Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері мен құрылымы



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері мен құрылымы
Орындаған: Аманғалиұлы Ы
Тексерген: Уршеева Б. И.

Жоспары :
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
2. Өзіндік жұмыстардың негізгі принциптері мен құрылымдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өзіндік жұмыс - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыстың сабақ өткізу барысындағы негізгі тиімділіктеріне тоқталсақ:
Зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді тереңдетуге септігін тигізеді.
Оқушылардың өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға, ізденушілік қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Білім алушылардың теория мен практиканы ұштастыра қолдану арқылы оқуына мүмкіндік жасайды

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты
Оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту болып табылады.
Өзіндік жұмыстың педагогикалық психологиялық түсініктемелері бірнеше бөлікке бөлінеді: біріншісі мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс әрекетін дұрыс ұйымдастыруының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді тереңдетуді және оны бос уақытта жалғастыруды жетілдіреді.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Өзіндік жұмыс тапсырмалары сан алуан болып келеді. Атап айтқанда:
1. Мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойынша мәтін құрастыру; рөлдік және іскерлік ойындар
2. Түрлі кестелерді толтыру; сөзжұмбақтар құрастыру
3. Бастауыш сынып оқушылары үшін де өздік жұмыстың маңызы зор. Өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы - оқушыға шамасы жетіп, орындауға мүамкіндігі болатындай және танымын арттыратындай, өзіндік көзқарасын білдіріп, шығармашылықпен орындай алатындай тапсырмалар беру. Тапсырма арқылы оқу материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі
4. Тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу; слайдтар жасау; презентация жасау; альбом жасап, газет шығару т. б

Өзіндік жұмыстың маңызды тұстары

Өзіндік жұмыстың түрлері
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оларды топтастыру өте күрделі мәселе. Осы күнге дейін педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде көпшілік мақұлдаған бұл жұмыстарды топтастыру немесе классификациялау жүйесі жоқ. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескермесе болмайды. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту процесіндегі алатын орнына, оқушылардың міндетті түрде немесе өз еркімен істейтін жұмысына тағы басқа белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады.

Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту процесіндегі алатын орнына, оқушылардың міндетті түрде немесе өз еркімен істейтін жұмысына тағы басқа белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:
жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау тағы басқа тәсілдерге үйрену) ;
жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару тағы басқалар) .
білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, графикалық, практикалық тағы басқа жұмыстар) .

Оқушылардың өзіндік жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар
Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі; оған әсер ететін мотивтер.

пәнді оқудың толық кезеңіне арналған БӨЖ кестесі;
пәннің негізгі бөлімдеріне сәйкес тапсырмалар жүйесі
рефераттар, баяндамалар, эссе, есептер және т. б. тақырыптары;
БӨЖ тапсырмаларының мазмұнына, көлеміне және рәсімделуіне қойылатын талаптар;
негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;
Кеңестік жәрдем түрлері;
бағалау критерийлері;
жұмыстың тапсырылу мерзімі.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz