Дамыта оқытудың тиімділігі




Презентация қосу
Жоба
Дамыта оқыту

Орындағандар:
Әшім Гүлнұр
Бекежан Еркежан
Шүкірханова Ақжан
Раева Айжан
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе.
Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне
көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген
мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында,
мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдістәсілдерінде, оқушының
білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік
ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін
ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
Оқушы дамуының негізі-оқу әрекеті. Оқу әрекеті-әрбір сабақтың өзегі. Оқыту мен
дамыту арасында тығыз байланыс бар. Дамыта оқытудың В. В. Давыдов жасаған
жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты.
Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының белсенділігін
ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың
ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта
оқыту технологиясы негізінде сабақ үш құрамдас бөліктен тұрады:
• Оқу мақсаттарының қойылуы
• Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру
• Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу
Бұл үшеуі – дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Мақсатты шешу іштей талқылау, сонан соң жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы ролінде. Шешім табылған кезде әрбір
оқушы оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретеді.
Дамыта оқыту технологиясы-жеке тұлғаны өз бетімен дамыту құралы.Ол баланың
білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Онда мұғалім жай ғана мұғалім емес,
танымдық іс әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы, бала
интеллектісінің көзін ашуға, шығармашылығын дамытуға, баланы ойлауға үйрететін
ерекше күш болып табылады. Мұндай сабақтарды, яғни, баланы ойлауға үйрететін
сабақтарды біз дамыта оқыту сабақтары дейміз.
Дамыта оқыту сабақтары арқылы біз оқушының:
Сезімін, түйсігін;
Ынтасын, қабылдауын;
Зейінін, есте сақтау қабілетін;
Ой, логика, қиял, болжамын;
Ерік-жігерін;
Оқу іс-әрекетін, дағдысын
Өз бетінше ізденісін, т.б. жеке сапалық қабілеттерін
дамыта аламыз.
Дамыта оқытудың
тиімділігі:
Дамыта оқытудың
Оқушылардың іс-әрекетін
маңыздылығы: Жеке
ұйымдастыру,
тұлғаның
яғни ақыл-ойы мен өзіндік
шығармашылықпен еркін
тұжырымы
айналысуына, ізденуіне,
арқылы ғана жаңа
жан-жақты дамуына
тақырыпты саналы түрде
жағдай жасау.
меңгеру дағдыларын
қалыптастырады.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процесінің Дәстүрлі иллюстрациялық Дамыта оқыту
компоненттері түсіндірме әдісі
Мақсаты Оқушыларда білім,білік,дағды Байқампаздығын,ойлауын,практ
қалыптастыру икалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұны Факторлар,мысалдар, Заңдылықтарды теорияларды,
тақырыптар, дәлелдер Ұғымдарды,ережелерді қорыту
Оқытудың формалары Жеке,топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық іс әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру,көрнекілік, Проблемалық
практикалық баяндау,ізденушілік,
зерттеушілік, ойлау
Бақылау,бағалау Оқытудың нәттжесін Өзін өзі бағалау,Өзін өзі
мұғалімнің бақылауы,бағалауы бақылау,рефлекция
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері

Түрлі әдістерді Оқушылардың
Сандардың әр
пайдалану сабақтың барлығын сабаққа
қайсысының деңгейін
нақты мәнін терең қатыстыруға мүмкіндік
анықтауға болады
ашуға көмектеседі тудырды

Оқушылардың
Оқушыларды қабілеттері,сөз саптау
Оқушылардың
ізденіске баулып,өз еркіндігі
көбін бағалауға
бетімен жұмыс ұйымшылдығы,шығарма
мүмкіндік бар
істеуге үйретеді шылық белсенділігі
артады
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор:
Біріншіден дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті
арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат
жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге
талаптанады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз
екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері
пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше
отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне
дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының
болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын
арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті.
Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің
арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол
себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы –
"орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп,
жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып,алға қойған міндеттерді түсіндіру,
оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс тәжірибесінде қалай
қолданады?
1.Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді
әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа
дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
2.Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды
қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3.Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4.Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса
көңіл бөлу.
5.Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6.Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорытынды:
Л.В.Занков әдістемесін зерттей келе, біз төмендегідей қорытындыға келдік - оқу
әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған
кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш
кластан басталуы тиіс; - мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу
нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалып тастырады; - бүкіл бақылау –
бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне
деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет
жағдайына енгізу екеніне эксперимент барысында көзіміз әбден жетті. Оқу әдістемелік
құралдардың осындай жиынтығы мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуына және
оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және мамандығы
бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады.

Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологияиясы
Дамыта оқытудың негізін
Дамыта оқытудың маңыздылығы
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі
Сатылай кешенді талдау технологиясы
Деректер базасы сервері мен Web-серверді басқару технологиясы
Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны - сабақ
Пәндер