ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІ ФЕОДАЛДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР


Slide 1

203-топ

ТАҚЫРЫБЫ:

Саяси ойлардың Қазақстандағы дамуы, саяси ойшылдар

Орындағандар:

Жанболат Гүлжанар, Төрекелді Айхан

Науатбек Аяжан, Атантай Мариям

Мамекова Айсұлу, Қойшығали Асылжан

Нұрланқызы Аружан, Тайкен Малика.

Slide 2

XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақ елі феодалдық қоғамдық қатынастар дәуіріде болғаны бәрмізге белгілі. Бірінші жағынан, қазақ халқы, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор езгісінде және қанауында болды. Еңбекші халықтың жағдайы өте нашар болды, оған себеп - Патша Үкіметі мен жергілікті феодалдар бұхара халықты сан-алуан ауыр салықтарды төлеуге межбүр етті. Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша шолу жасайық.

Slide 3

Әбу Насыр Әл-Фараби

Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар

Slide 4 Slide 5

Әл-фараби басқаруды

Slide 6

Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни

Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері болған. Негізгі еңбегі “Құтадғу білік” (Құтты білік)

Slide 7

Құтты білік

“Құтадғу білікте” мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен ролі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы және т. с. с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.

Slide 8

Махмұд Қашқари

Махмұд Қашқари ( 1029-1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.

Slide 9

Диуани лұғат-ат-түрік

Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.

“Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы) ” еңбегінің негізгі идеясы әскери, табиғат, адамгершілік, махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады.

Slide 10

Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.

Жеті Жарғы

Slide 11

Шоқан Уалиханов

ШоқанУалиханов (1835-1865) - Қазақтың белгілі ойшысы. Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүддесі деп білді.

Slide 12

Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.

Slide 13

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз. Халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.

Slide 14

Абай Құнанбаев (1845-1904)

Қазақ даласының ғұлама ойшылы . Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.

Slide 15

Қорытынды

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары алдыңғы дәуір дәстүрлерін жалғастыра отырып, өз еңбектерінде азаматтыққа, тәуелсіздікке деген сенімді және мемлекеттілік қалыптасқанға дейін бостандыққа ұмтылысты жырлады - М. Дулатов "Оян қазақ", М. Жұмабаев "Аспан", "мен кіммін?", "Тез жүремін", А. Байтұрсыновтың "Қазақтың арманы", "Дені саудың - жаны сау", "қазақ тілін үйрену туралы", сондай-ақ Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Шоқаев, ж. Аймауытов сөз сөйледі.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқынын қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
Жер қатынастарының даму кезеңдері
Көшпелілер өркениетін зерттеу
Үндістан
Қоғам дамуының сатылары
Нұр - Сұлтан қаласы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ
Марксизм
Мэйдзи реформалары
Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік - саяси көзқарастар жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz