ДАЛА ШПАТТАРЫ




Презентация қосу
ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЕҢ КӨП
ТАРАҒАН МИНЕРАЛДАР
ТҮРІ
Минералогия және минералдар
жайлы жалпылама мәліметтер
Минералогия - минералдар жайлы ғылым , ол табиғи минералдык агрегаттарды
танымалдаумен және жүйелеумен , олардың химиялық құрамын ,құрылысын
және физикалық қасиеттерин , сол сияқты минералдардың жаратылысын , жер
қыртысына тән таужыныстар мен рудалардағы таралу заңдылықтарын
зерттеумен айналысады .
Минералдар дегеніміз - физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген ,
яғни физикалық молекулалар құрайтын , жер қойнауындағы химиялық әрекет
өнімдері .Жер қыртысын сан түрлі тау жыныстардың жиынтығы деп есептесек ,
сол тау жыныстар жекелеген минералдардан немесе олардың бірлестіктерінен
(агрегаттарынан) құралмақ. Кейбір ғалымдар минералдар санатына тек қана
қатты заттарды жатқызса , екіншілері олардың сұйық немесе газ күйінде болу
мүмкіндіктерін де жоққа шығармайтындығын ескерген жөн.
Минералдар табиғатта өте көп тараған. Қазіргі кезде 3,5 мыңнан аса
минералдардың түрлері белгілі, ал химиялық, құрылымдық, марфологиялық және
физикалық түрлестерімен 5мыңнан асалы . Табиғатта өте көп тараған
минералдардың саны 500ден аса( дала шпаттары , кварц, пироксендер,
амфиболдар,хлориттер, слюдалар, сазды минералдар, карбонаттар және
т.б.) ,қалғандары сирек кездеседі Табиғатта ең көп тараған силикаттар класы ,
олар барлық минералдарлың ішінен 70% құрайды.. Жер қыртысында ең көп
Минералдардың физикалық қасиеттері

Минералдарды дұрыс танымалдауға көмектесетін анықтау белгілерінің қатарына
жататындар - минералдың қаттылығы, жіктілігі , түсі, жұқпатүсі, жылтырлығы ,
меншікті салмағы , мөлдірлігі. Минералды дұрыс анықтаудың қосымша белгілері -
оларға тән кристалл мүсіні (кристалдар габитусы) және басқа да морфологиялық
ерекшеліктері : минералдардың магниттілігі жылуөткізгіштігі , электрөткізгіштігі ,
дәмі , сипап көргенде байқалатын әсері , иісі т.с.с.
Минералдарды дұрыс танымалдауда ара-тұра олардың өзге де қосалқы
сипаттарын негізге алуға болады .Мұндай сипаттарлың қатарына жататындар
минералдарлың магниттілігі (байырғы магнитке тартылу қабілеті ) ( магнетит
минералы) , ерігіштігі (галит, немесе ас тұзы), дәмі (тұзды, қышқылтым, ащы),
сипап көргенде қалдыратын әсері (майлы, салқын т с.с.), иісі (жер иісті )т.с.с.
Минералдардың
кластары
Минералдар 11 класқа жіктеледі , олар
1. сомтума элементтер (табиғи таза элементтер немесе
саф кесектер
2. сульфидтер
3. галоидтар(галогенидтер)
4. оксидтер мен гидрооксидтер (тотықтар мен
гидрототықтар )
5. карбонаттар
6. сульфаттар
7. силикаттар
8. хроматтар
9. вольфраматтар менмолибдаттар
10. фосфаттар, арсенаттар және ванадаттар
11. бораттар
АЛМАС
Гректің "адамас" - "жеңдірмейтін" деген сөзінен шыққан.Химиялық формуласы -С; түссіз, немесе көкшіл , көк, сары, қоңыр және
қара түсті ; алмасша жылтылдайды ; қаттылығы - Моос шкаласы бойынша -10, алайда оның шын мәніндегі қаттылығы кварц
қаттылығыган 1000есе, корунд қаттылығынан 150есе артық ; жіктілігі орташа ;болмысы - омырылмалы, яғни ұрғанда морт
сынады . Танымалдау белгілері - ғаламат қаттылығы , күшті алмастық жылтырлығы;кристалл жақтарының беткі жазықтығы
теп-тегіс болмауы, немесе келір-бұдыр болып келуі. Алмас -1-класты асыл тас , жону және тегістеу материалы , бұрғылау
қашауышын дайындау материалы
ДАЛА ШПАТТАРЫ
Дала шпаттары – қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы.Бүкіл Жер қыртысының 50%-ын құрайды.
