ҰЖЫМДЫҚ БУХГАЛТЕРЛІК



Ұжымдық бухгалтерлік баланс
Орындаған:Алдангорова Арайлым менеджмент 3 курс
Қабылдаған:Файзуллина. С. А

Жоспары:
Баланс түсінігі және оның негізгі түрлері
Бухгалтерлік баланс құрлымы
Бухгалтерлік баланс жікелуі:

Бухгалтерлік баланс
Бухгалтерлік баланс (французша balanсе - таразы) - шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін Бухгалтерлік баланстың сол жағы(актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы(пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Баланс дегеніміз-бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі.

Бухгалтерлік баланс актив пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу бойынша немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін. Шаруашылық субъектісі өз балансының құрылу формасы өзі таңдап ала алады. Актвтегі немесе пассивтегі ресурстардың әр бір элементі баланс статьялары («баптары» деп аударылмайды!) деп аталады. Балансты оқу немесе талдау үшін баланс активті мен пассиві бөлімдерге біріккен жеке статьяларға бөлінеді. Баланс статьяларының орындары белгілі бір принциптерге бағынады. Баланс статьяларының топтасуын негізінен әралуан ресурстар түрлерінің сипаты мен экономикалық талдау мен аудит талаптары белгілейді. Активтер өздерінің өтімділік дәрежесіне қарай неғұрлым төмен өтімділікті неғұрлым жоғарысына қарай орналасады. Пассивтер міндеттемелердің жеделділіктен неғұрлым жоғары жеделділікке қарай орналасады. Сөйтіп, белгілі бір мезгілде қаржы ресурстарының кез келген түрі қайсы бір құн ауқымы мен саипатталады. Осындай барлық құн ауқымдарының жиынтығы сол ресурстардың жағдайын көрсетеді, оның ақпараттық моделі болып табылады. Ақпараттық модель, (үлгі) қаржы ресурстарының жағдайы бухгалтерлік баланс болып табылады.

Баланс кұрлымы
Бухгалтерлік баланстың актив бөлімдері
Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімдері
ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері; жинақталған тозуы, аяқтамлмаған күрделі құрылыс; Қысқа мерзімді активтер. Ашылуға тиіс мына баптарды қамтиды: өңдеу өткізу мерзіміне тәуелсіз түрде тауарлық - материалдық қорлар; бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін алдағы кезең шығындары; ақша қаражаттары; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар: бір жыл ішінде алынатын дебиторлық қарыз; ағымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер; алынуға тиісті шоттар
- меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал, қосымша төленбеген капитал ( нег. құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян) . - ұзақ мерзімді міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған салықтар. - қысқа мерзімді міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиісті шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады.

Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады. Бухгалтерлік баланс - қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т. б. түрлері болады.

Балансты жасау
Актив те, баланстық міндеттемелер екі жолдардың белгілі бір тізбегінен тұрады, олардың әрқайсысы Қоғамның қаржылық жағдайының белгілі бір индикаторына қатысты ақпаратпен толтырылады.
Баланстық бөлімдерді дұрыс толтырудың негізгі шарты ретінде сіз нақты индикатордың және оған кіретін жолдың дәл сәйкестігін анықтай аласыз. Сондай-ақ кәсіпорын белгілеген барлық жолдарда қолма-қол ақша болуы керек. Егер нөлдік сома нөлдік сома болған болса, сіз осы мақалаға қатысты түсініктемелерді баланста ұсынуыңыз керек. Теңгерімді бөлімдерді көрсететін соңғы көрсеткіштер бірдей мәндер болуы керек. Бұл жағдайда өте қарапайым логика қолданылады: «Активтер» кәсіпорынды көрсететін ресурстық базаны көрсетеді, оның ішінде кәсіпорын бар, ал «міндеттемелер» көрсетілген мөлшерде бұл мүліктің қалай алынғанын түсіндіреді.

Құру уақыты бойынша:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz