Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың жіктелуі




Презентация қосу
Басқару шешімдері
туралы түсінік және
олардың жіктелуі.

Дайындаған:Мажитова Нұрзада Мирболатқызы
Жоспар:

1. Менеджмент үрдісіндегі шешімнің ролі.
2. Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың жіктелуі.
3. Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдері.
1. Басқарудағы шешімнің рөлі

Басқару қызметі үрдісінде шешім қабылдау ең түйінді
мәселе. Шешім қабылдау басқару үрдісінің міңдетті, қажетті
бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім
қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және оңдағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі
басшының дер кезіңде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі
оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы
басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол
өңдірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса,
жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға
түспейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәңде қолданылады.
Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-
әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б. екінші жағдайда –
мәселелер мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге
асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өңдіріс
немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған мәселе болған жағдайда қабылданады. Мәселе
дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының
арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы
және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай
болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету
жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы
және т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан караудың, пайда болған
мәселелерді шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім
алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік
міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның соңылылығы. Күрделі
өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды
ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың
орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек
жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп
атап көрсетеді: «шектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да,
шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге
болады».
Басқару шешімінің манызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім
ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей
орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық
шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.
2. Басқару шешімдері туралы
түсінік және олардың жіктелуі
Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және тәжірибелік мәні зор.
Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілігін жүйелеу,
реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді. Басқару субъектісі бойынша
шешімдерді былайша бөлуге болады: әкімшілік шешімі, қоғамдық ұйымдар
шешімі және т.б.
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі
және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың
мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе
басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша
шешімді сыртқы және ішкі деп
бөледі.
Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің
ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы
ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық
өнімдерін өңдейтін кәсіпорыңдармен қарым-қатынасын
қарастырады. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның
өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді:
перспективалық, күнделікті (ағымдағы) және
жедел деп бөледі.
Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам)
керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың
әлеуметтік-мәдени жоспарлары және т.б. перспективалық шешімге жатады.
Мұңдай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай
ресурстарды қамтиды.
Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан,
перспективалық жоспарларда көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады.
Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге
асырылады.
Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей,
алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

Жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген
адамдармен келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған
шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім
немесе өндірісті дамытудың принципті мәселелерын қозғамайтын шешім.
Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін.
Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың орталықтану
деңгейіне қарай айқындалады.
Алқалы шешім – бұл мамаңдар тобымен және тиісті басшылармен
(алка, кенес т.б.) бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай
шешімге әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер
қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей
жауапкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.
Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында
карастырылып, сонда қабылданады.
3. Шешімдерді қабылдау мен
жүзеге асыру кезеңдері
Басқаруда, сондай-ақ адамдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді,
тәжірибені, теориялық білімді тәжірибелік мақсатта қолдана білу істің
ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда
және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.
Шешім қабылдау үрдісінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе
тиімді сипаты болады. Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын
сезуге ңегізделген таңдау. Мұндайда шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын
сезуге негізделген тандау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама
варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны
адамның өз тандауы біледі.
Пайымдауга негізделген шешім – бұл білімге ңемесе жинақталған
тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп,
нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін
пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды
таңдайды. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі
қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.
Шешімді жасау үрдісі үш негізгі кезеңнен тұрады:
шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде
басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау
кезендерінің үлгі схемасы келтірілген.
Шешімдер варианттарын
(баламаларын) тұжырымдау.
Шешімдер варианттары санының (баламаларының) болуы мәселелерді
шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бір вариантты ғана
ойластырып кою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай
жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын
ала сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте,
міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті
алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол
үшін осыған ұқсас міндетті шешкен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану
қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық
тәсіл деп аталатындығы да қолданады.
Шешімнің қолайлы
вариантын (баламасын)
таңдау.бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты
Шешім варианттарының
жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі
варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет.
Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын
варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын
вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау
жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін
әрбір вариантты мұқият ойластыру кажет.
Шешім варианттарын
ойластыру дегеніміз не?
Біріншіден, бұл шешімнің барлық құрамдас бөлігін, әсіресе, мақсаты мен
міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдайды.
Екіншіден, қойылған мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы мен амалы,
сондықтан қолда бар еңбек, материалдық, қаржы және басқадай ресурстар,
ғылыми идеялар, жаңалықтар, өнертабыстары зерттеледі, әсіресе, уақыт
факторы ескеріледі.
Үшіншіден, басқарушы және басқарылатын жүйелердің. әсіресе осы
шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттестік
пен үйлесімді ойластырады.
Төртіншіден, әр вариант бойынша іс-әрекет нәтижесінің мүмкіндігі
бағаланады.
Қызмет көрсету тәсілі:
Секцияға қатысушылар мәселелерді шешудің ұсынылған варианттарын
талқылайды, «жақтаушылар» мен «қарсылық» білдірушілердің пікірін таразылап,
ең қолайлысын таңдауға тырысады.
Артықшылығы: әр алуан ой-пікірлер мәселелерді неғұрлым терең түсінуге
ықпал етеді.
Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы бірдей мәселені жете
түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуте өз үлестерін
қоса алмауы мүмкін.
Пікір жинау тәсілі.

Мәселе жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге
қойылған мәселелер тұтастай хабарланып, солардың қызмет
бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс
енгізуді тапсырады.
Артықшылығы: эксперттер қолайлы жағдайды міндетті
шешумен шұғылдана алады.
Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, мәселені шешу көзқарасы
субъективті.
«Дельфа» тәсілі» (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін
дельфийлік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі
бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін
бағалауы, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.
Артықшылығы: мәселелерді шешуге мамандар мен эксперттерді, соның
ішінде басқа ұйымның кеңесшілерін тартуға болатындығы.
Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта
болады.
Морфологиялық тәсіл
(элементтер бойынша
талдау).
Мәселелер көптеген міндеттер мен мәселелерге (элементтерге)
жіктеледі. Әрбір шешімдер белгіленеді, осыдан кейін олар
салыстырылады. Содан кейін шешім таңдап алынады да,
тұтастай мәселені шешу үшін жинақталады.
Артықшылығы: мәселе мәнін терең түсінуге және ұғынуға
мүмкіндік береді.
Кемшілігі: шешілетін мәселе аясының тым тарлығы.
Әдебиеттер

Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент
[Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын
тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017
Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы
[Электронный ресурс],2018.
Козлов В.В. Психология управления :
Учебник,2013
Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-
кітап,2015
Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу
құралы,2016.

Ұқсас жұмыстар
Менеджменттегі басқару шешімдері
Жер серігінің айналмалы қозғалысын басқару
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Менеджменттің дамуы
Менеджмент туралы
Шешім қабылдау психологиясы
Жемқорлық туралы түсінік
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Пәндер