Дала шпаттарының моноклиндік және триклиндік сингонияда кристалданады.
Кристалдары тақта немесе бағана пішінді. Түсі ақ, қызғылт, сұр, тағы басқа.Қаттылығы 6,0 – 6,5, меншікті салмағы 2,5 – 2,8 г/см3, балқу t 1110 – 1550°С. Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-натрийлі (ортоклаз, микроклин, санидин, тағы басқа) және калий-барийлі болып бөлінеді.
Дала шпаттары көптеген тау жыныстарының құрамына кіреді, граниттерде, сиениттерде, диориттерде, габброда (плагиоклаздар),тағы басқа магмалық жыныстарда жиі кездеседі. Олар метаморфтық жыныстардың (гнейс), кристалл тақтатастардың, амфиболиттердің құрамында түзіледі. Үгілу нәтижесінде дала шпаттары
серицитке, каолинге, монтмориллонитке, сазды минералдарға айналады, ал гидротермальдық өзгерістерге және метаморфтануға шалынғанда цеолит, скаполит, мусковит, тағы басқа түзіледі. Дала шпаттары керамика, фарфор, шыны өнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. Кейбір
дала шпаттары (амозонит, тағы басқа) әшекейлегіш тас, ал лабродорит қаптама материал ретінде қолданылады
ГРАФИТ
Гректің "графо" -"жазамын" сөзінен шыққан. Химиялық формуласы-С; қара және қою сұрғылт
түсті ;жұқпатүсі-қара; жылтырлығы- металдық ,жасырын кристалды түрлерінікі - күңгірт; қаттылығы - 1;
сипап көргенде май сипағандай әсер қалдырады ; жіктілігі - анық; саусаққа немесе қағазға жұғады.
Анықтау белгілері - өзіне тән түсі , өте төмен дәрежелі қаттылығы , май сипағандай әсер
қалдыратындығы, қағазға жұғатындығы . Графит әртүрлі онеркәсіп салаларында кеңінен
пайдаланылады ( графитті тигелдер, қарындаштар, электродтар дайындауға т.б.).
АЛТЫН
Химиялық формуласы -Au; әдетте 50%-ке шейін Ag, бірнеше пайыз Fe, Cu т.б. қоспалар кіріктіреді ;түсі
сары ; сингониясы - текше; кристалдары сирек ұшырасады, әдетте бұтақшалар, қабыршақтар,
жарғақшалар және дендридтер түріндегі агрегаттар түзеді; ірі-ірі сафкесек түрінде де ұшырасады; сары
түсті металша жылтылдайды; жіктілігі-жоқ;қаттылығы-2,5-3; илнуге өте икемді ; меншікті салмағы - 16-
19г/см^3 аралығында ; ауада тотықпайлы. Анықтау белгілері - сары түсті, ауырлығы, ауада
тотықрайтындығы, өңдеуге икемділігі. Алтын - салауатты металдар өкілі, валютаның негізін құрайды
Ол,сол сияқты әртүрлі әшекейлер мен орасан байлық заттарын дайындауға пайдаланылады, физикалық
және химиялық приборлар дайындауға, тіс алуға т.б. қолданылады.
КҮКІРТ
Химиялық формуласы - S, түсі - сары; сингониясы - ромбылы; кристалдарының мүсіні пирамида тұрқылас;
кристалл қырларында алмасша жылтылдайды , омырылым бетіндегі жылтырлығы қонды; қаттылығы - 1-
2; жіктілігі - нашар; меншікті салмағы -2; морт сынады. Анықтау белгілері - өзіне тән сары түс, төмен
дәрежелі қаттылығы, морт сынғыштығы, омырылым бетіндегі қонды жылтырлығы; сіріңке отынан оңай-
ақ тұтанады және күкіртті газ бөле отырып жақсы жанады . Күкірт химия өнеркәсібінде (күкірт
қышқылын дайындау ) және резина өндірісінде ( резинагы желімдеу), ауыл шаруашылығында
( зиянкестермен күре с), сол сияқты сіріңкелер, бояулар т.б.өнімдер дайындау істерінде пайдаланылады.
КҮМІС
Химиялық формуласы - Ag; сингониясы-текше; кристалдары сирек, әдетте "тоқылған" ұлпа шілтертаптар, жұқа
жарғақтар мен парақтар түрінде кездеседі; ақшыл түсті, алайда беткі жазықтығы тотығуына байланысты
қоңырқай түспен кіреукеленген; металша жылтылдайлы ; қаттылығы -2,5; жіктілігі- жоқ; меншікті салмағы-10-11г/
см^3; жылу мен электр тоғын тамаша өткізеді; өңдеуге біршама көнімді. Анықтау белгілері - өзіне тән ақшыл түсі,
қармақша тәрізді немесе тікенекті омырылым пішіні, өңдеуге көнімділігі және меншікті салмағының жоғары
көрсеткіші. Магниттік қасиеті иеленген және ауада тез тотығытындығымен ерекшеленеді. Күміс бұйымдар мен
тиындар дайындау материалы.
ГАЛЕНИТ
Химиялық құрамы бойынша гален - қорғасын (II) сульфид (PbS).
Галенада көбінесе Ag , Cd , Se және т.б. қоспалар болады . Қорғасын-
сұр кристалдар мен агрегаттар. Қаттылық 2-3; тығыздығы 7,4-7,6 г /
см³. Болат түсі, көгілдір реңі бар сұр, кейде бозғылт түсті, металл
жылтырлығы , сатылы сынуы, сынғыш. Куб, кубоктаэдрлік, сирек сегіз
қырлы кристалдар мен қатты массалар түзеді. Галена ауамен
байланыста тез тотығады, қараңғыланады және жылтырлығын
жоғалтады. Гипергендік жағдайда ол карбонаттардың (мысалы,
фосгенит ) және қорғасын сульфаттарының түзілуімен өзгереді
Галена өзінің «қорғасын-сұр» түсімен және қарқынды «күміс»
жылтырлығымен, сондай-ақ осы минералға тән жоғары
КВАРЦ
Химиялық формуласы - SiO2; сингониясы - ригонлы; гексагонды мүсінді ұзынша призма,
сирегірек дтпирпмида пішіндес кристалдар тән; өте жиі кристалл түрпітастары түрінде
де ұшырасады; жіктілігі- нашар ; қаттылығы-7; меншікті салмағы - 2,65; түссіз, жақсы
қырланған еварц кристалдары - тау хрусталі; күлгін түсті пирамида пішіндес қысқаша
ғана кристалдары - сұлутас(аметист); Танымалдау белгілері - өздеріне тән коисталл
мүсіндері , жоғары дәрежелі қаттылығы , жіктілігінің жоқтығы . Кварц ең кең таралған
минералдарлың бірі болып табылады , алайда оның ірі кристалды түрлері оптикада ,
радиотехникада , асыл бұйымдар жасау және қырлау ісінде , өте дәл приборлар жасау
ісінде пайдаланылады ; ұсақ кристалды түрлері шыны өндірісінде , өзге де өндіріс
салаларында қолданылады
КАЛЬЦИТ
Синонимі - әктасты шпат. Химиялық формуласы - CaCO3; сингониясы -
тригонды; кристалдарының мүсіні сан түрлі болуы ықтимал , кейде
түрпітастар да түзеді; түсі әдетте сүттей ақ немесе түссіз болып
келеді , бірақ әртүрлі қоспалар әсерінен сұрғылт, сары, ашық қызыл,
қызыл, қоңыр, тіпті қара түстердің әртүрлі реңдерін иемденуі
мүмкін ;шынышта жылтылдайды; қаттылығы-3; морт сынады ;
жіктілігі-анық . Танымалдау белгілері - төмен дәрежелі қаттылығы,
HCl тамшысынан быжылдап қайнайтындығы. Кальцит құрылыс
материалы, ол металлургия өндірісінде флюс ретінде қолданылады.

Ұқсас жұмыстар
Минералогия және минералдар жайлы жалпылама мәліметтер
Желдің геологиялық жұмысы
Интрузивті тау жыныстары
Орман зонасы
Қазақстанның табиғат зоналар саны
НАУРЫЗЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ
Шөлейт зонасы
Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері
Кәдімгі қара топырақ
Табалдырық аялдамасы
Пәндер