Адам терісі


Slide 1

Тақырыбы:Рецепторлы жасушалар және қабылдау механизмдері . Көздің қосымша аппараттары

Презентация

Тобы:01-20

Факультеті:ЖМҚБ

Орындаған:Сарсенбаева Ғазиза

Тексерген:Едіге Айдана Жандосқызы

Slide 2

Жоспары

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Анализаторлар дегеніміз не?

Анализаторлардың жіктелуі

Рецепторлы жасушалар

Анализатор қызметі

Көру мүшесі -көз

Көздің қосымша аппараттары

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Анализаторлар дегеніміз не?

Бізді қоршаған дүние туралы барлық мәліметті арнайы сезімтал мүшелер - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу және дәм сезу анализаторлары арқылы аламыз. Анализатор - рецепторлы мүше, жүйке жолдары мен үлкен ми сыңарлары қыртысын қоса ми орталықтарынан тұрады. Анализаторлардың әрқайсысының көмегімен адамда әр түрлі сезімдер: температура, ауыру, иіс, жарық, дыбыс және т. б. қалыптасады.

Slide 4

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) ; (көне грекше: νάλυσις - жіктелу, талдау) шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар) ; 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.

Slide 5

Анализаторлар

Slide 6

Анализаторларға байланысты бір мезгілде қоршаған дүние құбылыстары мен заттарын егжей-тегжей талдау арқылы әр түрлі сезімнің үздіксіз синтезі жүреді. Сондықтан бізді қоршаған дүниені тұтас қабылдау жүзеге асырылады.

Адамның қабылданатын тітіркендіргіштердің жеке белгілерін ажырата білу қабілетін жаттықтыруға болады. Мысалы, парфюмерия өнеркәсібінде жұмыс істейтін иіс дегустаторлары бар. Солар ғана дәл аспап анықтай алмайтын әр түрлі иістің химиялық құрамындағы шамалы ғана айырмашылықты бағалай алады.

Slide 7

Анализаторлардың жіктелуі

Анализаторлар жұмысына байланысты пайда болатын сезім қабылданатын тітіркендіргіш әрекетінің сипаты, белгісі бойынша бөлінеді:

а) арақашықтыққа (көру, есту, иіс сезу) ;

ә) жанасқанда (тері және дәм сезу сезімталдығы) ;

Slide 8

б) химиялық (иіс сезу, дәм сезу) ;

в) механикалық (есту, сипап-сезу) ;

г) жарық (көру) .

Slide 9

И. П. Павлов анықтағандай, кез келген анализатор негізгі үш: рецепторлар (қабылдаушы буын), жүйке жолдары (өткізгіш буын) және ми орталығы (орталық өңдейтін буын) буынынан тұрады.

Slide 10

Рецепторлы жасушалар

Адам денесінің әрбір бөлігінде рецепторлардың бірнеше түрі бар. Мысалы, ауыз қуысында дәм сезу рецепторларынан басқа ыстық, суық және ауыруды сезу рецепторлары да орналасқан. Сондықтан кәдімгі жағдайда бізде жеке сезімдер емес, сезімдердің тұтас үйлесімі пайда болады. Анализаторлар да бір-бірінен оқшау емес, тығыз өзара әрекетте қызмет етеді. Жеке анализаторлардан жүйке жолдары мидың қатаң түрде белгілі бір орталығына бағытталады. Мысалы, шуйде аймағында - көру анализаторының жоғары бөлімі, ал самай аймағында - есту, төбе аймағында тері бөлімі орналасады.

Slide 11 Slide 12

Анализатор қызметі

Адам дыбысты естігенде, осы дыбыстың физикалық белгілеріне аз мән беретіні белгілі. Мағыналық мазмұны, яғни дыбыс не туралы белгі, хабар, ақпарат беретіні маңызды болып саналады. Бұл сезімталдықтың барлық түріне қатысты. Сонымен, анализаторлар ақпаратты қабылдау және өңдеу процестерін жүзеге асырады.

Slide 13

Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі - торлы қабық.

Slide 17

Сыртқы қабықтың алдынғы болігін қасаң кІабықіі деп атайды. Ол түссіз, мелдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сэулесі сыңцырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр-тын қаптап, нерв қабын түзеді. Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нурлы қабық деп атайды.

Slide 18

Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кдбықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда - ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры кебейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді - көз адаптациясы жүреді.

Slide 19 Slide 20

Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бүршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жүқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы - кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бүршағының пішіні өзғеріп, ол не қабысыл, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен коз қарашығының арасындағы қуысты коздің алдыңгы камерасы, ал қара-шық пен көз бүршағы арасындағы қуысты - көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сүйықпен - шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар - қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, - көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі, деп аталады.

Slide 21

Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін - аккомодация үрдісін, - қамтамасыз етеді. Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар - таяқшалар мен сау-ытшалар орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп атайды. Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар қүрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық жасушалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан калқалайды.

Slide 22

Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті жасушалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшықтан құралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы нәтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сәуле ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап тұрады. Бұл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше шағылдырғыш жарғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген талшықтардан құралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.

Slide 23

Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан құралады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар әлсіз, қарауытқан сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы жіңішке жіпшелерден - фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) жасушаларға беріледі.

Slide 24 Slide 25

Қос өрісті жасушалар туйінді (ганглиозды) жасушалармен жалғасады. Соңғы жасушалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті жасушалар көптеген таяқшалармен байланысады. Әр бір сауытша тек бір ғана қос өрісті жасушамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке- жеке беріледі. Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.

Slide 26

Жарық сезгіш жасушаларда қозу үрдісі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда - йодопсин деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес жоғары молекулалы қосылыстар. Жарық әсерімен родопсин ретинен (А дәрумендерінің альдегиді) және опсин белогына ыдырайды да, өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады, артынан түссізденіп кетеді. Қараңғыда ретинолдың (А дәрумендері) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу үрдісі жүреді. Ретинол жетіспеген жағдайда бұл реакция тежеліп, қараңқыға бейімделу үрдісі бұзылады, ақшам соқырлық байқалады.

Slide 27

Көру рецепторлары аталған пигменттерінің фотохимиялық реакциялары салдарынан қозады. Көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондар торлы қабық рецепторларын тітіркендіріп, көру жүйесінде импульстер пайда болады. Құрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, ол ретинен мен фотопсин белогының қосындысынан түрады. Фотопсин үш турлі болады, сондықтан сауытшалар әр түрлі ұзындықтағы сәулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл) реакция беретін жасушалар болып жіктеледі. Осы үш түрлі сауьггшалардың әр түрлі комбинацияда қозуы нәтижесінде түрлі рең түйсігі пайда болады.

Slide 28

Адам терісі


Ұқсас жұмыстар
Балалардың терісі
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2.Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Қоян және терісі бағалы аңдар
Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар
Былғары шикізатының негізгі түрлері
ТЕРІ ТОПОГРАФИЯСЫ
Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Көмір тасбақасы Египеттік тасбақа
Жібіту үрдісінің орындалуы.Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері.Теріні күлдеу
Үсіктердің емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz