Минералогия және минералдар жайлы жалпылама мәліметтер


Slide 1

Жер бетінде ең көп тараған минералдар түрі

Slide 2

Минералогия - минералдар жайлы ғылым, ол табиғи минералдык агрегаттарды танымалдаумен және жүйелеумен, олардың химиялық құрамын, құрылысын және физикалық қасиеттерин, сол сияқты минералдардың жаратылысын, жер қыртысына тән таужыныстар мен рудалардағы таралу заңдылықтарын зерттеумен айналысады .

Минералдар дегеніміз - физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген, яғни физикалық молекулалар құрайтын, жер қойнауындағы химиялық әрекет өнімдері . Жер қыртысын сан түрлі тау жыныстардың жиынтығы деп есептесек, сол тау жыныстар жекелеген минералдардан немесе олардың бірлестіктерінен (агрегаттарынан) құралмақ. Кейбір ғалымдар минералдар санатына тек қана қатты заттарды жатқызса, екіншілері олардың сұйық немесе газ күйінде болу мүмкіндіктерін де жоққа шығармайтындығын ескерген жөн.

Минералдар табиғатта өте көп тараған. Қазіргі кезде 3, 5 мыңнан аса минералдардың түрлері белгілі, ал химиялық, құрылымдық, марфологиялық және физикалық түрлестерімен 5мыңнан асалы . Табиғатта өте көп тараған минералдардың саны 500ден аса( дала шпаттары, кварц, пироксендер, амфиболдар, хлориттер, слюдалар, сазды минералдар, карбонаттар және т. б. ) , қалғандары сирек кездеседі Табиғатта ең көп тараған силикаттар класы, олар барлық минералдарлың ішінен 70% құрайды. . Жер қыртысында ең көп тараған минералдар дала шпаттары ( плагиокалаз, ортоклаз) .

Минералогия және минералдар жайлы жалпылама мәліметтер

Slide 3

Минералдардың физикалық қасиеттері

Минералдарды дұрыс танымалдауға көмектесетін анықтау белгілерінің қатарына жататындар - минералдың қаттылығы, жіктілігі, түсі, жұқпатүсі, жылтырлығы, меншікті салмағы, мөлдірлігі. Минералды дұрыс анықтаудың қосымша белгілері - оларға тән кристалл мүсіні (кристалдар габитусы) және басқа да морфологиялық ерекшеліктері : минералдардың магниттілігі жылуөткізгіштігі, электрөткізгіштігі, дәмі, сипап көргенде байқалатын әсері, иісі т. с. с.

Минералдарды дұрыс танымалдауда ара-тұра олардың өзге де қосалқы сипаттарын негізге алуға болады . Мұндай сипаттарлың қатарына жататындар минералдарлың магниттілігі (байырғы магнитке тартылу қабілеті ) ( магнетит минералы) , ерігіштігі (галит, немесе ас тұзы), дәмі (тұзды, қышқылтым, ащы), сипап көргенде қалдыратын әсері (майлы, салқын т с. с. ), иісі (жер иісті ) т. с. с.

Slide 4

Минералдардың кластары

Минералдар 11 класқа жіктеледі, олар

сомтума элементтер (табиғи таза элементтер немесе саф кесектер

сульфидтер

галоидтар(галогенидтер)

оксидтер мен гидрооксидтер (тотықтар мен гидрототықтар )

карбонаттар

сульфаттар

силикаттар

хроматтар

вольфраматтар менмолибдаттар

фосфаттар, арсенаттар және ванадаттар

бораттар

Slide 5 Slide 6

АЛМАС

Гректің "адамас" - "жеңдірмейтін" деген сөзінен шыққан. Химиялық формуласы -С; түссіз, немесе көкшіл, көк, сары, қоңыр және қара түсті ; алмасша жылтылдайды ; қаттылығы - Моос шкаласы бойынша -10, алайда оның шын мәніндегі қаттылығы кварц қаттылығыган 1000есе, корунд қаттылығынан 150есе артық ; жіктілігі орташа ; болмысы - омырылмалы, яғни ұрғанда морт сынады . Танымалдау белгілері - ғаламат қаттылығы, күшті алмастық жылтырлығы; кристалл жақтарының беткі жазықтығы теп-тегіс болмауы, немесе келір-бұдыр болып келуі. Алмас -1-класты асыл тас, жону және тегістеу материалы, бұрғылау қашауышын дайындау материалы

Slide 7

ДАЛА ШПАТТАРЫ

Дала шпаттары - қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы. Бүкіл Жер қыртысының 50%-ын құрайды.

Дала шпаттарының моноклиндік және триклиндік сингонияда кристалданады.

Кристалдары тақта немесе бағана пішінді. Түсі ақ, қызғылт, сұр, тағы басқа. Қаттылығы 6, 0 - 6, 5, меншікті салмағы 2, 5 - 2, 8 г/см3, балқу t 1110 - 1550°С. Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-натрийлі (ортоклаз, микроклин, санидин, тағы басқа) және калий-барийлі болып бөлінеді.

Дала шпаттары көптеген тау жыныстарының құрамына кіреді, граниттерде, сиениттерде, диориттерде, габброда (плагиоклаздар), тағы басқа магмалық жыныстарда жиі кездеседі. Олар метаморфтық жыныстардың (гнейс), кристалл тақтатастардың, амфиболиттердің құрамында түзіледі. Үгілу нәтижесінде дала шпаттары серицитке, каолинге, монтмориллонитке, сазды минералдарға айналады, ал гидротермальдық өзгерістерге және метаморфтануға шалынғанда цеолит, скаполит, мусковит, тағы басқа түзіледі. Дала шпаттары керамика, фарфор, шыны өнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. Кейбір дала шпаттары (амозонит, тағы басқа) әшекейлегіш тас, ал лабродорит қаптама материал ретінде қолданылады

Slide 8 Slide 9 Slide 10

ГРАФИТ

Гректің "графо" -"жазамын" сөзінен шыққан. Химиялық формуласы-С; қара және қою сұрғылт түсті ; жұқпатүсі-қара; жылтырлығы- металдық, жасырын кристалды түрлерінікі - күңгірт; қаттылығы - 1; сипап көргенде май сипағандай әсер қалдырады ; жіктілігі - анық; саусаққа немесе қағазға жұғады. Анықтау белгілері - өзіне тән түсі, өте төмен дәрежелі қаттылығы, май сипағандай әсер қалдыратындығы, қағазға жұғатындығы . Графит әртүрлі онеркәсіп салаларында кеңінен пайдаланылады ( графитті тигелдер, қарындаштар, электродтар дайындауға т. б. ) .

Slide 11 Slide 12

АЛТЫН

Химиялық формуласы -Au; әдетте 50%-ке шейін Ag, бірнеше пайыз Fe, Cu т. б. қоспалар кіріктіреді ; түсі сары ; сингониясы - текше; кристалдары сирек ұшырасады, әдетте бұтақшалар, қабыршақтар, жарғақшалар және дендридтер түріндегі агрегаттар түзеді; ірі-ірі сафкесек түрінде де ұшырасады; сары түсті металша жылтылдайды; жіктілігі-жоқ; қаттылығы-2, 5-3; илнуге өте икемді ; меншікті салмағы - 16-19г/см^3 аралығында ; ауада тотықпайлы. Анықтау белгілері - сары түсті, ауырлығы, ауада тотықрайтындығы, өңдеуге икемділігі. Алтын - салауатты металдар өкілі, валютаның негізін құрайды Ол, сол сияқты әртүрлі әшекейлер мен орасан байлық заттарын дайындауға пайдаланылады, физикалық және химиялық приборлар дайындауға, тіс алуға т. б. қолданылады.

Slide 13

КҮКІРТ


Ұқсас жұмыстар
ДАЛА ШПАТТАРЫ
ИЗОМОРФИЗМ. ПОЛИМОРФИЗМ
Мұражай классификациясы
Жердің құрылысы
Ислам өркениеті
Тау жыныстарының үгілуі
Интрузивті тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары классификациясы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Бүйрек тас ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz