ИБН РУШД МУХАММЕД АХМЕД ЯССАУИ




Презентация қосу
АРАБ-
МҰСЫЛМАН
ФИЛОСОФИЯСЫ
АРАБ-МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ

Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде
сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар
дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб
философиясының пайда болуы мутализиттердің
(«оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің –
ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-
жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы
мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті
оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен
аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану
ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің
философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне
баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол
кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль — Кинди
шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.
АЛЬ — КИНДИ
Аль — Кинди (800 — 870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі
әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль —
Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік
байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты
ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл
ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын
ұстанушылар Аль — Киндиге күпірлікпен қарады. Аль — Киндидің
көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.

Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль — Фараби мен Ибн
Синаның есімімен байланысты. Аль — Киндиге қарама — қарсы түрде
бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің
арқасында қажетті ақиқат» деді олар.
АЛЬ — КИНДИ
ӘЛ-ФАРАБИ ӘБУ НӘСІР
МУХАММЕД ИБН
ТАРХАН
Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы
Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) –
Шығыс философы, ғалым — энциклопедист, шығыс аристотелизмінің
аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып
жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан
шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар»,
«Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік — эстетикалық
трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл — Фарабидің
қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие
бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі
мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек
қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық
атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген
тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн —
Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына
ықпал етті.
ӘЛ-ФАРАБИ ӘБУ НӘСІР
МУХАММЕД ИБН
ТАРХАН
ИБН РУШД МУХАММЕД
Ибн Рушд Мухаммед (1126 — 1198 ж.ж.) — Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген
ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару»,
«Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам
дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын
дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн
Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні —
философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар
философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де
теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты — философияны діннің
шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру.

Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық
философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл — парасаттың нанымнан
артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен
айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін
көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан
айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн — Рушдтың ілімі
ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
ИБН РУШД МУХАММЕД
АХМЕД ЯССАУИ
Ахмед Яссауи (шамамен 1093 – 1166 — 67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы,
Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның
есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің
мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа
бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты
сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра
болып табылады.

Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық
күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу)
түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ
(Құдай) жолына арнайды.

Ортағасырлардағы мұсылмандардың философиялық және эстетикалық идеялары
европалық ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасына елеулі ықпал етті.
АХМЕД ЯССАУИ

Ұқсас жұмыстар
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРАБ - МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәлсапаның атасы
Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ
АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ
Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия
Ортағасырлық философияда
Ақиқат сыйы
Араб философиясының кезеңдері
Араб мұсылман философиясы
Батыс - араб философы
Пәндер