Әлеуметтанулық зерттеулер
Презентация қосу
Әлеуметтанулық зерттеулер
Орындаған: Төреәділ М.
Тобы: ЭЭК-011
Қабылдаған: Қаныбекова К.
Жоспар:
• Жалпы анықтамалар
• Әлеуметтік зерттеу әдістері
• Әлеуметтік зерттеулерді жіктеу
• Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
• Іріктеу жиынтығы
• Сипатты есептеу
• Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
Жалпы анықтамалар:
• Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін
зерттеуге негізделеді.
• Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін
құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық,
әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың
логикалық кезеңдік жүйесі.
• Әлеуметтік зертттеулер — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе
ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды
жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене
жүргізілетін зерттеу түрі.
• Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік
проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім
алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.
• Гипотеза дегеніміз - теория дұрыс болған жағдайда шығатын
қорытынды жайлы тұжырым.
Методология (гректің methodos – таным тәсілі немесе
әрекет тәсілі; және гректің logos - ұғым; ой, зерде)
• 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім;
• 2) нақты ғылым саласында қолданылатын әдістер жиынтығы.
Социологиялық зерттеу кезеңдерінің
көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:
• 1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
– Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну,
ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);
– Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
• 2кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
– сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық
мәселелерін шешу және т.б.);
– сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).
• 3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
– алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды
енгізу);
– сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;
• 4кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
– Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер,
диаграммалар жасау және т.б.);
– Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);
– Зерттеудің соңғы есебін дайындау;
– Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;
Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
Бағдарлама – эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты.
Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте
оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:
• 1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
• 2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
• 3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық
түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
• 4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
• 5. Зерттеу жоспарлары.
• 6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
• 7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін
сипаттау.
Іріктеу жиынтығы
Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын
мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.
Жиынтық – оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын
оқиғалардың кез келген тобы .
Іріктеу – талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы. Жалпы жиынтық –
талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық
туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің
(жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын
республиканың барлық кәмелетке толған халқы
құрайды. Мысал:»N» қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың
жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы
болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B - халықтың
жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 -35 000 = 65000. Сонымен, жалпы
жиынтық 65 000 адам құрайды.
Іріктеу жиынтығы – дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны.
Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін
негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.
Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі – бағдарламаның мақсатымен
анықталады.
Іріктеу көлемі – бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі
репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.
Сипатты есептеу
Іріктеудің сипаттылығы – бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің)
жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі. Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына
формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы
жиынтықтағы зерттелетін белгінің
үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65
адам құрайды.
Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен,
біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект («N» қаласының кәмелетке толған
халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың
қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам)
шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда
зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).
Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді
ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе
қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы)
айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу
жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі
мақсатқа лайықты емес, өйткені ол «қайталанған» респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал
қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.
Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы,
білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі)
бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық
элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда
қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал
олардың жеке сандық мағыналары – квота өлшемдері ретінде алға шығады.
Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің
сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.
Мысал:»N» қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша
зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы,
білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді.
Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі
(статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.
Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің
құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі
құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz