Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Биология пәнінен зертханалық оқу үрдісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын инновациялық әдіс - тәсілдер




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мектептердің 12 жылдық оқу жүйесіндегі биологияны оқытудың ролі.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Биология пәнінен зертханалық оқу
үрдісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын инновациялық әдіс-тәсілдер.

Орындаған: Аманғалиұлы Ыбырай
Тексерген: аға оқытушы Басыгараев Жандос
Махабатович
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мектептердегі 12 жылдық оқыту жүйесіндегі биологияны оқытудың маңызы
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша биологияны оқытуда қолданылатын
жаңаша әдіс-тәсілдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектептердегі 12 жылдық оқыту жүйесіндегі биологияны оқытудың маңызы

Жалпы биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады,
сондықтан пәнінің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу
міндеттеріне сай түзіледі.Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің
ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі
туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту
процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық
мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту
барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен
сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың
күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.Биология пәнінің мазмұны және оның
өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның
тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.Биологиядан сабақ беру барысында тірі
ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын
тірі табиғаттың даму эвалюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың
ғылыми, диалектикалық материалистік көзқарастарын
қалыптастырады.Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын,
табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке
еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп,
политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша биологияны оқытуда
қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер

Инновация Ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі
өзгерістер деген мағынаны білдіреді.Құрал мен үрдіс
ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген
мағынаны білдіреді.Педагогикалық үрдіске қатысты
инновацияны оның мақсатына, мақсатына,мазмұнына,оқыту
әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен
іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға
болады.
Инновация - қазіргі кезде жиі пайдаланылып кале жатқан жаңа
ұғымдардың бірі. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-
тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың сапалы білім
алуының бірден-бір шарты болып табылады. «Инновация» - бұл нақты
қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу жүйесінде
берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог
өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек,
мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық
үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге
асырудың тұтастық қызметі. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс»,
«өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа
әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің
көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін
және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге
бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу
бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің
және ғалымдардың ұсыныстарымен ескеріліп жасалды. Оқушылар
барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады.
Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады,
өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен
қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің,
оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қолданылатын әдіс-тәсілдер
Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін
қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның
өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының
тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес,
сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму
мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды
көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына
бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын
қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу
дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын
түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің
мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға
жәрдемдеседі.
Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен
танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп
танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action-
әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң
тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында
өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз.
Биология пәні бойынша зертханалық жұмыстарда қолданылатын
инновациялық әдіс-тәсілдер

Білім алушылардың инновациялық қызметі биологиялық білім беру үдерісінде белсенді
оқытудың тиімді әдістемелерімен тығыз байланысты. Биологиядан белсенді оқытудың
тиімділігін теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеуші ресейлік ғалымдар Н.М. Верзилин,
В.М.Корсунская және т.б. Биологиялық білім беру мәселелері мен айналысқан ғалымдардың
еңбектеріне жасалған талдаулар биологияны оқытуды жетілдіруді, оқытудың инновациялық
тәсілдерін қарастыруды қажет етеді. Биологияны инновациялық оқытудың жетістігі болып
виртуалды зертхана табылады.
Виртуалды зертхана – оқу материалдарына қажетті шынайы нысандарсыз компьютерлік
модельдеу арқылы тәжірибе жүргізудің бағдарламалық аппараттық кешені.
Биологиядан виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың негізін ақпаратты компьютерлік
технологиялар құрайды.
Виртуалды зертхана
Қорытынды
Қазіргі таңда орта мектептерде биологияны оқытудың маңызы ерекше. Биологияны терең түрде
оқыту оқушылардың таным қабілеттерін сонымен қатар қоршаған ортаға деген көзқарасын
өзгертеді. Биологиядан мектеп оқушыларына сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты
фактілерін, табиғат құбылыстарынң бір-бірімен байланысын табиғаттың эволюция
заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, материалистік көзқарастарын
қалыптастырып, дамытады.
Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша қазіргі таңда биология пәні бойынша көптеген
инновациялық әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Зертханалық сабақтарды жүргізу барысында
инновациялық жаңа тәсілдердің орны ерекше. Жаңа мултимедиялық аппараттарды қолдану
барысында биология пәні бойынша кейбір қолжетімсіз биологиялық обьектілерді виртуалды
зертхана арқылы көруге сонымен қатар тәжірибе жүргізуге мүмкіндік туды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Биологиядан білім берудің концепциясы және инновациялық әдіс-тәсілдері ; Оқу құралы
Н.Т.Торманов, С.Т.Төлеуханов , Н.Т. Аблайханова, Б.И. Уршеева
https://24gadget.ru/1
https://martebe.kz/

Ұқсас жұмыстар
педагогикалық инновация
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Проблемалық оқыту
Деңгейлеп оқыту
Ақпараттандыру бағдарламасы
БЕЙІНДІК ОҚЫТУ
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Саралап оқыту тәсілі Коммуникативтік тәсіл
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Пәндер