Әлеуметтану теориялары
Презентация қосу
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
«Әлеуметтану теориялары»
Орындаған: Булатова.А
Қабылдаған: профессор Орынбекова.Д
Әлеуметтану ғылыми білімнің
дара саласы ретінде біршама кеш
қалыптасты. Оның негізін 19
ғасырдың екінші жартысында
Огюст Конт пен Герберт Спенсер
қалады. «Әлеуметтану» түсінігі
алғаш рет француз философы әрі
социологы О.Контпен
Огюст Конт қолданылды.
• Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция
қалыптасты:
• Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың
әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік
институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология
қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік
ағза ретінде қарастырады.
• Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның
әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.
•
ХХ ғасырда социологиялық
бағыттар үшке бөлінді:
функционалд
ылық
қақтығыстық
Символикалық
интеракционизм
Функционалдық бағыт
• Р.Мертон (1912 ж. туған). Қоғам түгелімен және оның жеке
бөліктері олардың қызметтері (функция) арқылы бекітілген
тығыз өзара байланысқа ие. Функционалистер қоғамды көптеген
бөліктерден тұратын организм ретінде қарастырады. Әрбір бөлік
өз қызметін атқарады, әрі олардың арасында айырмашылық көп
болған сайын бір бөліктің екіншісін ауыстыруы қиындай түседі.
• Г.Спенсер функционализм негізін қалады, ал Э.Дюркгейм оны
әрі қарай дамытты.
• Р.Мертон (1912 ж. туған). Қоғам түгелімен және оның жеке бөліктері олардың қызметтері
(функция) арқылы бекітілген тығыз өзара байланысқа ие. Функционалистер қоғамды көптеген
бөліктерден тұратын организм ретінде қарастырады. Әрбір бөлік өз қызметін атқарады, әрі
олардың арасында айырмашылық көп болған сайын бір бөліктің екіншісін ауыстыруы қиындай
түседі.
• Г.Спенсер функционализм негізін қалады, ал Э.Дюркгейм оны әрі қарай дамытты.
• Қазіргі функционалистер Т.Парсонс, Р.Мертон, К.Дэвис осылардың ізбасарлары. Олардың негізгі
еңбегі қоғам бөліктерін анықтау, қоғамдық қызметтердің керекті және керексіздерін бөліп
көрсету, қоғамның органикалық біртұтас болып табылатын ұйымдасу ретін анықтауда. Қазіргі
функционализмнің теоретикалық шеңберін анықтайтын бас пункт: 1) Қоғам-бұл біртұтас болып
біріктірілген бөліктер жүйесі. 2) Қоғамдық жүйелер өз тұрақтылығын құқық қорғау органдары мен
сот сияқты ішкі бақылау механизмдерінің арқасында сақтайды. 3) Қоғамға тұрақсыздық әкелетін
қызметтер (дисфункция) болады, бірақ олар өз-өздерін жояды және ақыр соңында қоғамнан
кетеді. Мыс. 60 ж. американ қоғамына радикалдар мен хиппи көп жаңалық әкелді: қоршаған орта
проблемасына жаңа көзқарас, жоғары билікке сенімсіздік, ерлер мен әйелдердің анағұрлым ашық
киім стилі және т.б., бірақ бүгінде оларды истеблишмент жұтып қойды. 4) Өзгерістер әдетте
революциялық емес бірте-бірте жаңару мінезінде болады. 5) Әлеуметтік ынтымақтастық
(интеграция) немесе қоғамның берік екендігін сезіну елдің көптеген азаматтарының
құндылықтардың біртұтас жүйесіне табынуы негізінде құрылады. Бұл біртұтас құндылықтар
жүйесі қоғамдық жүйе үшін тіреу болып табылады.
Қақтығыстық парадигма
• Конфликтология теориясы, таптық жанжал қоғам өзегінің өзінде деп есептеген К.Маркс
еңбектерінің негізінде пайда болды. Таптық жанжал себебі мынада, адамдар экономикалық
жүйедегі жағдайына байланысты әртүрлі топтарға бөлінген.
• К.Маркс пікірінше таптық күрес көптеген саяси жанжалдар көзі болып табылады. К.Маркс
теориясына сәйкес таптық жанжал тарихтың қозғаушы күші болып табылады.
• Қазіргі уақытта конфликт теорияларының әртүрлі варианттары ұсынылды. Қазіргі теориялар
ішіндегі ең мәндісі неміс социолог-ғалымы Р.Дарендорф теориясы. Ол К.Маркстің «қоғамдағы
негізгі жанжалдасушы таптар – экономикалық белгісіне байланысты ұйымдасқан таптар»,-
деген пікірін жоққа шығарады. Р.Дарендорфтың ойынша әлеуметтік жанжалдың ең басты
себебі бір адамдардың басқалар үстінен билікке ие болуы. Негізгі жанжал билік иелері мен
одан тыс қалғандар, бірақ билік иеленуге әбден мүмкіндігі барлар арасында пайда болады.
Символикалық
интеракционизм
• Жеке тұлғалар әлеуметтік өзара әрекет мәнін түсінуге ұмтылады. Әлеуметтік мәндер әрқашан өзгеріп,
тербеліп тұрады.
• Әлеуметтік актіні (мінез-құлық көрінісі) түсіндіру үшін, осы актіні іске асырушылар мінез-құлқының мәнін
түсіну қажет.
• Символдық интеракционизм теориясының өткен ғасырдағы ең ықпалды
• зерттеушісі Джордж Герберт Мид болды. Мид өзім деген ұғым «мен» және
• «мені» деп аталатын екі компоненттен тұрады деп есептеді. Мид мен сөзі
• «өзім» ұғымның өздігінен болатын бөлігін, жасампаз бөлігін білдіреді, ал мені
• сөзі өзгелердің пайымдауын растайтын өзгелік бөлікті білдіреді деп
• сипаттайды.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz