Өлшегіш құралдан


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Гигиена-2 кафедрасы

Орындаған: Үсенбаев Н.

Тобы: 501 ДЕІ

Қабылдаған: Затыбекова М. О.

Физикалық факторларды зерттеу кезінде қолданылатын құралдардың жұмыс істеу принципі және олардың түзілуі (шумомер, вибромер, дозиметр-радиометр және т. б) .

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

Физикалық факторларды зерттеу кезінде қолданылатын құралдар және жұмыс істеу принциптері

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде. Айнымалы физикалық өрiстiң әсері болатын серпiмдi денелерде пайда болатын аз механикалық тербелiстер дiрiлдеу деп аталады. Дiрiлдеулерге, ең алдымен, дыбысты жатқызуға болады. Серпiмдi орталардың естiлмейтiн тербелiстерi де, естiлетiндері де акустикалық тербелiстердi қамтиды.

Slide 4

Дыбыс тербелiстерi - бұл 16Гц - пен 20кГц аралығындағы тербелiстер. 16Гц-тен төмен жиiлiктегі тербелістер - инфра дыбыс, 20кГц-тен жоғары тербелістер - ультрадыбыс деп аталады.

Slide 5

Конструктивті діріл өлшегіш құрал:

Капсюльден;

Дірілді түзгіштен;

Дірілді түзгіш эквиваленттен;

Өлшегіш құралдан;

Қоректендіру көзінен;

Экраннан;

Тұйықтағыштан;

Қосқыш кабельден тұрады.

Slide 6

Жұмыс істеу принциптері:

Өлшеу тетіктерін төмендегі жағдайға келтіру қажет.

Род работы - Ғ;

ДЛТ2, dB - 80;

ДЛТ2, dB - 50;

ФЛТ, Нz - ЛИН;

Барлық түймелер басылып тұруы тиіс. Бұл жағдайда ВО d В индикаторы жанады. Бөлмеде дыбыс деңгейін өлшеу барысында ВПМ-101 күшейткіші капсюлімен еденнен кем дегенде 1, 5м биіктікте, ал діріл көзі мен қабырғадан 1м қашықтықта болғаны жөн.

Slide 7

Шу - әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық емес дыбыстардың жиынтығымен анықталады. Адамдарды қоршаған шулар әртүрлi қарқында болатындығын білеміз, мысалы: сөйлеу тiлi - (децибел) 50-60Дб; серена - 100Дб; жеңiл автомобильдiң қозғаушысының шуы - 80Дб; қатты музыка - 70Дб; кәдiмгi пәтердегi шу - 30-40Дб.

Slide 8

Шу адамның организміне, оның физиологиялық белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі мөлшердегі әсерлердің жинақ күші адам организмінде түрлі ауытқушылықтарды шақыра алады, алдымен адамның дыбысты қабылдау қабілетінің төмендетуiне, кереңдiкке алып келуі мүмкін. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке - психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасының бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клеткаларының дегенерациялануына əкеп соғады.

Slide 9

Шу өлшегіш құрал:

- капсюльден,

- микрофонды капсюль эквивалентінен,

- микрофон дыбысын ұлғайтқыштан,

- өлшеу құралынан,

- қоректендіру көзінен,

- экраннан,

- тұйықтағыштан,

-қосқыш кабельдерден тұрады.

Slide 10

Жұмыс істеу принциптері:

Өлшеу тетіктерін төмендегі жағдайға келтіру қажет.

Род работы - Ғ;

ДЛТ2, dB - 80;

ДЛТ2, dB - 50;

ФЛТ, Нz - ЛИН;

Барлық түймелер басылып тұруы тиіс. Бұл жағдайда ВО d В индикаторы жанады. Бөлмеде дыбыс деңгейін өлшеу барысында ВПМ-101 күшейткіші капсюлімен еденнен кем дегенде 1, 5м биіктікте, ал дыбыс көзі мен қабырғадан 1м қашықтықта болғаны жөн.

Slide 11

Қазірде электромагниттi өрiстердегі ионданбайтын сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған экологиясында өте көкейкестi сұрақтардың біріне айналды, әсіресе бұл жерде қазiргi тұрмыстық техника, ұялы телефондар, плеер, компьютер сияқты құралдардың әлсiз және аса әлсiз электромагниттік өрістерді шығаратындығын ескеру қажет. Қазіргі қолданыста жүрген тұрмыстық техниканың шығаратын әлсіз ЭМ тербелістерінің қоршаған ортаға, сау адамға, оның организміне ұзақ әсерiн анықтаудың сенiмдi құралдары жоққа тән.

Slide 12

Фондық электромагниттік өрістер. Электромагниттi өрiс деп ұзақ уақыт бойы тірі және тiрi емес объектілерге әсер ететiн жасанды және табиғи сипаттағы ионданбайтын сәуле шығаруды айтады. Табиғатта табиғи сипаттағы электромагниттік өрiстер бар.

ТД және радиохабар. Радиотолқындар басқа электромагниттік өріс толқындарымен салыстырғанда аса жоғары қуатты, ұзақ уақыт бойы үздiксiз ағымда жұмыс iстеу үшiн арналған. Радио және телестанцияның негiзгi міндеті қоршаған кеңiстiкке ЭМ өріс толқындарын тиiмдi шығару болып табылады, сондықтан да оны қоршаған ортаға және адамдарға қолайсыз әсер етуші бастапқы фактор ретінде қарау керек.

Slide 13

Электростатикалық өріс өлшегіш

қоректендіру блогынан,

экраннан,

қосып-өшіретін тетіктерден (Вкл/Выкл),

қуаттандырушы құрылғыдан,

модулятордан тұрады.

Slide 14

Электростатикалық өріс өлшегіштің жұмыс істеу тәртібі.

Құралды тоқ көзіне қосып, «1» жағдайынан соң, сұйық кристалды дисплейде

St - 01

Rady

00:00:00

Жазу қысқа уақыттағы дыбыс белгісімен беріледі. Төменгі қатарда құралдың жұмыс істеу уақыты көрсетіледі. Сонан соң құрал автоматты түрде жұмыс тәртібіне еніп, келесі команданы күтеді. Жұмыс тәртібі беткі панельдегі 1-9 тетіктерінің біреуін басу арқылы іске асырылады. Құралды тоқтату үшін ол тетіктерді екінші рет басу қажет.

Slide 15

Электрлік және магниттік өріс өлшегіш қабылдағыш

Антеннадан тұрады (АП) . Беткі жағында басқару панелі мен сұйықкристалды индикатор орналасқан. Артқы жағында ҚА қосуға арналған жері бар. Қарсы бетінде қоректендіру тетіктеріне арналған бұрыштары бар. Қоректендіру қақпағын ажыратуға арналған ілгегі болады. Қақпағын ашу үшін ілгекті ашқышты қолданады. Басқару панелінде:

Ауыстырғыш ӨШІРУ/КОНТ/ӨЗГЕРТУ тетіктері;

Ауыстырғыш 200/2000 тетіктері орналасқан.

Slide 16

Электрлік және магниттік өріс өлшегіштің жұмыс істеу тәртібі.


Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ
RIsC/CISC микропроцессоры
Ультрадыбыстық деңгей өлшегіш
Арақашықтықтарды өлшеу
Бунзен колбасы
Есептеуіш құрылғыларда бұрама - гайка жұбын пайдалану
ЭКСТРУЗИЯ ӘДІСІ
Шығын өлшегіштер
Шеңберлі орман матеиалдары. Орман материалдарының класификациясы
Микропроцессорлық аспаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz