Микроағзалар биотехнологиясының даму тарихы




Презентация қосу
Микроағзалар
биотехнологиясының даму тарихы
Биотехнология ғылымы жайында
• Биотехнология – тірі ағзалар мен
биологиялық үрдістерді
өндірісте пайдалану; экономикалық
құнды заттарды алу үшін ген жəне
жасуша деңгейінде өзгертілген
биологиялық объектілерді құрастыру
технологиялары мен пайдалану
жөніндегі ғылым жəне өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі –
тірі жасушалар, атап
айтқанда жануар, өсімдік текті
жасушалар жəне микробтар немесе
олардың биологиялық белсенді
метаболиттері.
• Ауыл шаруашылық жəне тұрмыстағы
қалдықтар, автомобильдерден шығатын улы
заттар, өндірістен жəне ірі
қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда
микробиологиялық биотехниканың маңызы
зор. Арам шөптерге, түрлі зиянды
жəндіктерге қарсы күресуде қолданылатын
пестицидтердің адам үшін зиянды екені
белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына
экологиялық жағынан тиімді
препараттар (энтобактерин,
дендробациллин, битотоксибациллин,
гомелиндер, т.б.) биотехнология тəсілімен
алынады. Топырақтың
құнарлылығын арттыруда да
биотехнологияның маңызы зор.
Даму тарихы
• Микробиология - микроағзалардың биологиялық қасиеттерін, генетикасын,
экологиясын, олардың табиғатта, адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне әсер
ететін ролін зерттейтін ілім. Микробиология терминін (micros, bios, logos) Л.Пастердің
шәкірті Эмиль Дюкло ұсынды. Айта кету керек, 1898 жылы осы ғалым ферменттердің
атауын да ұсынған, яғни ферменттің қандай затқа әсер eтyi бойынша және "аза"
жалғауын қосу арқылы (мысалы, крахмалға - амилаза, липидке - липаза, протеинге -
протеаза және т.б.). А. Левенгуктың атымен басталады, ceбeбi ол бipiншi болып жауын
суы, сілекей, ipiнді бөлінісі және т.б. тамшыларынан ұсак тipi организмдерді көpiп
бipiншi сипаттамасын берді ("анималькули" - аң балалары). Бұл ұсак тіршілік
ететіндердің сыртқы пішінін зерттейтін "морфологиялық кезең" деп атайды (кокктар,
таякшалар, ирелек пішінді)
• Микробиологияның екінші даму кезеңі - физиологиялық немесе экологиялық-физиологиялық
- микроағзалардың биологиялық қасиеттерін зерттейді, олардың жұқпалы аурулар дамуына
маңыздылығын (медициналық және ветеринарлық микробиология), топырақтағы
микроағзалардың органикалық заттардың минерализациялауына, нитрификациялануына және
азотфиксациялануына қатысуын, әртүрлі биоценозда олардың құрамдастарын
ұйымдастыруын, ризосфералық микрофлораның бұршақ өсімдіктермен симбиоздық қарым-
қатынасын анықтау (ауылшаруашылық микробиология) болып саналады.
Бұл кезең Л. Пастердің зерттеулерімен басталады, шарап пен сыра ашытуы химиялық процесс
емес, ол микроағзалардың көбеюімен (май-қышқылды, спиртті, сүт-қышқылды және т.б. ашуы)
болатын үрдіс екенін дәлелдеген. Сонымен қатар, Л.Пастер бip мақсаттық бағытта құтыру, ciбip
түйнемесі қоздырғыштарының вируленттігін әлсіретіп (аттенуация) тipi вакциналар дайындау
тәсілін ашты.
Пастеризация, стерилизация әдістерімен шараптар мен сыра аурулары тоқталды, сүт-
қышқылды тағамдардың бұзылып кетуінің алдын алуы тағайындалды. Бұл ашудың басылуы,
микробиологияның жетістіктері және ферментациялық биотехнологияның басталуы деп
ұғынуға болады, ceбeбi әрі қарай өндірістік жағдайда ашу процесін күшейту, реттеу және
пайдалану технологиялары қолға алынды.
Ашыту өндірісі туралы - шарап сыра дайындау және сіркесуын алу жөнінде Л.Пастер 3
монография жазды, мұнда процестер технологиясын әpi қарай жақсарту жақтары да
баяндалады.
Микроорганизмдер
• Микроорганизмдер– тек қана микроскоппен көруге
болатын өте ұсақ организмдер . Бұларды алғаш рет 17
ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан.
Микроорганизмдер
арасында прокариоттар және эукариоттар тобына
жататындары бар. Кейде
Микроорганизмдерге вирустарды да
жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан
тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи
субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде),
өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды
қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы
– микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі
бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым
бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдер
тән өте күрделі жынысты көбею процесі бұлардың көбінде
болмайды.
Микроорганизмдер лас суларды тазартуда,
жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады.
Бірқатар микроорганизмдер
адамдар, жануарлар жәнеөсімдіктердің патог
ені болып саналады. Микроорганизмдердің
кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып,
көптеген адам шаруашылығы өнімдерін
бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауы
на ықпал етеді.
Микроорганизмдер биологияның көптеген
мәселелерін шешуде маңызды зерттеу
нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде
көптеген биологиялық заңдылықтар
ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар биотехнологиясы
Экологияның даму кезеңдері
Көбейту биотехнологиясының әдістері
Жануарлар биотехнологиясының әдістері
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Биотехнология өндірісі
Көміртектің түзілуі және оттегінің айналымы
Стерилдеудің әдістәрі
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу туралы ақпарат
Табиғатта микроағзалардың әсері
Пәндер