-педагогикалық комплексінде тұлғасына әсер етеді. Оның нәтижесінде тұлғасына мына бір жағдайлар қамтамасыз етеді.
• Біріншіден, тұлғаның дене мәдениетін, әлеуметтік жағдайын, психофизикалық өзіндік тәрбиесін қалыптастыру арқылы оның педагогикалық қызметінің сәтті өтуіне, салауатты өмір салтын
ұйымдастыруға, ой еңбегі мәдениетін жақсартуға болады.
• Екіншіден, балалармен дене тәрбиесі және спорт тәрбиесіне компонентті түрде қолданып, баулу арқылы балалардың денсаулығын нығайтуға, қызықты демалысына, күнделікті түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына әсер етуге болады [8] .
Барлық педагогикалық ұжымы балалардың дене мәдениетіне мән береді. Педагогтердің бірлесіп, келісіммен жұмыс істеу арқылы балалардың денсаулығын ныңғайтуға, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, ой және дене еңбегін артттыруға, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге болады.
Дене тәрбиесінің көптеген қырларын, сондай-ақ профессионалды- педагогикалық білімді жетік меңгерген әр педагогтың шығармашылық және танымдық белсенділігі артады. Ең бастысы, ғылыми профессионалды деңгейінің дайындығы жоғары түрде дамып, оқытушы кадрлардың профессионалды еңбегінің тұрақты болуына, әрі өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауға, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуге әкеп соғады.
Дене сауықтыру жұмысының негізгі бөлігі күнделікті балабақшада таңертеңгілік гимнастика жүргізу болып табылады. Жаңа күнінің басталуы алдында ұйымшылдық қасиеттерді дамыту негізгі мақсаттың бірі болып отыр. Осыған байланысты күнделікті гимнастиканы жүргізсе, онда балалардың күнделікті дене тәрбиесімен айналасуға құлшыныстары артады. Сонымен қатар мұндай гимнастика көптеген сауықтыру қызметтерін атқарады. Мысалы ағзадағы айналым үрдісінің белсенділігі артады, буын жүйесі қатайып, көңіл күйлері жақсарады. Балалардың еңбекке деген қызығушылықтары артады.
Гимнастиканы таза ауада жасау ағзаны нығайтып, тұмау ауруларына қарсы ағзаның күресуіне ықпал етеді. Гимнастика барлық дене мүшелеріне пайдалы жаттығу болып есептеледі.
Егер де гимнастика таза ауада жүргізілетін болса, онда балаларды біраз
жүгіртіп, спорттық ойындар өткізуге болады. Гимнастиканың жүргізілуінің ең басты бөлігі дене жаттығулары болып табылады. Олар өз кезегінде буын тобына арналып бағытталады. Әр комплекске 5-7 жаттығу жатады.
Комплексті бастаған және аяқтаған кезде орында жүру жаттығуын орындау қажет. Жаттығулардың барлығы дене тәрбиесі сабағында көрсетіледі. Жаттығулардың алмасуын аптасына бір реттен кем емес орындау керек.
Балалардың қозғалыс белсенділігін, денсаулығын арттыру мақсатында таза ауада жаттығулар жүргізілу керек деген пікірге ешқандай педагог қарсы болмаған. Сондықтан аулада арнайы ойын ауданын белгілеп алу керек.

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың гимнастикалық жаттығуларға қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастиканың тигізетін ықпалы
Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі - дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты сабаққа дайындық кіріспе бөлігі оның мақсаты - балалардың назарын жинақтау, олардың эмоционалды қалыпқа келуі, баланы күрделі жаттығуларды орындауға дайындау. Жаттығу барысында дене тұрысы, дене бітімі, дене тұрысы, аяқтың қозғалысын үйлестіру, жүру, жүгірудің жеңілдігіне назар аудару керек. Негізгі мақсат - мектеп жасына дейінгі балаларда физикалық қозғалыстардың негізгі түрлерін дұрыс қалыптастыру: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жүгіру, өрмелеу, өрмелеу, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау. Бұл балаларды ынталандыру дағдыларын қалыптастыруда, дұрыс орындауға ұмтылуда, нақты нұсқаулар беріп, орындауға көмектесуді талап етеді. [10] Дене шынықтыруды мотор ойындары арқылы жүзеге асыру дене мүшелеріне және балалардың көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Іс-қимыл үшін толыққанды жағдай жасау, әр балаға ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік беру маңызды. Балаға дұрыс сапалы жеткізу және ойын барысында әрекеттерді бірнеше рет қайталау арқылы баланың ағзасындағы зат алмасу жоғарылайды, жүйке жүйесі белсендіріледі, қан айналымы жақсарады. Қозғалыс кезінде жиі демалудан баланың денесінде оттегінің қажеттілігі артады. Дене шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күйі көтеріліп, жүйке жүйесі күшейеді. Дене шынықтыру нәтижесінде бала өз іс-әрекетіне және топтық тәртіпке үйренеді, оның ережелеріне бағынады. Бұл оған не болып жатқанын мұқият қарауға, толерантты болуға, тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.
Жасына лайықты қимыл - қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті арттырады.

Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну - дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысты шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Гимнастика - баланың дене бітімі мен денсаулығы үшін ең жақсы спорт түрі. Балалардың гимнастикамен шұғылдануы олардың денсаулығының мықты кепілі. Ал, ден сау бала - біздің мемлекетіміздің болашағы.
Гимнастика - бала денесінің шексіз мүмкіндіктерін толықтай ашып, басқа кез - келген спорт түрімен айналысуға мықты негіз қалыптастыратын жан-жақты физикалық дамуға негізделген бірегей спорт түрі. Сонымен қатар, баланың болашақтағы жетістіктеріне алғышарт жасап, сөзсіз қажетті қабілеттер: батылдық, концентрация (ойын жинақтап негізгі мәселеге көңіл бөлу қабілеті), ептілік, реакция мен қимыл-қозғалыс координациясы, әуезділік, ырғақты сезіне білу және әртістік қабілеттерін дамытады. Нәтижесінде баланың бойында өзіне және өз күшіне сенімділік пайда болады, өзін бағалай бастайды. Оған қоса, гимнастикамен айналысу бүгінгі таңда аса қажет шеберлігін жетілдіруге деген ұмтылыс пен жаңа белестерге жету шабытын сыйлайды [9] .
Гимнастикамен шұғылдану негізінен екі бағытта жүргізіледі.
Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізігі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
- Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
- Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалу.
- Атлетикалық гимнастика-жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен-жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекелеген спорт түрі болып есептеледі [10] .
Гимнастика - бала өмірінде үлкен мәнге ие. Гимнастикамен шұғылданатын бала болашағына нық сеніммен, мықты денсаулықпен, үлкен үмітпен қарайды. Гимнастикамен айналысатын бала ерекше әрі талпынысы мықты азамат болары сөзсіз. Балалардың гимнастикамен шұғылдануы тек қана балабақшаларда ғана емес, үй жағдайында да іске аса алады. Сондықтан, әрбір ата-ана баласының болашағына немқұрайлы қарамауы тиіс. Баланың қандай да бір іске икемділігін байқаса, баласын сол бір іске баулуы қажет.

2. 2 Мектепке дейінгі балаларға арналған артикуляциялық және көзге арналған гимнастиканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
Адамда дыбыстарды айту қабілеттілігі туған кезден бастап бар. Одан әрі
балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді. Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса, ол қиындықты артикуляциялық гимнастика шешуге көмектеседі.
Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не және не үшін керек?
Артикуляциялық гимнастика ерін, тіл және мимикалық бұлшық еттер қосылатын баламен жүргізілетін жаттығуларды айтамыз. Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Ұзақ сабақтардың қорытындысы дыбыстарды анық айту болып табылады. Артикуляциялық гимнастика баланы кейін жазу дағдыларына үйренудіңде үлкен орын алады.
Артикуляциялық гимнастика түрлері: артикуляциялық гимнастиканы шартты түрде былай бөлуге болады:
• активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
• пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі [11] .
Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны шпател, таза саусақ немесе қасықпен ерін мен тілді дұрыс қалыпқа қою арқылы жасауға болады.
Жаттығулардың өзі екі түрге бөлінеді: статистикалық және динамикалық. Динамикалық тапсырмаларда қимылдар барлық орындалу уақыты кезінде іске аасды. Статистикалық ерін немесе тілді белгілі бір қалыпта 10-15 секунд ұстап тұруды қамтиды.
Сәбиге дыбыстарды игеруде көмекті оның өмірінің алғашқы айларынан бастап бере алады. Серуенге немесе баламен сөйлескенде, ана балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасау керек. Мысалы, жануарлардың қандай дыбыстар шығаратындарын айтуға болады. Ерін мен тіл қатысатын әр түрлі ойындарды ойнау, мысалы,
сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді көрсетесіз.
Жаттығу ойын түрінде 3-4 жасқа дейінгі балалармен өткізіледі, ол баланың дыбыстарды қалай айтуына байланысты. Ал егер де балада 4 жастан кейін сөйлеуі анық болмаса, онда баланы логопедке көрсету керек.
Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты талабы жүйелілік. Жаттығу күн сайын жүргізілу керек.
Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспау керек. Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар орындалу керек.
Жаттығу барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар, ол тапсырманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.

Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек.
Бала денесінің дамуына ықпал ететін гимнастикалық жаттығуларды белгілі бір тәртіппен орындалауын қадағалау қажет. Арнайы жаттығуларды балаларға үйрету барысында олармен тығыз қарым-қатынаста болған жөн. Себебі, балалар көбіне өздеріне үлкен көңіл бөлгенді талап етеді.
Балаларды тәрбиелеу - оңай іс емес. Жалпы балаларды тәрбиелеу міндеттері:
1) Рухант-ерікті сапаларын тәрбиелеу (адалдық, батылдық, табандылық, т. б. ) ;
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету [12] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz