Қазақ газеті туралы дерек
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:Қазақ газетіның тарихи рөлі мен орны
Орындаған:Тұрғын Ержан
Шериппаев Дастан
Тохтасын Әсемай
Онгарбаева Айсымбат
Тобы:103
Тексерген:Жалмагамбетов Е.А
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а.Қазақ газеті туралы қысқаша дерек
б.Қазақ газетінің негізін қалаушылары
с.Қазақ газеті беттерінде
д.Қазақ газетінің тарихы мен орны
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ елін көзін ашу мақсатында, надандықтан құтылудың жолдарының бірі,
ұлт зиялыларының “Қазақ” газетін құруы
“Қазақ” газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918
жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық
көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты.
“А. Байтұрсыновтың шебер басшылығы мен жанқиярлық еңбегінің
арқасында,-деп жазды М. Дулатов,-жоқтан барды жасаған деуге болатын және
патшалық-полицейлік режимнің ауыр жағдайларында тіршілік еткен газеттің
жабылар алдында өз баспаханасы, қағаздың үлкен қоры, шағын кітапханасы
болды, таралымы 8000-нан асты”. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа
жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстық қазақтары жаздырып алатынын
хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск
қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен
Қытайдағы оқырмандар алып тұрды.
Қазақ газеті туралы дерек
«Қазақ» газеті - 1913-1918 жылдары
Орынбор қаласында жарияланып тұрған
қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени
басылым (№1 1913 жылы 2 ақпанда
шыққан). 1915 жылға дейін аптасына бір
рет, одан кейін екі рет шыққан.
Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке
қаржылай көмектескендердің көшбасында
Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі
жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде
киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген
ұғымды берді. Оның түндігі батыстан
ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды.
Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ
ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын,
«Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет
есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі
болсын» деп жазды.
Қазақ газетінің редакторы
“Қазақ” газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге
қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті
ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, М. Дулатовтың анықтауынша,
“қазақ әдеби тілінің мектебін жасаушы”, бірақ ең алдымен –ой өрісі аса кең
және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет
Байтұрсынов болды. Азаттық қозғалысының мұраттарына, қазақ халқының
топтасуы мен рухани өрлеуі мүдделеріне белгілендік, таңғажайып талант
және ғылымның көптеген салаларынан энциклопедиялық білімділік оны ұлт
ағартушылары мен рухани аталарының алдыңғы қатарларына шығарды.
1914 жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі
М. Дулатовқа “Қазақ” газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға
рұқсат етті. Құлшынған қызба қанды, әсте ымырасыз, жалынды көсемсөзші,
топ көрсе қыранша түлейтін ақын М. Дулатов өзінің ерлік және қайғылы
тағдырымен көп жағынан XIX ғасырдағы Махамбет Өтемісұлын еске
салатын. “Қазақ” газеті 1918 жылы (№ 261-265) Жанұзақ Жәнібековтың
редакциялауымен шықты.
Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік-А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ
елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білд. Олар
“Қазақ” газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның
ішінде Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ғ.Қарашев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, Б. Майлин,
Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, С. Дөнентаев, М. Шоқай, М. Тынышбаев және басқа да көптеген
адамдар сияқты көрнекті қайраткерлерді топтастыра алады. Дегенмен де, негізгі идеялық-
теориялық салмақты А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді. Зерттеуші К.
Атабаевтың деректері көрсетіп отырғандай,“Қазақ” газетінің беттерінде жарияланған, бүгінгі
күні қолда бар және “Қазақ” басылымы жинағында келтірілген материалдардың жартысынан
астамын солар жазған. Тек Ә. Бөкейхановтың өзі “Қазақ” үшін 200-дей мақала жазыпты.
Қазақ газеті беттерінде
“Қазақ” газеті өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық
берді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ұлы ағартушылардың дәстүрлерінде
тәрбиеленген қазақ демократияшыл зиялылары Шығыс пен Батыс ағартушыларының
тәжірибесін жинақтап, тұтас доктрина жасады. Мысалы, И. Гаспринскийдің жаңа
әдіспен оқыту туралы идеясының өзін қабылдай отырып, олар оны түрік-татар
үстемдігі идеологиясынан, оқуды дінмен қосудан тазартты. Егер И. Гаспринскийдің
ізбасарлары жаңа әдіспен дауыстап оқытудан татар мәдениеті мен жазуының
үстемдігін тануға қарай жүрсе, қазақ демократтары Абай, Шоқан және Ыбырай
ағартушылығынан отаршылдық режимді қирату, қазақ мемлекеттігін қайта туғызу
идеясына бет алды. Бұл эволюцияда А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық
ізденістері ерекше рөл атқарды, соның арқасында ұлт қазақ әліпбиін алды, қазақ
тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сөз өнері теориясы мен мәдениет
тарихы дамытылды. “Осы тынымсыз еңбегімен,-деп жазды XX ғасырдағы ұлы
ойшылдың 50 жасқа толған күнінде М. Дулатов,-А. Байтұрсынов қазақтың сөз өнерін
жоғары сатыға көтеріп, ұлттық мектеп пен туған әдебиет үшін берік іргетас қалады”.
“Қазақ” газетінің беттерінде аграрлық
проблеманың Ә. Бөкейханов бастаған көрнекті
білгірлері отаршылдықтың мәнін, қазақ
шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою
арқылы қоныс аудару қоры құрылуының,
шаруалардың жерсіз қалуы үрдісінің мәнін ашып
көрсетті. “Қазақ” газетіӘ. Бөкейхановтың жер
мәселесі жөніндегі тұжырымдамасын қорғады,
онда егіншілікпен ұштастырылған көшпелі мал
шаруашылығын, қауымдық жер пайдалану
негізінде жер алқаптарының тұтастығын,
олардың құнарлылығын сақтау көзделген еді. Жер
үлесінің болмашы жағдайында отырықшылыққа
көшу, егіншілік, агрономия тәжірибесі, диқанның
күнделікті титықтататын еңбегінің қанына сіңген
етенелі болмаған жағдайда орыс деревнясы
үлгісіндегі ауылдар құру қазақ шаруаларына мал
шаруашылығы кәсібінен біржола айырылу,
Башқұртстан мен Қостанай уезінде болғанындай,
мұқтаждықтан жерді қоныс аударушыларға сату
қатерін төндірер еді.
“Қазақ” газеті беттеріндегі жарияланымдардың едәуір
бөлігі тіл мен әдебиет, этнография, мәдениет пен тәрбие,
педагогика мәселелеріне, рыногтық жағдайларға
бейімдей отырып, халық санасын жетілдіруге арналды.
Газет өзінің нысаналы жарияланымдары арқылы ұлттың
тарихи санасын қалаптастырды, Абай сияқты аса
көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі үлгісімен
ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу міндеттерін белгіледі,
Абай даналығы деңгейіне көтерілуге, өз халқының
қамын ойластыруға, оның дәстүрлерінен, гуманистік
принциптерінен таймауға шақырды. Газет
демократиялық, тәуелсіз мемлекет орнату үшін бірінші
кезекте ана тілі мен әдебиетін білу, кәсібилік ұлттық
экономиканың бай болуы қажет екенін дәлелдеді. А.
Байтұрсынов былай деп атап айтты: “басқалардан қалып
қоймау үшін біз сауатты, бай және күшті болуға тиіспіз.
Сауатты болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсібилік
керек. Мығым болу үшін бірлік керек. Осы бағытта
жұмыс істеу керек”. Газетке қатысып тұрған бүкіл
авторлар ұжымының А. Байтұрсынов бағдарламасына
толық қосылғанын атап өткен жөн.
Қазақ газетінің тарихы
Бүгінгі «Qazaq» газетінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – 1913-1918 жылдар
болса, екіншісі – 2006 жылдан қазіргі күнге дейінгі аралықты қамтиды.
1913-1918 жылдар аралығында «Qazaq» газетінің құрылтайшылары Әлихан
Бөкейхановтың өзі мен оның сенімді үзеңгілестері Ахмет Байтұрсынов және Міржақып
Дулатовтың қажырлы еңбектерінің арқасында газеттің 1-265 сандары жарық көрді.
Газеттің алғашқы бас редакторы – Ахмет Байтұрсынов. Газет қолдан қолға, ауылдан
ауылға өтіп, тозығы жетіп жыртылғанша оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркістан
уалаяттарына немесе 9 облыс және 1 губернияға бөлінген Қазақ елінің түкпір-
түкпіріндегі жұрт жаздырып алды.
Газетті метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі
университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері де жаздырып оқығаны туралы
деректер кездеседі. Осылайша, аз уақыт ішінде газет сол кездегі 5 миллионға жуық
көшпенді халықтың көпшілігі білетін беделді басылымға айналды.
Өкінішке қарай, отаршыл империя заманынан аман шыға білген газет Кеңес өкіметінің
Қазақстанға билік орнатуға тырысқан алғашқы күндерінде-ақ – 1918 жылдың
наурызында біржола жабылды. Көп ұзамай оның құрылтайшылары мен авторларының
басым көпшілігі саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кетті.
«Qazaq» газеті араға 88 жыл салып, 2006 жылдың 22 наурызында бұрынғы
басылымның заңды жалғасы ретінде Қоғабай Сәрсекеевтің ұйытқы болуымен
266 санынан қайта жарық көрді.
2010 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне
арналған салтанатты жиналыста ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады» деген
халықты құттықтау сөзінде «Qazaq» газетінде жарияланған мақаладан үзінді
келтіруі – редакция үшін зор абырой болды. Сол жылы Нұрсұлтан Назарбаев өз
қолымен жазған хатын редакцияға жолдады.
Газеттің екінші тынысын ашқан 2006-2014 жылдардағы бас редакторы Қоғабай
Сәтенұлы 2014 жылы ауыр науқастан қайтыс болды.
Газеттің 2015 жылдан бергі бас редакторы – Жасұлан Мәуленұлы. «Qazaq»
газеті 2015-2017 жылдары Гаухар Сәрсекееваның құрылтайшылығымен жарық
көрді. 2017 жылы газет қоғам қайраткері, меценат Махмұт Ыбырайханұлының
меншігіне өтті. Осы жылдар аралығында газеттің жеткен табыстары да толайым.
“Қазақ” шын мәнінде бүкіл ресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі
түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, елдегі және шетелдегі
демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар
қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның
мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделілік
танытты.
Империалистік соғыс, дүние жүзін халықаралық капиталдың жетекші елдері
арасында қайта бөлісу басталған кезде өзінің мазасызданғанын жасырмады. Ал
мазасызданудың негізі бар еді. 1916 жылғы 16 маусымдағы қазақ жігіттерін тыл
жұмыстарына алу туралы патша Жарлығы жай түскендей болды. Газет Жарлыққа
дейін де, одан кейін де қазақтарды армияға шақыру туралы мәселені талқылап,
оларға казак әскерлері мәртебесінің берілуін талап етті. Ол халықтан империяның
боданы ретінде оның ерте болсын, кеш болсын, өз отандастарының Отан қорғау
жөніндегі тағдырына ортақтасуына тура келетінін жасырмады. 400 мыңдық армия
жасақтай алатын ұлтқа айналған соң ол соғыста жеңген жағдайда империя
құрамында дербес автономияға дәмелене алар еді.
Қорытынды
“Қазақ” газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды.
Ол тұжырымдылығымен, жоғары көсемсөзділігімен, қазақ әдеби тілінің
мағыналылығымен, өз халқының көкейтесті мүдделеріне адал қызмет
етуімен ерекшеленді. М. Әуезовтің 1913-1918 жылдар аралығындағы кезеңді
“Қазақ газетінің дәуірі” деп атағаны кездейсоқ емес. Ол 1922 жылы
мәдениет қайраткерлеріне ашық хатында (“Қазақтағы қалам
қайраткерлеріне. Ашық хат”) қазақтың баспасөзі тарихында “Қазақ” газетін
қоспағанда, халық тәрбиешісі миссиясын орындаған, өз бағытын қатесіз
анықтаған, ұлттық рухты асқақтатқан бірде-бір басылым болған емес деп
атап өтті.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы 3 том Алматы 2002
2. Ж. Артықбаев Ә. Пірманов “Қазақстан тарихы” Алматы
2008
3. Х.К. Ермұханова “Қазақстан тарихы” Алматы 2007
4. http. www. Google.ru
5. http. www. Geo. kz
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz