Ақпараттық коммуникация технологиясы және оның құралдары



Ақпараттық коммуникация
технологиясы және оның
құралдары

Ақпараттық -коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз - микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.
АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ДЕГЕНІМІЗ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨП ҚОЛДАНЫСТА ЖҮРГЕН АКТ ҚҰРАЛДАРЫ:
- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.

Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА -ДЕГЕНІМІЗ
Интерактивті - inter (өзара), akt(әрекеттесу) . Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Қазіргі уақытта бастауыш сыныптан бастап білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдар қолданылуда.

Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды модельдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны /яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/ ерекшелеуді шектейді. Бүгінгі күні білім саласында қолданылып жүрген интерактивті тақтаға қысқаша шолу жасайық.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
-Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
-Алған білімді жүйелеу ;
-Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
-Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
-Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Сонымен бірге интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін де атап өтуге болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенінің 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио - және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

Мультимедиа- компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.
Мултимедия-дегеніміз

Мультмедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экрандарында кез-келген қажетті хабарлармен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншіліктер тудырады. Мультмедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты хабарларды эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келетін білім берудің мотивациясын арттырумен және хабарларды өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады.
Оқушыларды сынып - сабақ жүйесі шегінде көптеген оқу пәндеріне оқыту арнайы кабинеттерде өтеді. Оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Сондықтан сынып - сабақ жүйесінің тиімділігін жоғарлату кеңістігі кабинеттерді оқытудың дидактикалық және техникалық құралдармен толықтырумен және сабақ типтері мен олардың модульдерін жүзеге асырумен байланыстырылады. Мультимедиа технологиясы, басқа бір нәрсе сияқты, бұл дидактикалық ізденістің екі бағытын қабылдауға мүмкіндік береді.
Төмендегі кестеде дүстүрлі оқыту мен мультимедиа технологиясы салыстырмалы түрде көрсетілген.

дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т. б. )
телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту
теледидары, DVD-ойнатқыш т. б. ) ;
проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор,
оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор) ;
интерактивті тақта;
ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс,
ризограф) ;
компьютерлік құралдар;
телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік,
оптоволокондық желілер т. б. )
МУЛЬТИМЕДИА ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АППАРАТТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ:
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:


ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІ
ИНТЕРНЕТ - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы
ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC
құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.
Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде
ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бірбірінен ажыратып
жатпайды.

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП (ҚҰРЫЛҒЫ)
Электронды кітап- электронды нұсқада ұсынылған (мысалы электронды кітап) ұсынылған мәтіндік ақпаратты тамашалау мүмкіндігін беретін мамандандырылған ықшам планшетті құрылғылардың топтық-жинақы атауы. Бұдан басқа, әлдеқайда кең мағынасындағы «электронды нұсқадағы кітап оқығыш құрылғысы» деген анықтамасы бар, бірақ бұл анықтама бірқатар құрылғы түріне - ұялы телефоннан бастап дербес компьютерге дейін сай келеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz