Құжат ұғымының тарихы және Қазақстандағы іс қағаздарын жүргізудің эволюциясы


Slide 1

Тақырыбы: Құжаттар тарихы

Құжат (лат. documentum - куәлік, дәлелдеу)

Slide 2

Құжаттың пайда болу тарихы мен эволюциясына көз жүгіртіп көрейік

«Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.

Slide 3

Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17- ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген Жарлық шығарған. ХІХ ғасырда құжаттың басқару ісіндегі мәніне деген жаңа көзқарас пайда болды. Нысан бойынша белгіленіп, басқару процесін жүргізуге арналған ақпарат құжат деп саналды.

Slide 4

Төңкеріске дейінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Бөкей хандығында іс қағаздарын жүргізетін кеңсе болғандығы мәлім. Жәңгір хан ұйымдастырған бұл арнайы кеңсе екі бөлімшеден тұратын. Біріншісі ханның өз қол астындағы сұлтандармен, екіншісі - ресейлік шенеуніктермен қызметтік байланыстарын түркі-шағатай және орыс тілдерінде әзірленетін іс қағаздары арқылы жүргізіп отырды.

Slide 5

Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да сақталған. Мәселен, С. И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде «құжат» ұғымына үш түрлі мәнде түсінік беріледі:

Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы.

Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т. с. с. ) .

Жазбаша куәлік.

Slide 6

1879 жылы сұлтан Бажақ Қасымов Ішкі орданы басқаратын Уақытша кеңес арқылы, Орынбор шекаралық комиссиясынан шекаралық паспорт жасатып, 1880 жылы шариғат заңы бойынша Мекке мен Мединеге қажылыққа барып қайтады

Slide 7

Төмендегі суретте архивтен алынған оның шекаралық паспорты :

Slide 8 Slide 9

Біз ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге қатысты құжаттарды сараптай келе, төмендегідей тұжырымдар жасадық:

қазақ ісқағаздарын жүргізу ісі қазақ халқының патшалықРесей империясымен саяси қарым-қатынасының белсенді түрде дамуынан басталып, мемлекеттік басқару аппаратының қалыптасуымен бірге ісқағаздарын жүргізу жүйеретінде қалыптасты;

- Кеңес одағы құрылған алғашқы жылдары қабылданған құжаттар орыстіліндегі ісқағаздарын ғана емес, Кеңес өкіметінің құрамындағы басқа республикалардың, әсіресе қазақ ісқағаздарын жүргізу ісіне де ықпал етті;

- Кеңес одағы құрылған алғашқы жылдары (20-30-жылдар) қабылданған құжаттарда ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселелері одақтық және республикалық деңгейде көтеріліп, оларда осы бағыттағы әртүрлі шаралар көзделді (курстар ашу; қазақ тіліндегі жобасы ұсынылмаған құжаттарды қараусызкейін қайтару; қазақ тілінде сөйлей және жаза алмайтын және жаңадан ашылған лауазымдарда қазақ тілінде жұмыс атқара алмайтындарды қысқарту, жұмыстан босатужәне т. б) ;

Slide 10

Назарларыңызға Рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Құжат айналымы және іс қағаздарын жүргізудің ұйымдастырылуы мен сақтау тәртібі
Қазақстандағы іс қағаздарын жүргізудің нормативтік негіздері мен рәсімдеу ережелері
Қазақстандағы іс-қағаздарды жүргізудің ұғымы, функциялары және жіктелуі
Іс-қағаздарды жүргізудің ұғымы, функциялары мен нормативтік негіздері
Еңбек қорғау нұсқауларын ұйымдастыру және іс қағаздарын жүргізу тәртібі
Іс қағаздарын жүргізу жүйесіндегі жеке құрам бойынша құжаттардың түрлері мен құрастыру ерекшеліктері
Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру: жеке құрам бойынша құжаттар - өмірбаян, түйіндеме және өтініш
Нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізудің тәртібі, мерзімі және тіркеу негіздері
Материя ұғымының тарихы, негізгі қасиеттері және қозғалыс түрлері
Логарифмдер: тарихы, таблицалардың эволюциясы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz