1921-1922 жылдардағы қазақ халқының ашаршылығы: себептері мен салдары


Slide 1

«Азаматтық және ашаршылық қозғалыс» Орындаған: Мұратбай Нұрдаулет Қабылдаған: Айнұр Жақыпқызы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Slide 2

Қазақ тарихының 1921-22 жж ашаршылық көріністері

Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы - 1921/22 жылы болған ашаршылық. Оның басты екі себебі бар: алғашқысы - Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты),

Екіншісі - табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт.

Slide 3

1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды

Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.

Slide 4 Slide 5

Жұқпалы аурудың тарауы

Сол жылдары сүзек, тырысқақ, оба, дінгене секілді жұқпалы аурулар тарай бастады. Бұл дертке шалдыққандар республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Ашаршылық, эпидемия, ауруханада орынның жетіспеуі өлім санын одан әрі көбейтті. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ке жуығы көз жұмды.

Slide 6 Slide 7

Бесеудің хаты - қазақ зиялыларының БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде) . Бастапқыда И. В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды.

Бұл 1929-1933 жылдардағы ашарщылықта жазылған өткір хат. Оның себебі - Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа.

Slide 8

1921-1922 жылдардағы аштықтан қазақтың отбасы тұтастай қырылды. Аман қалғандары босып шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы ашаршылық ұлт зиялыларын бей-жай қалдырмады. Барлығы қолынан келгенше халықтың аман қалуын тілеп, жоғары үкімет орындарына, Орталық үкіметке хат жолдап, көмек сұрады. Өздері елді аралап, ашыққандарға арналған асханалар ашу, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бар күштерін жұмылдырды.

Slide 9

Қазақ халқы осындай ауыр кезеңдерді бастан өткерген дана, қайсар халық. Халық үшін қам жеп, өмірлерін қиып, бостандықтарынан айырылған ұлт зиялыларының арқасында бұл күндер де артта қалды. Қазір біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ашаршылықтар: 1921-1922 және 1930-1933 жылдардағы себептері мен салдары
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтар: себептері, салдары және қарсылықтары
1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық: себептері, статистикасы және көмек көрсету шаралары
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін: себептері, салдары және құрбандарды еске алу
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1924): белгілері, жер реформасы мен 1921-1922 жж. ашаршылықтың салдары
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: себептері, демографиялық шығындары және репрессиялық саясат
1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық: құжаттар, статистика және салдары
1921-1922 жылғы Қазақстандағы ашаршылық: таралуы, себептері мен күрес шаралары
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925): 1921-1922 жылғы аштық, қабылданған шаралар және экономикалық салдары
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы: әлеуметтік-экономикалық және мәдени салдары (1922-1945)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz